Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


Осы орайда, «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы»



бет57/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Осы орайда, «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» атты екі томдық оқулықтың (Алматы:Қазақ университеті, 1 том, 2001.- 267 бет; 2 том, 2002. -455 бет) өзіндік ерекшеліктері бар деп білеміз. Біздіңше, тәуелсіздік талаптары, жаңа уақыт көзқарастары, зертеу мен зерделеудің соны үлгі-өрнектері терең танылады. Тақырып табиғатында, авторлар құрамында ұлттық сөз өнерінің даму бел-белестері, жүйелеу- зерттеу сәттерінен де сонылық сипаттар айқ ын аңғарылады. Алғашқы кітап (А, «Қазақ университеті» 2000.-467 бет) –«Ертедегі көнпелі тайпалар әдебиеті», «Ежелгі түрік әдебиеті» «ХІХ ғасыр әдебиеті» , «Жаңа жазба әдебиеті» атты бөлімдерден тұрады. Аталған бөлімдерде аса бір өзгешелік байқала қомағанымен, мазмұ н, көзқарас, талдау жүйелерінен жаңа уақыт талаптары, жаңашылдық сипаттары мен байыптылық байқалады. Ұлттық әдебиеттану ғылымынң соңғы ізденістері, әдебиет тарихын д әуірлеу жүйесі, жалпы руханияттың өріс-өресі мен болашақ бағдары, өмір-уақыт талаптары негізгі назарда болады. Қысқасы, аталмыш оқулықтардың алғашқы кітабы ертедегі көшпелі тайпалар тұсындағы сөз өнері қайнарларынан бастап жазба әдебиет үлгілеріне дейінгі аралық ты қоғамдық жағдайларымен, тарихи оқиғалармен сабақтасып,зерттеп-зерделеп, танып-талдап, бүгінмен байланысына да зор маңыз, сипат береді.Жаңа бағыттар айқындалады.
Келесі кітап – «ХІХ ғасырдағы әдебиет», «Кеңес дәуіріндегі әдебиет» секілді бернеше тараулардан тұрады. Әрбір бөлімнен қазақ ақын-жазушыларының (Ш.Құдайбердиев, А.Байтұ рсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытұлы, М. Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов т.б.). өмірі мен шығармашылығы, әлем халықтары тіліне аударылу туралы бай материал ,алуан дерек көздері көп кездеседі.
Оқу құралы, оқушы-студенттерден өзге қазақ әдебиеті мен мәдениет тарихын зертеушілерге ,алыс-жақын елдердің мәдени-рухани орталықтарына, ізденуші-аспиранттарға, магистрлерге аса қажетті еңбек болып табылады.
Осы тұста ойға оралатын жайт: ұлттық әдебиеттің даму кезеңдерін, ақын-жазушылардың өмірі мен қызметтерін, шығармашылық өмірбандарын, көркемдік-жанрлық, жүйесін тілдік-стильдік мәселелерін бүгінгі уақыт талап тұрғысынан сөз ететін – «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты кешенді ізденіс пен зерттеу жүйесінен, талдау мен оқыту ісіне негізделген толымды, қонымды оқулықтың оқушы-студенттің қолында жоқтығы дер едік.
Бұл тұста «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты бірнеше ктаптан тұратын сериялық еңбек (1991-93) , Н.Келімбетовтың «Ежелгі дәуір әдебиет» (1986), Т.Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы,» (1994), С.Қирабаевтың «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» (1998), Х.Сү йіншалиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1997), сондай-ақ «20-30 жылдардағы қазақ ә дебиеті» «40-50 және 60 жалдардағы қазақ әдебиеті»(1998) «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» (2001-2003) т.т. ұжымдық еңбектердің оқу-бағдарламалары мен әдістемелік нұсқ аулардың болғанын жоққа шығарғымыз келмейді.
Алайда, қазір уақыт өзгерді, көзқарас-талаптар да жаңа, жоғары. Қайта қарайтын, тү зеп-толықтыратын тұстар көп-ақ. Келешектегі зертеулерден – іргелі ізденіс пен жаңа көзқарас ,терең талдаулардың кең орын алғанын қалар едік. Уақыт талабы да осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет