Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


Әдебиет әлемінде – әдіс мәселесі ерекше орын алады



бет67/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Әдебиет әлемінде – әдіс мәселесі ерекше орын алады. Әдебиеттің даму бағыттары, кө ркемдік таным арналары – әдіс төңірегіне кең өріс алады. Кеңес дәуіріндегі сөз өнерінде (ә дебиетте) айналып өте алмайтын тақырыптың бірі – әдіс мәселесі, яки социалистік реализм ә дісі. Озық елдердің сөз өнернің өріс-арналарын саралар болсақ, еліміз әдебиеті (осы әдіс аясында) тақырыптық-көркемдік аясы жағынан болсын, бейнелік, тілдік тұрғыдан болсын – ә сіресе астамшылық, даңқ пен дақпырт, ой мен сөздегі жұтаң, тайыздық аяққа тұсау болғанын, тіпті партократтар ұстанған «теория» екенін бүгін біліп, айта бастадық. Бұл мәселеге «Қазақ ә дебиеті» газеті арнайы оралып, сұхбат ұйымдастырғанын (25 қаңтар, 1991) құптағанмен, оның өзі бірер ой, мақалалардан соң сап тиылды. Бәлкім неге? деген сауал тіл ұшына оралар. Оған жауабымыз – сұхбатқа қатысқан белгілі әдебиетші, ғалымдардан соңғы буындардың басын қ осып, ортақ пікір өрбіткен орынды-ақ еді. Тіпті, жас әдебиетші, ғалымдардың өзін сөйлетіп, ой-пікірін білудің өзі маңызды емес пе? Қазіргі кезеңде әдебиеттің барлық жанры қатар, өрісті өркен жайып келеді. Алайда, әдеби жыл қорытындысында, жекелеген жанрлар жөніндегі маслихаттарда –әдіс туралы сөз қозғалмайды. Біздіңше, әдебиеттің даму бағыттары, жазушы е ңбегі мен шығармашылық үрдісі –әдіс мәселелермен тығыз ұштасып жатыр. Кемел ой, келелі мәселелер осы тұста бар қырынан жарқырай көрінуі керек.
Көп болып ойласар мәселелер қатарына ақталған ақын-жазушылардың әдебиеттегі орнының айқындалуын да жатқызар едік. Әрине, бұл тұстарда әдеттегідей оң жамбасымызға келеді екен деп, алфавиттік жүйе-топпен емес, ендігі жерде әрбір қаламгерлердің сөз өнеріне қ осқан үлес, еңбектеріне қарай орын-орынына қою, соған сай танып, талдаудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Ойға оралар бір жайт: қайсыбір қалам қайраткерлері болмасын оларды ақталған ретінде бірыңғай мақтап, мадақтаумен бірге кезең шындығына орай артық -кем ойларын да байыпты саралап, әділ бағасын берген жөн. Инемен құдық қазғандай – оқу, ғ ылымның мән, мазмұны сонда ғана айқындалмақ. Бұл жәйлар бүгін баршамызды ойландыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет