Әдебиет зерттеушісі Б.Майтановтың «Қазақ романы және психологиялық талдау» (1996), «Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы» (2001) атты еңбектері әдеби туынды табиғатын ,кө ркем прозаның поэтикасын, қазақ романының даму кезеңдерін, қаһарманның рухани әлемі мен ондағы мінездеу, психологиялық параллелизм, диалог, монолог мәселелерін кеңінен қ арастырады. Зерттеуші, әсіресе, Ш.Құдайбердиевтің «Әділ-Мәрия», М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Торайғыровтың «Кім жазықты», «Қамар сұлу», С.Көбеевтің «Қалың мал» С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу», Б.Майлин «Шұғаның белгісі», Ж.Аймауытұлының «Ақбілек», М.Әуезовтың «Абай жолы», Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке», «Жат қолында», Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» т.б. танымал туындыларын өзіндік ерекшеліктеріне сай-саралап, жүйелі сөз етеді. Көбінде кейіпкер жүйесінде, психологиялық аспектіге назар аударып, қайсыбір туындыларды топтап, жалпылама баяндайтын тұстары да бар. Өткір сын, өзекті ойлар, толғамды толғаныстар айқын аңғарыла бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |