Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм



бет54/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Академик С.Қирабаевтың кейінгі жылдары жарық көрген «Әдебиетіміздің ақтандық беттер» (А, «Білім», 1995.-288 бет), «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» (А, «Білім», 1998.-224 бет) атты еңбектерінде әдеби мұраны танып-бағалау, ақтандық беттерін толықтыру бағытында ғы көзқарас, толғамдар кеңінен орын алған.
Алғашқы еңбекте әдебиет – ұлттық рухани байлығы, қайнар көзі ретінде қарастырылып, оның басты тұлғалары – Абай, Ыбырай, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұ мабаев, Ж.Аймауытұлы т.б. өмірі мен шығармашылығы жаңа уақыт талаптары тұрғысынан таразыланады. Сондай-ақ, Жанақ, Шортанбай шығармашылықтары кезең, уақыт шындық тарымен байланысты сөз етілсе, Ғ.Мұстафин, Д.Әбілев, М.Иманжанов т.б. туралы ізденіс, тол ғамдарда естелік сипаты, адами мұрат-міндеттер, ұлттық сөз өнерін дамыту мен зерттеу ісіне қ атысты кәделі көзқарас, маңызды мәселелер мол. Ал, «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті» атты оқу құралы (А, «Білім», 1998,224 бет) осы кезеңдегі сөз өнерінің саяси-тарихи сипаттарын,даму жолдарын, артық-кем тұстарын барынша айқын, дәлелді түрде көрсетуді мақ сат еткен. Оқу құралын «қысқаша очерк» деп айқындаған автор: «... оған жеке ақ ын-жазушылар шығармашылығы қарастырылатын монографиялық зертеулер енгізілген жоқ. Тек әдебиет дамуының жағдайлары мен әдеби үрдісті (процесті) , ондағы өзгерістерді, жанрлардың өсіп-жетілуін көрсететін шолулар кірді. Мақсат кеңес дәуіріндегі әдебиеттің даму жолын саралап, ондағы байлықты сапалық елекке сала қарау, жаңа көзқараспен таразылау, жа ңаша ой топшылау болды» деп жазады (7 бет).
Ақиқатын айтсақ, аталмыш оқу құралында кеңес кезіндегі қазақ әдебиетінің өсу-есею жолдары мен көкейкесті мәселелері, бұған дейнгі жарық көрген ұлттық сөз өнерінің тарихына арналған кітаптар, «алашордашыл» - ақын-жазушылар (Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы т.б.) есім, еңбектері, жалпы қазақ әдебиетінің көп жанрлы, сан арналы өрісі, әлемдік руханияттағы орны кең көлемде көрсетіледі.
Сондай-ақ, кітап мазмұнының құрылым-жүйесінен («Кеңестік қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі», «Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті», «Соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті», «Жаңғыру кезіндегі қазақ әдебиеті», «Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі») автордың кең ес кезеңіндегі қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесіне қатысты көзқарасы да айқын аңғ арылады. Негізінен, оқу құралы кеңес дәуірінің қоғамдық-саяси сипаттарымен бірге ұлттық -руханияттық мәселелерін жаңа уақыт талаптары тұрғысынан терең де кемел сөз етуімен мә нді.
Негізінен, аталмыш оқулықтар қазақ әдебиетінің тарихын, оның басты өкілдерінің руханият саласындағы орын-үлестерін, ұлттық сөз өнерін зерттеудің түйінді мәселелерін кең інен қозғауымен маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет