Төртіншіден, әдебиеттің нақты кезеңіне, шығарманың жанр, стиль, типология, эстетика, генезис, поэтика т.б. қырларына маңыз беріліп, көркемдік құпиясының қыр-сырын алуан салыстыру-талдаулармен кешенді қарастыруы айқын аңғарылады.
Бесіншіден, ең негізгісі – қазақ әдебиеттану ғылымы еркін елдің мақсат-мұраттарына сай бағыт-бағдарын, даму кезеңдері мен белес-биігін айқындап, уақыт талабына сай ілгерілеп, дамып келеді.
Ендеше, әдебиет, оның тарихы мен даму бел-белестері – ұлт мұраты мен тағдырының рухани көрінісі, көркемдігі һәм шынайы болып табылады. Әдебиеттану мен сын осы бағыттағ ы даму мен дағдарысты тамыршыдай тап басып көрсетеді. Ұлттық мұрат пен рухани құндылы қтарды, сөз асылын саралап, зерттеп-зерделейді.
Ұлттық әдебиет әлеміндегі кейбір белгі-ерекшеліктер осыған келіп саяды.
Достарыңызбен бөлісу: |