Әдебиет зерттеушісі, профессор Темірбек Қожакеев негізгі еңбектерінде: ұлттық сөз ө нері тарихын, қазақ журналистикасының қыр-сырын, Алаш ардақтыларының өмірі мен кезең ін, шығармашылық мұраларын кең көлемде қарастырды. Бұл бағытта жоғарғы мектепке арнап оқу құралдарын жазып, әр алуан бағдарламалар құрастырды.
Ұстаз-ғалым Т.Қожакеев кейінгі кезеңде, әсіресе еліміз тәуелсіздік алған жылдары ұлт м ұратын, тарих тағылымын, қазақ зиялыларының тағдыр-талайы туралы игілікті ізденістер жасап, ізгілікті істер атқарды («Жыл құстары», «Көк сеңгірлер» -1992; «Сара сөздің сардарлары»-1995). Бұл ретте, әсіресе, 1937-38 және 1950 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған – Алаш ардақтыларының өмірі мен қызметін, шығармашылық мұраларын кең көлемде қ арастырған – «Көк сеңгірлер» зерттеуінің (Алматы: Қазақ университеті, 1992.-272 бет) орны алабөтен дер едік.
Кітап авторы зертеудің мақсат-мұратын былай білдіреді.: «1985 жылдың сәуірі Совет елі өмірінің, қоғамымыздың даму тарихында жаңа беттер ашып, жаңа кезең туғызды. Бүкіл тіршілік, тынысымызға жаңа леп, соны серпіп, бұрын-соңды естіп-білмеген басқаша бағыт-бағ дар әкелді. Тіл айналымына «қайта құру» , «жариялылық», «жаңару» деген сияқты ұғым, тіркестер енгізді. Өткен өмір, жүрген жол, асқақ асуларымызды сын көзбен қайта бір қарап шығуды, бұрмаланған тарихи шындық, болмыс, құбылыстарды қалпына келтіру, 30-50 жылдардағы қиянатты саяси айыптау мен заңсыздықтың құрбандары болғандарды ақтауды, ө нер өкілдерінің қалдырған қымбат мұраларын халқына қайтаруды, оны ел игілігіне айналдыруды талап етті.
Бұл еңбек қайта құрудың осы талап – нұсқауына үн қату ретінде жазылды. Оны «Көк сең гірлер деп атадық. Бұлай дегенде, жиырмасыншы жылдардағы қазақ журналистикасының, қ азақ публицистикасының ең еңселі өкілдерін, қазақ баспасөзінің аспанында ерекше жарқырай көрінген, асқақ биікке көтерілген, басқалардан шоқтығы тым жоғары тұрған қаламгерлерін балап, теңеп, бейнлеп «Көк сеңгірлер» деп атап отырмыз. Ж.Аймауытұлы, М.Дулатов, М.Жұ мабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, О.Жандосов, А.Розыбақиев. Ғ.Тоғжаноы, И.Тоқтыбаев сияқты ірі тұлғалар солай деп атауға тұрады» (5 бет).
Кітапқа енген әрбір зерттеу мақаладан ізденістерді, алуан дерек көздерін, жаңаша көзқ арас пен зейінді зерделеу, соны дерек көздерін, жаңаша көзқарас пен зейінді зерделеу, соны саралаулар айқын аңғарылады. Ұстаз-ғалым бұл тұстарда өткен тарих тағылымына, күрделі кезең көріністеріне, өмір-уақыт шындықтарына, жекелеген тұлғалар табиғатына мән-маңыз беріп, дәуір дидарына байыпты талдау, зерделі зерттеулер жүргізеді. Осы бағыттағы көзқарас, дүниетаным иірімдерін де бүкпесіз, ашық, айқын жеткізеді.
Ұлт тарихында қаралы кезең, қасіретті жылдар, яки 1930 жылдар ойраны, алапат аштық сырлары, 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін сергелдеңі, оның себеп-садары – «Сатқындық салтымыз ба еді?» деп аталатын зертеу мақаланың табиғатын да, мазмұнын да құрайды. Автор орталықтан – Ежов, Берия сынды қандықолдардың келмегенін, керісінше, «... жаппай жазалауға, қуғын-сүргінге ұшыратуға өзіміздің кейбір адамдар, баспасөз органдарымыз және туысқан халықтардың жекелеген өкілдері себепші болды» деп (сонда, 8 бет) оған ел ә дебиетінен, тарих тағылымынан, тұлғалар табиғатынан алуан мысал – деректер келтіреді. Зертеуші ізденісінен: «Ұлтшыл-фашист бандыларын түп-тамырымен құрту керек», «Семей театры ұлтшыл Бековтың бөлтіріктерінен әбден тазалтылсын», «Қырағылықты күшейтейік», «Комсомолға кіріп кеткен жауды толық жоямыз»,«Буржуазиялық ұлтшылдардың ұясын тас-талқанын шығару керек» т.т. баспасөз беттерінде орын алған зұлмат залалдарын, қазақ зиялыларының басына төнген қасіретті жайттар мен қиянатшыл, озбыр топтың зәрезап қулық -сұмдықтарын, сатқындық салдары мен сорақылықтарын батыл да әділ әшкерелейді. Адамзаттың даму заңдылықтарын, кеше-бүгін байланыстарын, тарих толқынын да әр қ ырынан көрсетеді. Сол арқылы адам ойы мен қолынан жасалған әр алуан қиянат пен кереғар жайттар тамыры мен сырына ден қояды.Кезең,уақыт шындықтарын жан-жақты ашады.
Кітапқа енген – «Дарқан дарын», «Ел деп еңіреген ер», «Жұлдызы биік жан еді», «Көп қ ырлы қыран», «Қалам майталманы», «Қайшылықты қаламгер», «Аққан жұлдыз» сынды мақ алалар мазмұнынан – Ж.Аймауытұлы, М.Дулатов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ғ.Тоғ жанов, Е.Алдоңғаров т.б. ұлт мұраты жолындағы жанкешті іс-әрекеттері, қоғамдық қызметі мен шығармшылық мұрасының басты ерекшеліктері жан-жақты сөз етіледі. Ең негізгісі, ізденіс-зертеу жүйесінен:
Алаш ардақтыларының өмірі мен кезеңі, шығармашылық мұраларының беймәлім қ ырлары кеңінен көрініс береді;
Қазақ баспасөзі, ондағы дерек-материалдағы ұлт мұраты мен зиялыларына қатысты к өзқарас, алуан мысалдардан ел-жер, адам өмірі мен еңбегі, әдебиет пен мәдениет мә селелері, тарих тағылымы т.т. кең орын алады;
Қазақ зиялыларының ұлт мұраты, ел-жұрт жайлы жазбалары баспасөз материалдары арқылы қалың көптің назарына ұсынылады;
Ұлт оқымыстыларының еңбек-мұраларындағы көзқарас пен қолтаңба мәнерінен ө ткен тарихқа, келелі келешекке бетбұрыс бар. Азат ел, бүтін жер, руханият өрісіне қ атысты құштарлық пен әр алуан іс-әрекеттерден-ұлт мұратына адалдық, білім-ғылым жүйесіне, кемел келешекке үміт-сеніммен қарау бағыты айқын аңғарылады.Замана шындықтары ашылады.
Тұтастай алғанда, ұстаз-ғалым, журналист-жазушы Т.Қожакеевтің баспасөз тарихы мен теориясының көкейкесті мәселелерін, ұлттық сатира мен юмордың сырлы сипаттарын байыпты саралаған еңбектері («Сатира және дәуір», «Адам. Қоғам. Сатира», «Сатиралық жанрлар», «Сатира – күштілер қаруы», «Жыл құстары», «Көк сеңгірлер» т.т.) қазақ руханиятының биік белестерін, Алаш ардақтыларының өмірі мен шығармашылықтарын, тарих тағылымының түйінді тұстарын жан-жақты көрсетеді. Біздіңше, Т.Қожакеев еңбектері: қоғам-кезең көріністерін байыпты зерделеп, өмір-уақыт тынысын терең таразылап, содан кейінгі тұстарда ұлт руханиятының даму бел-белестерін, баспасөз тарихы мен теориясын, оны ң көрнекті тұлғаларын жүйелі, кемел сөз етумен мәнді. Мұның өзі кеше-бүгін байланысы арқ ылы жүйелі, келісті, нанымды өріс алады.
Т.Қожакеев осы бағыттағы көзқарастарын, ойлары мен толғаныстарын әдеби-ғылыми жиындарда ашық айтып, дәлел-деректі молынан пайдаланып, айқын, жүйелі жеткізетін. Ақиқ атқа табан тіреп: қоғамда, өмір-тұрмыста, білім-ғылым жүйесіндегі келеңсіздіктер, кереғарлық тарды дерек-мысалдармен қадап айтатын, тап басып көрсететін. Өмірде ақиқатты ту етті, шындық жүзіне тура қарады...
Өмір мұраты мен мазмұны да осында емес пе?
Қазақ әдебиеттану ғылымында библиографиямен арнайы айналысып, бұл салада ерен е ңбектің үлгісін көрсеткен әдебиетші-ғалым Ә.Нарымбетов екенін айту ләзім (тіл ғ ылымында Ш.Сарыбаев есімі құрметпен аталынады – Р.Т.).
Ә.Нарымбетов Кеңес дәуірінен бермен қарайғы қазақ әдебиетану мен сынының 4 кітабын жарыққа шығаруы («Қазақ совет әдебиеті» (1917-1940), 1 том, 1970, 353 бет; «Қазақ совет әдебиеті» (1941-1955), 2 том, 1986,272 бет; «Қазақ әдебиеті» (1961-1964), 4 том, 1997 2 б өлім), әрі әдеби-ғылыми айналымға түсуі руханият әлеміндегі елеулі еңбек. Қазақ, орыс тілдерінде жүйелі жарық көріп келе жатқан бұл еңбектер ұлттық сөз өнерінің өсу жолдарын, ә деби-ғылыми, сыни мақалалар мен зертеу еңбектері туралы нақты дерек көздерін, әдеби өмір шежіресінен мол мағлұмат береді. Ақиқтын айтсақ, әдебиетке келген, ғылымға бет бұрған ә рбір адамға, әсіресе филология-журналистика факультетінің студенттеріне, ізденуші мен аспиранттарға, магистранттарға атамыш еңбектердің қажетті құрал болатындығы айдан анық.
Библиографиялық жұмыс - тынымсыз ізденіс, ерең еңбек, жоғары жауапкершілікті тілейтінін ескерсек, жоғарыдағы 4 кітап айрықша бағалауды қажетсінеді. Әрі қазіргі кезеңде дейінгі әдеби көрсеткіштерді қаржы –қаражат тапшылығына қарамастан көп болып, жұмыла к өтеріп, жүйелі шығаруды қолға алу да мерейлі міндет болып қала бермек.
Қазақ әдебиетінің даму бел-белстерін еске алған тұста көне кезеңдердің руханияттағы іс-бедері айқын аңғарылады. Бұл ретте ұстаз-ғалымдар С.Садырбайұлының «Фольклор және Жамбыл» (1996), М.Жолдасбеков «Асыл сөздің атасы» (1996), Н.Келімбетов «Қазақ әдебиетіні ң бастаулары» (1998), «Ежелгі түркі поэзиясы әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы» (1998), Ғ .Есімнің «Фәлсафа тарихы» (2000), А.Жақсылықовтың «Образы, мативы и идеи с религиозны содержательностью в произведениях казахской литературы» (1999) атты зертеу еңбектері ерте дәуірдегі әдебиет үлгілерін, оның өзіндік белгілері мен даму жолдарын жүйелі, нақты сөз етумен ерекшеленеді. Бұл еңбектердің көңіл қуантып, ой-қиялға өріс ашқан тұсы – ерте дә уірдегі халық әдебиеті үлгілерін, ондағы Тұран жұртына қатысты дерек көздерін, көзқарастар жүйесін, әр алуан еңбек мұралардың мақсат-мұраттарын кең көлемде ашып, бүгінгі уақыт тұрғ ысынан танып-зерделеуінен айқын аңғарылады.
Сондай-ақ, «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» атты екі томдық оқулықтың алғашқы кітабы (А, «Қазақ университеті», 2000.-467 бет), Ә.Құрышжановтың «Ескі түркі жазба ескерткіштері» (А,ҚызПИ баспаханасы, 2001), Ш.Сәтпаеваның «Уақыт шуағы», «Веяние времени» таңдамалы мақалалар мен зердлеулер-(А, «Ғылым», 2000), Б.Байғалиевтің «Абай ө мірбаяны архив деректерінде» (Зерттеулер.-А,»Арыс») 2001, Т.Бекниязовтың «Өмірге құ штарлық» (А, «Қазақ университеті», 2000), Қ.Сақовтың «Ұлттық сана ұйытқысы» (А, «Қазақ университеті», 2001) т.т. зерттеу еңбектері тарихи дерегімен, әдеби-рухани маңызымен, ұлтты қ әдебиеттану ғылымын байыта, толықтыра түсті. Бұл еңбектерге тән ортақ белгі-ерекшеліктер ұлттық әдебиеттің әуелгі бастау-арналарын, оның тарихы мен даму жолдарын, қоғам-кезең көзіністерін, жалпы руханият өріс-өресі уақыт талаптары тұрғысынан қарастырылады.