Тұтастай алғанда, қазақ әдебиеттану ғылымы (көне кезеңдерден бүгінге дейін) алуан асу, бел-белестерден өтті. Атап айтқанда:
Ұлттық сөз өнері туу, қалыптасу, даму жолдарынан өтіп, әдеби-ғылыми сипаты, бағ ыт-бағдарлары айқындала түсті;
Қазақ әдебиетінің тарихи кезеңдері белгіленді;
Ұлттық тарихқа айқын көзқарас қалыптасып арғы-бергі кезеңдердегі Алаш ардақ тыларының есім, еңбектері халқына қайта оралды;
Қазақ әдебиетінің тарихы жекелеген кезендер бойынша қарастырылып (мысалы, ежелгі дәуір әдебиеті, ХҮ-ХХ ғ.ғ. қазақ әдебиеті, т.т.), теориясы мен методологиялық әдіснамасы, библиографиялық көрсеткіш-жылнамасы жасалып, көркемдік ізденістері, шығармашылық үрдістері кең өрісті арнамен дамып келеді.
Қазақ әдебиеттану ғылымының келешектегі мұрат-міндеттері қатарына мыналар жатады:
Ұлттық сөз өнері, оның әуелгі түп-төркіні бүгінгі уақыт талабы мен жаңа көзқарастар тұрғысынан соны зерттеулердің жүйесіне айналу керек;
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселесі қоғамдық-тарихи жағдайларға, жекелеген т ұлалардың орын-үлесіне, сөз өнерінің бағыт-арналарына, әдіс-тәсілдеріне орайластырып емес, керісінше ұлттық әдебиеттің даму үрдістеріне сай саралануы, жү йе құрауы тиіс;
Алыс-жақын елдердегі қандастарымыз бен Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі қ аламгерлердің атын-затын түстеп, өмір-кезеңін, шығармашылығын жүйелеу, зерттеу міндет;
Ең негізгісі, әдебиет – халық мұрасы, оның көркем ойы, рухани шежіресі болса, ұ лттық әдебиеттану ғылымында осы белгі -ерекшеліктер жүйелі арна алып, бұлтартпас дерек көздерімен, әдеби-ғылыми тұрғыдан терең де мәнді талдау-зерттеулермен, байыпты көзқарас, түйінді тұжырым-ұсыныстарымен бедерлі сипатқа ие болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |