Фольклортану – халық әдебиетін зерттейтін ғылым.
Эффемизм – анайы, дөрекі сөздердің орнына қолданатын ұнамды сөз.
Экспозиция – әдеби туындыдағы оқиға өтетін, өрістейтін орын.
Экспромт – ақын қиялы мен шабыт қайнарының жемісі.
Эпиграф – әдеби туындының бастапқы тұсында, жеке тараулардың алдына жазылатын ө рнекті ой мен ұтымды сөздер.
Эпитет – зат немесе құбылыстың ерекше белгі, қасиеттерін көрсететін троп түрі.
Ырғақ – өлеңдегі айрықша әуен, өзгеше саз бен сөздердің тұтастығы.
Юмор – өмірдегі келеңсіз көрініс, кереғар жайттарды әзіл-қалжыңмен әжуалатын комедиялық жанр түрі.