4 тақырып.
Қазіргі қазақ әдебиеті
Қазіргі кезең. Руханият әлемі. Уақыт һәм әдеби үрдіс. Бүгінгі әдебиет. Ізденіс мұ раттары. Тақырып арнасы. Жанрлық-көркемдік ерекшеліктер. Стильдік ізденістер.Көркемдік құпиясы.Көзқарас мұраттары.
Уақыт бедері. Тарих және әдебиет. Өткен тарихқа көзқарас. Танымал тұлғалардың өмірі мен қоғамдық қызметтері. Қорқыт, Абылай, Абай т.б. өмірі мен еңбектері, байыпты бағалау мен жаңаша саралау. «Абылай хан» драмасы мен «Абайдың жұмбағы» туындыларындағы тарих пен кезең көріністері. Қоғам құбылыстары мен тұлға табиғаты. Тарихы мен тағ ылымдары.
Қазіргі қазақ прозасының бағыт-бағдары. Қазақ қаламгерлері - Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Ұ. Доспанбетидің «Қызыл жолбарыс», Б.Әбілдаұлының «Сыпатай батыр», Ә. Нү рпейсовтың «Соңғы парыз», З.Қабдоловтың «Менің Әузовім», Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша», М.Мағауиннің «Мен», Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Б. Мұқайдың «Өмірзая», Р. Ниязбектің «Тас құдай», Қ. Ысқақтың «Күреңсе», М.Байғұттың «Киік оты», М. Есламғалиұ лының «Тұман ішіндегі көш», Қ.Жиенбайдың «Жер сілкінісінен бір күн бұрын», Қ.Тү менбайдың «Сотталған домбыра », Д. Әшімханұлының «Самырсын сазы», Т.Закенұлының «К өк бөрілердің көз- жасы» т.б. прозалық туындыларындағы тарихи шындықтар мен уақыт іздері.Кезең келбеті мен өмір сырлары. Адамдар мен тағдырлар. Көркемдік мұраттар, шеберлік сабақтары.
Қазақ поэзиясының қазіргі кезеңіне М.Әлімбай, К. Салықов, Т.Молдағалиев, Қ. МырзаӘли, Ф.Оңғарсынова, М.Айтхожина, А.Бақтыгереева, К. Ахметова, С. Иманасов, Т. Медетбек, С. Тұрғынбек, Ұ.Есдаулет, А. Әлім, Ғ. Жайлыбай, С. Адай т.б. ізденіс-көзқарастарымен, ө зіндік өрнектерімен үлес қосуы. Тарих пен танымды, тұлға мен тағдырды, кеше мен бүгінді шынайы да шебер жырлауы.
Ұлттық драманың бағыт-бағдарлары – Ш. Мұртаза, Ә. Кекілбайұлы, С.Жүнісов, Қ. Ысқ ақұлы, С. Балғабаев, Иран-Ғайып, Т. Нұрмағанбетов, Д.Исабеков, Ә. Тарази, Р. Мұқанова, И. Сапарбай, т.б. тарих пен тағдырлар туралы туындыларынан кеңінен көрініс беруі. Қоғамдағы, өмір-тұрмыстағы, адам әлеміндегі алуан көрініс-құбылыстардың кеше-бүгін байланысы арқ ылы берілуі.Көркемдік мұраттар.Мезгіл әуені.
Әдебиеттану мен сын саласындағы ізденіс іздері, зерттеу мен зерделеу мұраттары – Р.Бердібай, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, З. Ахметов, Ш. Елеукенов, Ж. Ысмағұлов, Р. Нұрғали, Ж. Дәдебаев, Б. Майтаноы, Қ. Ергөбек т.б.еңбектерінен көрініс беруі. Әдеби үдеріс пен туынды табиғаты, жанр мен жауапкершілік жүгі, көркемдік таным арналары барынша байыпты, нақ тылы сипат алуы.Ой-сөз жүйесі.Тіл мен стиль.Уақыт талабы.
Руханият әлеміндегі іргелі тақырыптар, мерейтой тұстарындағы коференция материялдары, БАҚ жүйесіндегі арнаулы беттер т.т. әдебиет мәселелері. Ондағы уақыт бедері. Қазіргі әдеби үдеріс сипаттары.
Бүгінгі әдебиет. Ізденіс іздері. Көзқарастар мен зерттеу жүйесі. Қаламгер мұраты. Кө ркемдік шындықтар. Шеберлік сырлары мен шешендік өрнектер.
Достарыңызбен бөлісу: |