Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


Әдебиет сыншысы Қ.Ергөбек



бет64/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Әдебиет сыншысы Қ.Ергөбек есімі қалың көпшілікке кеңінен таныс. Әсіресе, ә дебиеттің даму кезеңдері, жекелеген ақын-жазушылар мен С.Мұқанов, Б.Кенжебаев т.б. туралы зерттеу еңбектері («Баянғұмыр», «Жақсыдан қалған сөз», «Сәбит Мұқанов», «Жазушы шеберханасы» т.т.) дерек көздерімен, ізденіс мұраттарымен ден қойғызады.
Екі бөлімнен тұратын «Баянғұмыр» (1991) – қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық проза, естелік, күнделік табиғатын, жекелеген ақын-жазушылар С.Мұқанов, С.Дөнентаев, Б.Кенжебаев, Н.Раевский, Д.Снегин т.б. өмірі мен шығармашылығын кең көлемде қ арастырады.
«Өмір өнегесі» бөлімінде – қазақ мемуарлық әдебиет үлгілеріне (Т.Кәкішев «Сәкен Сейфуллин», И.Стрелкова «Шоқан Уәлиханов», М.Сәрсекеев «Қаныш Сәтпаев», Ж.Арыстанов «Таң жұлдызы», З.Ақышев «Жаяу Мұса», М.Рүстемов «Нартай» т.т.), естелік жанрына («Қ ызыл сұңқар», «Біздің Мұхтар», «Актер және азамат», «Нұрлы жүрек», «Кәдімгі Сәбит Мұқ анов» т.т.), хат мұраларына («Хат жаздым қалам алып...», «Жүрек қанымен жазылған хаттар») кең орын беріледі.
«Тағдырлар өнегесі» бөлімінде – С.Мұқановтың өмірі мен қаламгерлік қызметі,
Д.Снегинмен сұхбат, Б.Кенжебаевтың білім-ғылым жүйесіндегі белгі-ерекшеліктері,
Д.Исабековтың шығармашылығы туралы толғам-толғаныстар енген.
Қ.Ергөбектің зерттеулерінің басым бөлігін академик-жазушы С.Мұқановтың өмірі мен шығрмашылығына қатысты еңбектер құрайды («Сәбит Мұқанов» -2000; «Жазушы шеберханасы»-2002).
«Сәбит Мұқанов» (2000) – Қ.Ергөбектің жан-жақты қарастырған, ұзақ уақыт зерттеп-зерделеген елеулі еңбектерінің бірі.
Зерттеу еңбек құрылымы тұрғысынан үш бөлімнен («Адасқандардан» - «Мөлдір махаббатқа» дейін, «...Тап маған белгі таққан», «Қатар аттап ғасырмен»), мазмұн-табиғаты жағ ынан С.Мұқановтың өмірі мен өнегесін, кезеңі мен қызметін, шығармашылық мұрасын кең кө лемде қарастырған жүйелі, біртұтас туынды. Автор С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылық мұраларын дерек көздерінің негізінде жүйелі сөз етіп, сол арқылы жазушы шеберханасына еркін енеді. Бұл ретте «Адасқандар» романының-«Мөлдір махаббатқа» айналу үрдістері, өлең мен жазылған – «Сұушаш» романының шығармашылық тарихы, «Балуан Шолақтағы» романтикалық-патриоттық пафостар, «Жұпархандағы» ақындық қуат пен толғаныстар, «Аққ ан жұлдыз» бен « Қазақ қауымының»тағдыр-талайы т.т. ізденіс арналары, архивтік-деректер негіздері, зерттеушілік көзқарас, қолтаңба терең танылады. Ең негізгісі, тақырыпқа адалдық, к өзқарас айқындығы, мол материалдар жүйесі жеңіл, жинақы жеткізіледі. Десек те, зерттеу ең бекте журналистік ақпарат, публицистік сарын сезілмей қалмайды. Ғылыми мұрат, ізденіс арналары айқын, бедерлі болғаны нұр ғой.
Д.Ысқақұлының «Сынсонар» (19941), «Сын өнері» (2001) – қазақ әдебиет сынының теориялық неіздерін ғылыми тұрғыдан байыптап, саралауға арналған. Кітап 7 тарау, бірнеше б өліктерге бөлініп, онда әдеби сынның сипаттары, әдіснамасы мен әдістері, көркемдік принциптері, жанрлық жүйесі, әлеуметтік-эстетикалық қырлары, басқа ғылым салаларымен байланысы кеңінен сөз етіледі.
Автор әдеби сынның табиғатынан бастап, оның арғы-бергі тарихын, әлеуметтік-халық тық мұраттарын, шығармашылық қыр-сырларын, эстетикалық ой-пікірлер жүйесін жан-жақты зерттеуді мақсат еткен. Алайда, сын табиғаты мен жанрларын, құрылымдық жүйесін, ондағы идеологиялық, публицистикалық, лингвистикалық, басқа да түрлеріне қатысты айтқанда тым қарабайырлап, шолу, сипаттамалар беретін тұстар танылады.
Негізінен, «Сын өнері» - әдеби сын мұратын, сыр-сипаттарын танып-талдау тұстарында дерегі, көмегі көп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет