Дәстүр мен жаңашылдық – әдебиет пен өнердегі сабақтастық, кеше мен бүгін байланысын білдіреді.
Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлеуі.
Диссонанс – өлең ұйқастарында кездеседі, толымсыз ұйқас түріне жатады.
Жанр – өнер түрлерінің құрылымдық жүйесі.
Жарғы – қазақ тарихындағы заңдар жинағының атауы.
Жыр – поэзиялық туындылардың атауы.
Жырау – өз жанынан жыр туындатады әрі эпикалық шығармаларды туындатушы.
Идея - әдебиет пен өнер туыындыларының басты арқауы, негізгі ойлардың өзегі. Туынды табиғаты мен мазмұнындағы басты арна.
Импровизация – белгілі бір шығарманы орындау сәтінде өнерпаздың өз жанынан қ осып айтуы, жаңартуы мен жалғастыруы.
Ирония– адамға, зат-құбылысқа сырттай ұнамды баға бергенмен, іштей салқындық танытып, келемежге айналдыру.
Композиция – өнер туындысының құрылысы, жанр мен мазмұнның бірлігі, оқиғаларды ң баяндалу жүйесі.
Контекс -жеке сөз бен сөз тіркестерінің мән-маңызын нақты білдіретін, біртұтастық сипаты бай ойлардың жүйесі.
Конфликт – әдебиет пен өнер туындыларындағы оқиға мен образдар жүйесінде кездесетін қайшылықты көрініс, тартыс.
Көркемдік әдіс – өмір көріністері мен құбылыстарының көркем туындыда суреттелу сипаттары.
Көркемдік түр – мазмұн мен форманың бірлігі, ой-сезімнің алуан үлгі, суреттеу ә дістерімен берілуі.