Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм – әдебиет пен өнердегі ағымдардың бірі. Жалпылану, белгісіздену ұғ ымын білдіреді.
Автор – белгілі бір туынды иесі. Жасаған адам, жаратушы.
Авторлық қолжазба – туынды авторының өз қолымен жазған түпнұсқасы, алғашқы нұс қа.
Адаптация – туындының белгілі бір ортаға лайықталып жазылуы.
Аллегория - шығармадағы негізгі ойлардың жасырын берілуі. Астарлау, меңзеу түрінде кездесетін көркемдік тәсілі. Әдебиет жанрларында кездеседі.
Аллитерация – дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы сөз жүйесін ажарландыра т үсу.
Анаграмма – аты жөндегі әріптерді алмастыру арқылы жасалған бүркеншік есім.
Анафора – өлең жолдары мен тармақтарының бір сөзбен басталып, қайталана берілуі. Аннотация-кітап мазмұнының қысқаша баяндалуы Антитеза – кереғар ұғымдардың қолданылуы, шендестіру.