Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


Профессор С.Негимовтың «Өнерпаздық өрнектер»



бет62/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Профессор С.Негимовтың «Өнерпаздық өрнектер» (1996), «Мәлік Ғабдуллин» (2001), «Ақын-жыраулар поэзиясы» (2001) сынды кітаптары әдебиет тарихының белесті кезең дерін қамтиды.
«Өнерпаздық өрнектер» ұлттық поэзия тарихында ақындық-әншілік, сазгерлік қ ырларымен қалың көпке кеңінен танымал – Д.Әлімбайұлы, Қ.Жапсарбайұлы, И.Байзақов, Ақ ан сері, Ы.Сандыбайұлы т.б. өмірі мен кезеңін, өнердегі орындарын соны дерек, мол материалдар арқылы жүйелі сөз етеді. Сол арқылы әдебиеттің жетекші жанры-поэзиядағы кө ркемдік қуаттар, бояу-өрнектер, тіл мүмкіндіктері кеңінен көрсетіледі.
Кеңес Одағының Батыры, КСРО педагогика Ғылымдары академиясының академигі, ұстаз-ғ алым, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашлығына арналған еңбек – «Мәлік Ғ абдуллин» деп аталады. Кітапта М.Ғабдуллиннің жастық кезеңі мен студенттік-аспираттық ша қтарынан бастап танымал тұлғаға айналған сәттер, өсу, есею бел-белестері жүйелі баяндалады. Әсіресе, М.Ғабдуллиннің білім-ғылым жүйесіндегі ізденіс еңбектері, майдан жылдарындағы ерлік-елдік сипаттары, фольклортану мен әдебиеттану, соғыс өнері мен педагогикаға қатысты көзқарастары, эпистолярлық мұралар т.т. алуан дерек көздері, естелік-сұхбаттар негізінде кең өріс алады.
Қазақ әдебиеті тариында ақын-жыраулардың өмірі мен шығармашылығы, ондағы қоғам мен тарих, адам мен оның еңбегі, ұлт тағдыры мен ұрпақ қамы, дәстүр өнегелері, тұрмыс суреттері кең көлемде орын алғаны анық. «Ақын жыраулар поэзиясы» атты еңбекте ұлттық сө з өнері – генезис, стилистика, поэьтика тұрғысынан қарастырылуымен ден қойғызады.Сөз сырына еркін ену бар.
Ұлт тарихы мен әдебиеттің айрықша бөлігін құрайтын ақын-жыраулар шығармашылығы фольклорлық дәстүрді дамытып, қазақ сөзінің, өлең-өнердің қадір-қасиетін, оның әуелгі негізі мен есею-өсу эволюциясын биік белеске көтергені анық. Кітап авторының ұзақ жылдар бойы тынымсыз ізденіп, оқып-түйіп, жоғары мектепте ұстаздық-ғалымдық бағытта да үзбей айтып-жазып келе жатқан ақын-жыраулар поэзиясындағы бейнелі сөздер табиғаты, ондағы образдық-метафоралық, лексикалық-фразеологиялық қабаттары, фольклорлық стилистика, ұ лттық- рухани дүниетанымының ерекшеліктері, сөз-ұғымдардың, сөз-образдардың, сө з-символдардың поэзиялық қолданысы, мәні мен мағынас, әдеби—эстетикалық һәм көркемдік заңдылықтары, тарихи негіздері, дәстүр мен жалғастық сипаттары т.т. терең де байыпты баяндалады. Автор бұл тақырыптарды әдебит тарихының басты мұраты, ой-сөз жүйесінің негізгі мәйігә, көркемдік танымдық күретамыры ретінде көрсетеді.
Кітап құрылым жағынан төрт тарауды құрап («Образдық жүйе: көркемдік дүниетаным және поэзиялық лексиканың ұлттық ерекшеліктері», «Поэзия тілінің көркемдік – бейнелік құ ралдарының дамуы», «Сөз тарғау: фольклор тілінің стилистикалық және айтыс өлеңдерінің бейнелік сипаты», «Өлең-жыр: өрнек өлшемдері мен құрылым жүйесі»), онда:

  • Ақын-жыраулар поэзиясының халықтық сипаты;

  • Түркі тілдес халықтар поэзиясына ортақ белгі-желілер;

  • Ұлттық тілдің эстетикалық-танымдық табиғаты;

  • Халық ақындары (Жамбыл, Кенен, Иса т.б.) поэзхиясының көркемдік құрылысы;

  • Ұлттық сөз өнеріндегі бейнелілік, жүйе мен мағыналық-метафоралық қырлары, ақ ыл-парасат иірімі, ой-сөз, сыр-сезім, көркемдік әлем т.т. кең көлемде зерделеу мен талдаудың , іргелі-ізденіс пен байыпты бағалау-саралаудың негізін құрайды.

Маңызды мәселе, оңды сипат ретінде еске алар тұстардың бірі – ақын-жыраулар поэиясы: генезис, стилистика, поэтика тұрғысынан танып-талданады; ұлттық өлең-жыр – халықтық -фольклорлық сипаттарымен байытылады; бейнелік құралдар жүйесі ұлттық дүниетаныммен, этикалық- философиялық көзқарастарымен, ғылыми-теориялық және көркемдік қиял мен ойлау, лексикалық-фразеологиялық астар-мәндермен бірде қатар, енді бірде салыстырыла сөз етіледі. Автор бұл тұстарда да өлең-өнер табиғатына терең еніп, ақын-жыраулар мұрасына, ондағы ұлттық белгі-қасиеттерге зор маңыз береді. Кеше мен бүгін байланысына, ортақ сипаттарға да ден қояды. Мұның мәнін, сыр-сипаттарын бүгінгі талап-талғам тұрғысынан танып, білгеннің ешбір артықтығы жоқ.
Кітап авторы бұл бағыттағы ізденіс арналарын- халық мәдениеті үлгілерімен (мысалы, аспан әлемі, жыл мезгілдері, аң-құстар дүниесі, әртүрлі наным-сенімдер т.т.), ұлттық дәстүрге сай ойлау жүйесі мен (мысалы, халықтық әдет-ғұрып, мифологиялық сипаттар т.т.), ақ ын-жыраулар поэзиясындағы бейнелі-бедерлі ой-сөз сарасы, көркемдік-эстетикалық қ асиеттер, ақыл-нақыл, ғибрат үлгілері т.т. ұлттық ерекшеліктерімізге лайық сөз етеді.Сыр-сипаттарын ашады.
Автор көркемдік дүниетаным мен поэзиядағы ұлттық белгілерді халық әдебиеті ү лгілерімен ақындық өнер әлемімен байланыстырады. Мұның мысал-дерегі – «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» сынды жыр-дастандардан, ақын-жыраулар – Асан қайғы, Ақтамберді, Қазтуған, Доспабет, Жиембет, Бұқар, Шортанбай, Мұрат, Дулат т.б. өлең-өнерлерімен сәйкес, сабақтастыққа сөз болады. Ондағы ақыл-парасат, көркемдік өнер, ой-сөз жүйлері, ұлттық белгі-қасиеттерге зор маңыз берілдеді. Біздіңше, зерттеу еңбектің бұл тұстары мысал-деректің шектен тыс кө птігімен ғана емес, керісінше жекелеп-топтап талдануымен, поэзия табиғатына, кө ркемдік-таным иіріміне тереңдей енуімен де назар аудартады. Өлеңдегі өмір, ондағы адам мұ раты мен оның еңбегі, уақыт—тұрмыс т.т. сырлары өзіндік белгі-ерекшеліктеріне сай сөз етіледі. Маңыздысы: ақын-жыраулар поэзиясындағы ұлттық ерекшеліктер, көркемдік-дү ниетаным иірімдері тілдік-стильдік сипаттарымен, өзіндік ерекшеліктерімен ден қойғызады.
Автор ізденісі, әсіресе, Асан қайғы, Қорқыт, Жиренше, Қазыбек, Төле, Әйтеке, Сырым сынды танымал тұлғалардың ұлт тарихындағы орын-үлестерін айқындаудағы ортақ мұ раттарды байыпты танып-талдаудан, халық әдебиетіндегі көркемдік құбылыстар сырын ашудан, халықтық-фольклорлық стилистикаға зор маңыз беруден, ұлт тарихындағы сал-серілік дәстүр табиғатына қатысты көзқарастардан терең танылады.
Қазақ өлең-жырының табиғаты, көңіл-жүрекке жылы ұялар әуен-сазы – Жамбыл, Нұ рпейіс, Нартай, Нұрлыбек, Иса, Саяділ, Омар т.б. өмір мен шығармашылығына тән белгілер – әншілік, орындаушылық қабілет-қасиеттер, өлең сөздегі – дыбыс, ұйқас тізбектері, эмоциялы қ-эстетикалық әуен-саз, фразелологиялық нақыш-орамдар мазмұн-форма үйлесімі, көркемдік амал-тәсілдер, интонациялық құрылыс-жүйе, инверсиялық құбылыс, поэзиялық әрі музыкалық әуен-ырғақ т.т. қазақ өлеңіне ақындық-мәдениетке тән талап -өлшемдер негізінде өріс алады.
Автор ақын-жыраулар бойындағы әншлілік-орындаушылық, сазгерлік сынды табиғи һә м тума қабілет-қасиеттерге, халық ақындар мұрасындағы ұйқас-ырғақ, дыбыс үйлесімдеріне, ә р алуан қайталаулар мен интонациялық құрылыс-жүйесіне, ой мен сөз өрнегіне де көп көңіл б өліп, ондағы ұлттық ерекшеліктерімізге, халықтық мәдениет пен дәстүр-жалғастық сипаттарына зор маңыз береді. Ақын-жыраулардың әуелгі мақсат-мұраттарына, өлең-жыр арқ ылы жеткізген өмір-тұрмыс, ел-жер жайлы толғам-толғаныстарына назар аударылады. Сол арқ ылы өлең-өнер мүмкіндіктеріне, ондағы өрнек-өлшемдер сыр-сипаттарына кең орын береді.
Тұтастай алғанда профессор С.Негимовтың «Ақын-жыраулар поэзиясы» атты зерттеуі ө лең сөздің қайнар бастауы – халық әдебиеті үлгілерінен бастап, ұлттық –рухани дүниетаным иірімдерін, қазақ өлең өнерінің әдеби-эстетикалық көркемдік құрылыстары мен қолданылуын, ондағы образдық-метафоралық, лексикалық-фразеологиялық һәм ой-сөз жүйесін, жалпы дәстү р мен жалғастық сипаттары кең көлемде қарастырылумен мәнді, тағылымды.
Ал, доцент Ж.Смағұловтың «Қазақ әдебиеттану ғылымынң қалыптасу тарихы» атты зерттеуінде (1999) ұлттық әдеттану ғылымының тууы мен қалыптасу кезеңдері, кеңестік идеология мен маркстік-лениндік әліснаманың «үздік үлгілері», ұлттық сөз өнерінің даму жолы мен көркемдік-идеялогиялық ерекшеліктері, тарихи-танымдық сипаттары, әдеби мұ раны игеру мен осы бағыттағы алғашқы ізденістер, ғылыми-зерттеушілік көзқарастар жаңа уа қыт талаптары тұрғысынан қарастырылады. Автор көбінде кеңестік жүйе «тағылымдарына», ә деби бағыт –арналарға, әр жылдардағы қаулы-құжаттар сырына ден қояды. Нетижесінде: ұ лттық сөз өнерінің әуелгі негіз-арналары, әдебиеттану ғылымындағы алғашқы ізденіс-іркілістер, болашақ бағыт-бағдарлары нақтылы дерек, жүйелі салыстыру, өзіндік толғ ам-толғаныстар арқылы байыпты сараланады.
Алайда, автордың ізденіс, еңбектерінде бұрыннан белгілі жайттар тым тәптіштеліп, ұзақ -сонар бандалады. Ара-тұра кездесетін тізімдер түзілісі, схемалық үлгілер, баса артық ү зінді-сілтемелер, ұлтаралық тілдегі мәтіндер т.т. шолу сипатынды немесе қысқа-нұсқалы ү лгіден берілгенде әдеби-ғылыми жұртшылықтың рухани әсері артар-ақ еді. Келешекте ескерер, негізігі назарда болар жайттардың бірі осы.
Ал, Қ.Сақтың «Ұлттық сана ұйтқысы» атты еңбегі (А,»Қазақ университеті», 2001.-183 бет) «Қазақ» газетінің әлі де беймәлім қырларын, «Айқаппен» айтысқан тұстарын, ұлт зиялыларының ел тәуелсіздік жолындағы қажырлы күрестерін сөз етсе, Т.Бекниязовтың «Ө мірге құштарлық» атты зерттеу мен шығармашылық бағыттағы еңбегі - туған әдебиет туралы толғам-толғаныстардан, повесть, әңгіме, очерктер жиынтығынан тұрады. Кітаптағы «Проза: классиктер үлгісімен», «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Халық пен тарих бейнесі», «Елдік тағ ылымы» сынды мақалалар мазмұны мен табиғатынан – ұлттық әдебиеттің жай-күйі, суреткерлік сипат, көркемдік-эстетикалық қуаттың алуан арна- бағыттары жүйелі, нанымды сө з етіледі. Жалпы, бұл екі еңбек те ұлт тарихынан, сөз өнерінің белесті кезеңдері хақында сыр толғайды.
Әдеби сынның дамуы мен проблемалары, көркемдік-теориялық дәрежесі, ізденіс-арналары туралы айтқанда бұған дейінгі кезеңдердегідей көптеген кітаптарды, соншама авторларды атап, ұзақ-сонар тізім бере алмасымыз анық. Басты себеп: ел егемендік алып, тәуелсіздік талаптары өмірдің барша саласын қамтығандықтан, руханият дүниесіне талап, талғам күшейді. Сын мен сыншы мұраты да еселеп артты. Әдеби сын мақалалары мен сыншы кітаптары көп басыла қойған жоқ. Баспасөз беттері мен әдеби басылымдарда сынның үлгі-өрнектері де көп көріне қоймады. Бұрындары жүйелі жарық көріп келген -«Беталыс», «Сө зстан», «Уақыт пен қаламгер»сынды әдеби жинақтар тоқтады. Алайда, кезең-уақыт тынысын, қазақ әдебиеті дамуының маңызды мәселелерін, жазушы еңбегі мен шығармашылық қ ырларын, әдеби үрдіс пен жанрлар жүйесін сөз еткен З.Ахметовтың «Абайдың ақындық ә лемі» (1995), Р.Бердібайдың «Эпос мұраты» (1997), С.Қирабаевтың «Ұлт тәуелсіздігі және ә дебиет» (2001), З.Қабдоловдың «Көзқарас» (1996), Т.Кәкішевтің «Кер заманның кереғар ойлары» (1995), Ш.Елеукеновтың «Әдебиет және ұлт рухы» (1997), Р.Нұрғалидың «Сырлы сөз »(2000), С.Әшімбаевтың «Шындыққа сүйіспеншілік» (1993), З.Серікқалиевтың «Сын кітабы»
(1997), Ж.Дәдебаевтың «Жазушы еңбегі» (2001), Қ.Ергөбектің «Баянғұмыр» (1991), Б.Майтановтың «М.Әуезов - суреткер» (1996), Б.Кәрібаеваның «Қазіргі қазақ әдебиетінің кө ркемдік даму арналары (2001), А.Егеубаевтың «Кісілік кітабы» (1998), Р.Тұрысбектің «Сөз сарасы» (1996), «Ар айнасы» (2000), Т.Шапайдың «Шын жүрек – бір жүрек» (1999), Д.Ысқақұ лының «Сын өнері» (2001) т.б. әдеби сын , зерттеу кітаптары жарық көрді.
Бұл жылдары әдеби даму мен үрдіс, көркемдік жанрлық жүйе, руханияттың әр алуан мә селелері М.Әлімбай, Ә.Нұршайықов, Т.Әбдірахманова, С.Шәймерденов, Қ.Мырза-Әли, М.Мырзахметұлы, М.Жолдасбеков, Ә.Кекілбайұлы, С.Қасқабасов, Ә.Нарымбетов, М.Серғ алиев, С.Досанов, С.Мақпырұлы, Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазиұлы, Қ.Әбдезұлы, Б.Әбілқасымов, З.Бейсенғали, Т.Жұртбай, А.Жақсылықов, С.Негимов, Ә.Мендеке, Ә.Балқыбек, Д.Қамзабекұ лы, Б.Кәрібаева, А.Кеңшілікұлы, Б.Сманов, Ә.Тарақ, М.Үмбетаев, Ш.Ыбыраев т.б. ақ ын-жазушылар мен әдебиет зерттеушілерінің ізденіс-іздерінен, жекелеген еңбектері мен мақ алаларынан кеңінен көрініс тапты.
Сын мен сыншы мұраты, ұлттық сөз өнерінің даму бел- белестері, көркемдік таным арналарыЗ.Серікқалиұлының «Сын кітабы» (1997) таңдамалысының алтын арқауын құрайды. «Керуен жолы», «Дүниетану даналығы» атты қос бөлімде қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелері, ә деби-ғылыми, көркемдік әлем иірімдері, ізгілік пен имандылық жайлы жан-жақты сөз етіледі.
«Дүниетану даналығы»(1994) – көне кезеңнен қазіргі дәуірге дейінгі аралықтағы өнер табиғатын, ғылыми және көркемдік дүниетаным ерекшеліктерін, мәдени-рухани мұралардың өзара байланысымен бірін-бірі байытуы, эстетикалық қуат-нәрі кеңінен көрсетіледі. Біздіңше, бұл еңбектер ұлттық мұратты, руханият өрісін кеңінен көрсетеді. Әдеби мұра мен оның зерттеудің көкейкесті мәселелерін, сын мен сыншы сипатын жан-жақты танытады.Танып-талдау еркін.Уақыт бедерлері айқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет