Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


тақырып. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея



бет13/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

5 тақырып.
Қазақ поэзиясы және ұлттық идея
Тәуелсіздік тұсында ұлттық поэзия соны сипат алды. Әдебиеттің жетекші жанры қоғам ө міріндегі жаналық-жетістіктерді, әр алуан тақырыптарды бар қырынан көрсетті. Адам өмірі мен еңбегі көркем де келісті жырланды. Қоғамдық құбылыстар, кезеңдік көріністер ел ө міріндегі өзгерістермен сабақтастықта суреттелінді. Көркемдікке ден қойылды.
Қазақ поэзиясының жаңа кезеңі. Ондағы тақырыптық, көркемдк ізденістер. Ұлттық идея мұраты. Өлең өрнегі, сыр-сезім.
Қазақ жырын биік белеске көтерген – Ә. Тәжібаев, Т. Әбдірахманова, Е.Әукебаев, М. Ә лімбай, К. Салықов, Т. Молдағалиев, Қ. Мырза-Әли, О.Сүлейменов, М. Шаханов т.б. ұлт руханиятына, әдебиет пен өнер мұратына қатысты ізденіс, көзқарастары.
Поэзияда сыр-сезімге үні мен мұңын қосқандар – Қ. Бұғыбаева, Ф.Оңғарсынова, М. Айтхожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов, Қ. Баянбай, Р. Ниязбек, Қ. Ілиясов, С. Оспанов, Т. Медетбек, Ж.Ерман, И. Сапарбай, С. Тұрғынбеков, А. Егеубай, Е. Раушанов, Иран-Ғайып, Т. Оразбаева, А. Қыдырбаева, З. Елғондиеава, Б. Бекетова т.б. ізденіс мұраттарындағы өзіндік болмыс-бітім, ұлт мұратына адалдық, өмірге- өнерге деген құштарлықтың кең орын алуы.
«Сөз өнері – дертпен тең» екенін терең түсінген жас қаламгерлер – Ә.Балқыбек, Ж. Ә скербекқызы, А. Ақынбабақызы, Т. Ешенұлы, Ж. Әшімжан, Д. Берікқожаұлы, Б. Әбдіразақ, Н. Бердалы, Н. Қуантай, М. Райымбекұлы т.б.еркін үні, бағыт-көзқарастары.
Ұлттық өлең өнеріне өмір мұратын арқау еткен – Ж. Әбдіраштың «Құлпытас», М. Айтхожаның «Аңсау», Е. Әукебаевтың «Күн мен көлеңке», Ж. Бөдештің «Емендер түнде бү рлейді», Т. Қажыбаевтың «Хан Кене», А.Шамкеновтың «Ортақ үй», М. Шахановтың «Жаңа қ азақтар», Иран Ғайыптың «Ғасыр кітабы», Т. Медетбектің «Тағдырлы жылдар жырлары», Н.Айтұлының «Рахымның падишасы», С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – Хауа Ана», Б. Жақ ыптың «Қолтаңба», Ұ. Есдәулеттің «Киіз кітап», Ғ.Жайлыбайдың «Құс қанаты», Н. Мәукенұ лының «Құсни хат», С. Адайдың «Әр қазақ – менің жалғызым» т.б. жыр жинақтары.
Тақырыптық- құрылымдық, жанрлық-көркемдік ерекшеліктері. Шығармашылық әдеп пен әдет, әдіс пен стиль сырлары. Ой-сөз жүйесі.
Қазіргі қазақ поэзиясының даму ерекшеліктері. Өлең мұратынан ұлттық өрнек, сыр-сезім, ізденістің кеңінен көрініс табуы.
Қазақ ақындарының қоғамдағы, өмір-тұрмыстағы әр алуан көрініс-құбылыстарға үн қ осуы. Тәуелсіздікті жырлауы.
Жас ақындар ізденісі, өзіндік қолтаңба, көзқарастар. Олардың өлең-өнердегі бейне, бедерлері. Тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері. Тілдік-стильдік ізденістері. Көзқарас, зерттеулер.
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ізденіс арналары. Уақыт бедерінің көрініс беруі. Көркемдік құпиясының өмірлік ұстанымы. Өнердегі өмірі мен өлендегі өрнектер. Ізденіс пен ізгілік иірімдері. Көзқарас пен қолтаңба. Өлең сөздегі сыр мен сымбат. Көркемдік келісім.
Қазақ өлеңі. Өлеңдегі өрнектер. Сөз сыры мен сипаттары. Поэзиядағы ізденіс мұ раттары. Ақындар әлемі. Өмірге құштарлық. Өнерге сүйіспеншілік. Сөз сыны мен сырлары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет