Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм



бет48/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

3. Драматургия
Театр өнерінің алтын арқауы – әдебиет болса, драматургия оның жанрлық жүйесін құ райды. Әрекет-қимылды, қалтарысты-тартысты тұстарын барынша бедерлі, бейнелі көрсетеді. Адам бейнесін, ішкі-сыртқы әсерді өмір-тұрмыстың көріністерімен де, тартыс-шиеленіс арқ ылы да көркем, жүйелі жеткізеді. Қоғамдық құбылыстар, өмірдегі қилы көріністер, адам өмірі мен тұрмысындағы жетістік-өзгерістер әдебиеттің барша жанрында, соның ішінде драматургия арқылы да ұнамды сипаттарымен кең орын алады.
«Драма жоқ жерде театр өнерінің ғұмыры ұзаққа бармасы – аксиома. Драматургия театр өміріндегі ең басты және шешуші құрал. Яғни, театр негізі - әдебиет. Драматургия - әдебиет жанры. Драматургияның әдебиеттің өзге салаларынан гөрі, аз-кем айырмашылығы оның адамдар жан-дүниесіндегі асқақ сезім мен отты құштарлықты психологиялық тұрғыда кісінің жан күйзелісімен ұштастырып, өмір мәселелерін барынша шынайы суреттеуінде. Осы ретте, драмалық шығарманың екі бағыты айқындалады. Біріншісі – көркем әдебиет қалпындағы нұсқ асы болса, екіншісі – оның сахналық материал тұрғысындағы көрінісі. Бұл екеуін бір-бірінен б өліп қарауға болмайды. Өйткені, драма сахна үшін де, көркем шығарма аса қажетті рухани құ ндылық. Әрине, тәуелсіздігімізге дейінгі де төл драматургиямыз жайында аз сөз болмаған. Аталған жанр жөнінде Қ.Мұхамаджановтың екі томдық «Пьесалар», «Өнер жайлы ойлар», С.Ордалиевтің «Қазақ драматургиясының очерктері», Ә.Тәжібаевтың «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы», Р.Нұрғалиевтың «Күретамыр» секілді, т.б. кө птеген авторлардың салиқалы еңбектерінде сол кезгі заман лебімен дүниеге келген шығ армалар біршама байыпты сарапталады. Яғни, мұндай еңбектердің дүниеге келуі руханият қ ауымы ой-қиялының өсіп-жетілуіне, театрлар репертуарының кеңейе түсуіне үлкен үлес қ осты. Кезінде, келелі ой, келісті пікір айтқан әлгі авторлардың өнегелі үрдісін қуаттай отырып, бұл сапар, бүгінгі тәуелсіз қазақ драматургиясы жөнінде сөз қозғаудың да реті келген сың айлы» (Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. – Алматы: Қаз Ақпарат.- 328 бет).
Осы орайда, сөз жоқ Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты», «Сталинге хат», «Қызыл жебе», Ә .Таразидің «Ақын. Періште. махаббат», Қ.Ысқақовтың «Қыл көпірі», С.Жүнісвтің «Кемең герлер мен көлеңкелер», «Қылмыскерлер», Ә.Кекілбаевтің «Абылай хан», М.Байсеркеновтың «Абылайдың соңғы күндері», Д.Исабектің «Актриса», «Төр», Б.Мұқайдың «Өмірзая» «Сергелдең болған серілер», Т.Нұрмағамбетовтың «Бес бойдаққа бір той», Н.Әбуталиевтің «Ө ттің, дүние», С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қаздар», А.Бекбосыновтың «Соңғы сезім», Р.М ұқанованың «Мәңгілік бала бейне», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», С.Сматаев пен Т.Теменовтың «Көгілдір такси», И.Оразбаевтың «Шыңғыс хан», «Естайдың қорлығы», Ә.Ақ панбетұлының «Дүние-думан», Д.Амантайдың «Сәлеметсіз бе, қоңыр мұң» т.т. қоғам мен адам, дәуір мен уақыт шындықтары, өмір-тұрмыс сырлары, адамгершілік-инабат иірімдері, жа қсы-жаман қасиеттер, талант-тағдыр талқысы, қуаныш-күйінішті сәт-сезім сипаттары кең кө лемде көрініс береді.
Қазақ әдебиетінің жетекші жанрларына олжа салған көрнекті қаламгер Ш.Мұртаза театр өнеріне – «Бесеудің хаты», «Сталинге хат», «Домалақ ана», «Ноқтаға басы сыймаған», «Жалғ ыз үйлік зілзала» сынды пьесаларымен үлес қосты. Қоғамдағы жағдаяттар, тарих пен танымда ғы тартыстар, өмір-тұрмыс сырлары аталған драмалық туыдылардың басты нысанын құрайды.
«Бесеудің хаты», «Сталинге хат» - тақырыбы мен уақыт-кезең таныс бола тұра тарихи тұ лғаларды сомдау мен өмір шындығына сай суреттеу ісінде жазушы еңбегі мен шығармашылы қ ізденіс, көзқарас, қолтаңба бедерін байқамау мүмкін емес. Сталин – Рысқұлов бейнелері, тартысты әрекет пен өмірлік шындықтар ұтымды диалогтар мен сахналық мүмкіндіктер, халы қ тарихы мен тағдырының сындарлы тұстары, алапат аштықтың зардап-зобалаң күрделі кө ріністерін кеңінен көрсетеді. Оқиғаның өріс-арнасы – Сталин кабинетінде, Рысқұлов үйінде, елде өтетінін ескерсек, халық өмірі мен тағдырына қатысты көкейкесті мәселелердің кө терілгенін назарда ұстасақ, сахналық қойылымның қалың көпшілікке, ұлт мұраты мен ұрпақ қ амына қатысты жайттардың маңыз-мәні арта түседі.
Бұл – кезең көрінісі, уақыт шындықтары еді.
«Бесеудің хаты» 1932 жылғы ұжымдастыру науқанын әшкерелеуге арналған. Айқыныра қ айтсақ, Ғ.Мүсріпов, Қуанышев, Алтынбеков, Дәулетғалиевтердің крайкомға жазған хаттары арқау етілген. Ел өмірі, тұрмыс-тіршілік, тағдыр талқысы – Хат мазмұнын құрап, «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» сынды белден басып, басқыншылық әрекеттер етек алғ ан келеңсіз көріністер мін-сын ретінде жан-жақты ашылады.
«Жалғыз үйлік зілзала» - қоғамда орын алған, адамдар қарым-қатынасында көрініс берген келеңсіздік етек алған – билік пен халық, бизнес пен нарық, баспана мен жұмыссыздық
, жағымпаздық пен жалақорлық, демографиялық ахуал, тастанды бала мен көкек аналар, бейберекет партиялар, тұрақсыз-тиянақсыз жандар т.с.с. сахна өнерінің заңдылықтарына сә йкес өріс алып, оның өзі жанталас-қақтығыстарға, айтыс-тартысқа құрылады. Елдік мұрат-мү дде аяққа тапталады. Халықтың жанайқайы билікке жетер емес. Төмендегілердің, әсіресе қ арапайым адамдардың өмір-тұрмысы, еңбек мұраттары өз деңгейінде көрініс бермейді. Елеп-ескермеуден, назардан тыс қалады. Осы және басқа да жайттар театр өнерінің мү мкіндіктеріне, әрекет-тартысқа құрылып, қалың көпке ой салады.
С.Жүнісовтың «Қылмыскер» пьесасына кешегі өнер адамдарының қазіргі кезеңде көр қ азушыларға оп-оңай айналып кетуін, зират маңынан жер сатып, содан пайда табу жөнін тапқ андардың сырты бүтін, іші – түтін кейіптерін әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан, өмір шындығы аясында ашады. Драма шарттығына сай өріс алған диалогтан да ел-жер, ұлт пен ұ рпақ қамы, қоғамдағы келеңсіз көріністер айқын аңғарылады. Жат жердегі уайым-қайғы, отанның-оттан да ыстық қасиеті мен құдіреті, азаттықты аңсау идеясы – драма табиғаты мен тағылымын айқындайды. Пьеса мазмұны мен ондағы өмір шындықтары, тұрмыс-тіршілік тү йіткілдері, ар-намыстың аяқ асты етілуі – қоғамдық құбылыстармен, уақыттың салмақ -сырларымен байланысты өріс алады. Қоғамдағы ауырпалықтар, адамның азғындауы мен оғ ан қарсы әрекеттің әлсіздігі, теріс жолға түсудің себеп-сырлары –драма табиғатын ашады. Қоғ амдағы келеңсіз көріністер, адамдар қарым-қатынасындағы салқындық сырлары, жауапсызды қ пен жұмыссыздық, билік пен бизнестегі бейберекетсіздік, еңбекке көзқарастың төмендеуі, ө мір-тұрмыстағы сәйкессіздіктер т.т. уақыт тынысы мен шындықтарын қаз-қалпында көрсетеді. Ұлт мұраты, ұрпақ қамы, адамдар өмірі мен тағдырының талап деңгейінде болмауы, қоғамды қ ортаның, сыртқы күштердің әсер-ықпалы қызықты оқиға, тартымды сюжет, сәтті деталь, шексіз қиял, шеберлік пен шешендік негізінде кең өріс алады. Ақиқат пен адалдық іске қолдау көрсетіледі. Адам еңбегі мен өмірлік мұраттары алдағы шығады. Уақыт шындығы мен өнер шынайылығы-драма табиғатының күретамысры болып табылады. Мол өмір тәжірибесі танылады.
Тарихи-өмірбаяндық пьесалар қатарын – Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» және М.Бейсеркеновтың «Абылайдың ақырғы күндері» туындылары толықтары түсті. Драмалар табиғатынан танымал тұлға – Абылайдың өмірі мен кезеңі, қайраткерлік-мемлекетшілдік қ асиеттері кеңінен көрініс береді. Тарихи тұлға екі пьесада өзінше өріс алады. Бірін-бірі байыту бар, қайталау, жасандылық жоқ. Айталық, Ә.Кекілбаевтің «Абылай ханында» - қазақ хандығ ының тарихы мен жоңғар қыспақтарынан жол табу, уақыт пен тарих алдындағы жауапкершілік жүгін терең сезіну сипаттары жарқын көрініс тапса, М.Байсеркенов Абылай ханның бір тәулік ішінде ұлт пен ұрпақ, ар-абырой алдындағы қарыз-парыз ісін әлеуметтік психологиялық тұрғыдан, талап деңгейінде шешеді. Тарих пен тағдыр, парасат пен саясат, мұ раттас-қарсыластардың қимыл-әрекеттері бәрі-баршасы сындарлы сәттерде ұтқыр ой, ұнамды шешімімен оң сипат алады. Екі туындыдан да тарих тағылымы, әсіресе Абылай хан кезеңі мен қызметі, халық азаттығы мен тәуелсіздік жолындағы әрекет-қимылдары, ел бірлігі мен берекесін арттыру ісіндегі бағыт-ұстанымдары, ең негізгісі Абылайдың хандық саясаты, ұлтты қ мұрат жолындағы ақын-парасаты, уақыт-тарих алдындағы ерен еңбегі мен сахна өнерінің барша қасиет, белгілері негізінде қалың көпшілікке көркем де келісті , шебер де шынайы жеткізіледі.
Сол секілді Ш.Құсайыновтың «Томирис» пьесасында Азияны билеген парсы патшасы Кирдің сақ даласына көз тігуі, оған патшайым Томирис қарсылығы драма заңдылықтарына сә йкес суреттеледі. Алғашқы тұста қаһарлы Кир Томиристі әйелдікке алсам, сақ даласы көз алдымда түрленеді, атақ-абыройым асқақтайды деген үміт-сенімге мықтап табан тірейді. Осы ой-көзқарасын жүзеге асыру үшін араға кісі де салады. Томирис Кир патшаға сол сәтте-ақ қ арсылық білдіреді. Ел-жерге, кең далаға да үстемдік ете алмайтынын, алсам-жеңсем деген ойларының жүзеге аспайтынын ашық айтады. Ұлт мұраты, халық тарихы мен тағдыры – бар асылдан да қымбат, жоғары екендігін бүкпесіз баяндайды.
Парсы патшалығына қарсы айқас басталып та кетеді. Томиристің ұлы Спаргапис осы қа қтығыс-шайқаста мер болады. Ашынған ана-Томирис атқа қонады. Сақ әскерлері соңынан ереді. Осы ұрыста сақтар парсы әскерлерін тізе бүктіріп, қайта бас көтертпей, тас-талқан етеді. Ел-жерге адалдық, ұлт пен ұрпаққа берілгендік, патриоттық рух пен сүйіспеншілік салтанатын асқақтата түседі. Ал, Томирис бейнесі, қайраткерлігі мен қолбасылық қасиеттері ұ станған бағытынан, ерлік-күрес шежірелерінен жарқырай көрінеді. Елге берілгендік, тарихқа адалдық, өмір мен жеңіске құштарлық – Томирис бейнесі мен көзқарасын айқын аңғартады. Пьеса мұраты мен шындығы осыған келіп саяды.
Д.Исабековтың «Акстриса», «Тор», Б.Мұқайдың «Өмірзая», «Сергелдең болған серілер», С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар, «Ең әдемі келіншек» пьесаларында қоғ амдық жағдаяттар, өмір-тұрмыс көріністері, тарих пен тағдыр талқысы, өнер адамдарының қ айшылықты күрделі сәттері, арман-аңсарлары арқау етілсе, «Шолпанның күнәсі», «Ғашықтық дерті» атты Ә.Таразидің драмалық реквиемі мен Р.Қараеваның пьесасында көрнекті қ аламгерлер М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытұлының қалың көпшілікке танымал туындыларының мазмұн-желісі негіз етіледі. Өмір шындығы, уақыт бедері, тағдыр талқысы, әлеуметтікотбасылық мәселе, кейіпкерлер жүйесі, әрекет-қимылдары арқылы қызықты көрініс, ұнамды сипаттарға ие болады. Адамдар тағдыры, әйел-ана орны мен еңбегі, азаттығы мен бостандығы, жастық пен сүйіспеншілік сырлары – Шолпан мен Күнікейдің бейнелері арқылы беріледі. Қоғ амдағы азаттық жолындағы әрекеттері- қарсылықты-тартысты бола тұра өмір шындығына, уақ ыт тынысына сәйкес көрініс береді. Шолпанның бала сүю жөніндегі таным-түсінігі мен ә рекеттері, Күнікейдің кедей отбасынан шықса да келер күнге үміт артуы, жастық-достық, сү йіспеншілік жолындағы кіршіксіз көңілі, болашақ жар таңдаудағы жүрек таразысына ден қ ою, осы бағытта кедергі-тосқауылдарға, тағдыр -талқысына тап болуы – замана шындық тарына негізделеді. Кезең көріністері, адамдар қарым-қатынасы, азғындық пен озбырлық, дара қылық пен парықсыздық салдарының кері әсері, ықпалы жан-жақты ашылады. Сыр-сипаттары көрсетіледі.
М.Мақаевтың «Қош, махаббат», И.Сапарбаевтың «Сыған серенадасы», Ә.Ақпанбетұ лының «Дүние-думан» туындыларында – өмір-тұрмыс сырлары, талант пен тағдыр талқысы, қ оғамдық құбылыстардың көлеңкелі-тартысты тұстары кең орын алады.
«Қош, махаббат» - жастық кезеңнің қызық, қимас сәттерін, махаббат ұғымының аяулы, мәнді тұстарын, сағыныш-сүйіспеншіліктен тұратын сыр-сезімнің маңызды қымбат қырларын жеңіл жүріс, салмақсыз әрекет, үстірт түсінік жайлап алғаны ақындық қуат, шабытты шақтың салтанатты сәттерімен берілсе, «Сыған серенадасы» - Шәмші әндеріне құрылып, ән-кештеріні ң әсерінен қуаныш-шаттық сезімі, бақытты сәттер көріністері, басым бола тұра жастық пен достықтың кей тұстары, мұң-машақаты байқалады. Шәмшінің ән әлемі ,өнердегі өмірі – бақыт құшағында, достықтың саясында мәңгілік махаббат салтанатымен бірге екендігі танылып тұ рады. Маңыздысы, аталған пьесаларда адам әлемі мен өмір өнегесі, достық пен жастықтың сырлы сипаттары, сүйіспеншіліктің терең иірімдері мен ізгілікті қырлары әр алуан көрініс, қ ызғылықты оқиға, тартымды әрекеттер арқылы жылы әсер қалдырады. Көңілді көрініс, мейірім шуағы, салтанатты да сәулелі сәттер – пьесалар мазмұнын ғана емес, мәдени-рухани байлығын да арттырып тұр.
Осы реттен келгенде, жазушы С.Жүнісовтің ұлттық драматургияның табысты тұстары ретінде төмендегі туындыларды мадақ сезіммен еске алуында айрықша мән бар: «Олар: «Біз періште емеспіздің» авторы Қалтай Мұхамеджанов, «Сталинге хат» пен «Бесеудің хатының» авторы Шерхан Мұртазаев, «Қош бол, Бөрібасардың» авторы Оразбек Бодықов, «Жан алқ ымданың» авторы Алтыншаш Жағанова, «Анасын күткен қыздың» авторы Дулат Исабеков, « Қадіріңді білмеппіз ғой, арысымның» авторы Әкім Тарази, «Тоят түні» мен «Дүние кезектің» авторы Баққожа Мұқаев, «Алыптың басының» авторы Тынымбай Нұрмағамбетов, «Төрт тақта - жайнамаздың» авторы Асқар Сүлейменов, «Зар заманның» авторы Софы Сматаев, «Біздің кластың қыздарының» авторы Есенжол Домбаев, «Жел жуанның» авторы Бикен Римова, «Махаббат аралының» авторы Әділбек Тауасаров, «Үзілген бесік жырының» авторы Ермек Аманшаев, «Ай бүбінің» авторы Бақтияр Әбілдаев.
Міне, бұл шығармалар біздің драматургия жанрымыздағы, режиссурамен табыса да, таласа да жүріп, тапқан табыстарымыз. Тақырыптық жағынан да бүгінгі таңда болып жатқан ө згеріс атаулы мен неше түрлі жаңа құбылыстарға сай, әрқайсысы өзінше мәселе көтере білген айдарлы шығармаларымыз (Жүнісов С. Қазақ драматургиясы. – «Әдебиет айдыны», 2005, 22 қыркүйек).
Ақиқатында, тәуелсіздік кезеңінде сахналанған, театр өнерінің тарихына еркін енген драмалық туындылар:

  • Тарихи тақырыптарды, танымал тұлғалардың өмірі мен кезеңін, қызметі мен қ айраткерлігін өмір-уақыт тынысына сан бедерлі, жүйелі жеткізді.

  • Халық өмірі мен кезеңі, арғы-бергі дәуірлердегі ауырпалыққа, қайшылыққа толы тарихи сәттер қилы көрініс, ақиқат жайттар негізінде көркем, бейнелі беріледі.

  • Қарапайым адамдар өмірі, тұрмыс-тіршілік түйіткілдері, жастық-достық сырлары, тә лім-тәрбие иірімдері арғы-бергі кезеңдердің тағылымды тұстарымен, бүгінгі күннің шынайы-шындықтарымен байланысты байыпты баяндалады.

  • Ең негізгісі, әрине драмалық қойылым мен қолтаңбалардан халық тарихы мен тағ ылымы, дүбірлі дәуір мен қилы кезең көріністері, танымал тұлғалардың азаттық пен тә уелсіздік жолындағы жанкешті әрекет-қимылдары, ұлттық мұрат пен отбасылық тыныс-тіршілік, өмір мен еңбектегі ақиқат пен әділеттілік, қоғамдағы кереғар-келең сіздіктер, билік пен бизнес, халық пен нарық, баспана мен жұмыссыздық, әйел тағдыры мен бостандығы, махаббат пен сүйіспеншіліктің сырлы сипаттары. т.с.с. өмір шындығы, көркемдік талаптар, уақыт тынысына сай жүйе құрайды. Қазіргі кезеңнің басты-талабы адам өмірі мен еңбегіне, өмір шындығы мен көркемдік шешімге, реалистік көріністерге сай сараланып, байыпты баяндау, терең талдаулар арқылы жүйелі жеткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет