Көркемдік шындық – қаламгердің қиял дүниесінде қорытылған, әдеби туындыда кө ркем көрініс, сырлы суреттерге айналған сипаттарды құрайды.
Көркем сөз – көрініс-құбылысты бейнелі де өрнекті сипатта беретін эстетикалық қуаты күшті сырлы сөз.
Қайталау – сөз бен ойдың әсер, ықпалын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс.
Қанатты сөз – көңілде қорытылған өрнекті ой мен сөз тіркестерінің жүйесі.
Қара өлең – ежелгі өлең түрі, 11 буын, 4 тармақ үлгісіндегі алғашқы екі жолдағы ойлар кейінгі тұстарда негізгі ойларға басымдық береді.
Қисса – халық әдебиетіне тән көлемді жанр. Сюжетті туынды.