С.Әшімбаевтың «Шындыққа сүйіспеншілік» атты сын мақалар мен портрет, эсселер кітабы (1993)- мәдени-рухани өмірдегі өзгеріс-құбылыстарды, ақын-жазушылар шығ армашылығындағы өзіндік ізденіс, бағыт-бағдарларды, қолтаңба мен көзқарастағы, ой-сөз жү йсіндегі, стиль сипаттарындағы етекшеліктерді жан-жақты талдап, кең көлемде саралайтын ойлар мен толғаныстардан тұрады.
Сын кітабы – «Азаматтық поэзия – айқындаушы күш», «Шындыққа сүйіспеншілік», «Қ олжазбадан кітапқа дейін» деген бөлімдерден, сөз өнеріңін алуан қырын, жекелеген қ аламгерлердің өзіндік өгешелігін көрсететін көптеген мақалалардан, сыншы-ой сипаттарынан тұратын толғам-түйіндердің негізін құрайды.
Алғашқы тараудағы / «Азаматтық поэзия – айқындаушы күш», «Биік мұрат тұрғ ысынан» атты мақала күрделі жанр – романға тән белгі-ерекшеліктерді танып, тарзылаудан басталып, қазақ әдебиетінде осы бағытта қалам тербеп жүрген жазушылардың жетістік , кемшіліктерін көрсетуімен, сондай-ақ әдебиеттің көркемдік-эстетикалық талабы мен спасын ә рі философияқ-психология талдау, характер қарекеті мен ішкі монолог т.т. мәселелерді нақ тылы, дәлелді сөз етумен ерекшеленеді. Мәселен, И.Гетенің «Фауст», М.Гончаровтың «Обломов», М.Шоловтың «Олар Отан үшін шайқасты» секілді көлемді де күрделі шығ армаларды, М.Әуезовтың «Абай жолы», Ғ.Мүсіреповтың «Жат қолында», Ә.Нұрпейісовтың « Қан мен тер» т.т. романдарды тақырыптық аясы, жанр мүмкіндігіне сай сараласа, керісінше С.Бақбергеновтың «Қансонар», Қ.Оразалинның «Абайдан соң» т.т. романдарының «... адам психологиясын берудегі, образ-характер мүсіндеудегі мүшкіл хал, таныс әуен, таптаурын соқ пақтан аса алмағандығын өкінішпен айтар едік» деп /14 бет/ ой түйеді. Сондай-ақ, М.Мағ ауиннің «Көк мұнар» романына қатысты «... жақсы тақырыпты жасатып алуы, уақытқа тән ә леуметтік мәні бар шындықтарды тап басып көрсете алмауы» /17 бет/, Н.Сералиевтің «Махаббат туралы хикая» атты повесі туралы: «... жалған сүйіспеншілікті, өмірдегі кездейсоқ жайларды жазудан аса алмайды» деп /24 бет/жанр талабы, өмір мен көркемдік шындықтың ара қатынасын ұлттық әдебиеттегі орны, үлгі- белгілермен байланыста, дәлелді сөз етеді.
Сыншы еңбегінің, көзқарастарының терең көрініс беретін тұсы көркем шығармадағы философиялық ой айту мүмкіндіктері, кейіпкер сөзі мен монолог-толғаныстары мен авторлық баяндау-суреттеу т.т. сай саралануында дер едік. Бұл ретте Ғ.Мүсрепов, Т.Әлімқұлов, Ә .Кекілбаев, Ө.Бөкеев т.б. повестеріндегі «... оқиға мен образ логикасынан философиялық шешімдер, ой-түйіндеулер» байқалса, А.Сүлейменовтың «Бесін» прозадағы философиялық ой айтудың жақсы нышаны /21 бет/, оңды белгісі ретінде сөз етеді.Сыр-сипаттары көрсетіледі.Ма ңызы ашылады.
Сын кітабына енген «Азаматтық позиция – айқындаушы күш», «Азаматтық формуласы» және «Бүгінгі жазу – өмір талабы» т.т. мақалалар әдебиеттің жалпы мәселелерін, даму сипаттарын сөз етумен бірге қоғамдық-әлеуметтік, адамгершілік—философиялық жә йлер,елдік-ұлттық мүдде мен көркемдік құбылыстар, жаңашылдық белгі-нышандар алдымен Абай поэзиясы негізінде тілге тиек етіліп, кейінгі жерде әлем /А.Карпантьер, Ж.Амаду, Г.Маркест т.б./ және орыс /Толстой, Чехов, Достоевский т.б./ қаламгерлерінің әдеби-көркем ойды дамыту жолындағы ізденіс, ерекшеліктерімен табиғи байланыста қарастырылады. Нә тижесінде – адамтану ілімі, азаматтық, гуманистік қасиеттер жеке адамның емес, қоғамның байлығы деген қорытындыға келеді /184 бет/.
Екінші бөлімге /»Шындыққа сүйіспеншілік»/ енген мақала мен сыни ойлар мәйегі – сөз өнерінің сырын танып-түстеумен бірге әдеби-көркемдік ойдың қоғамдық-рухани өмірден алар орнын, атап айтқанда ұлт байлығы – тіл бедері мен белгілерін, әдебиет тамыршысының сипатын, өлең өрнегі – ой мен сезім тұтастығын т.т. «Тура биде туған жоқ» тұрғысынан адалын айтып, жарқын жүз танытуымен, танып-талдау тереңдігімен ден қойғызар еді. Мә селен, «Сыншыл ойдың сипаты немесе сексенінші жылдардағы сындарға көзқарас» атты мақ ала әдеби-көркемдік сынның қоғамдық-әлеуметтік орнын айқындаумен қоса сын мен сыншығ а ән белгі – ақ сөйлеп, адалын айту, таным-парасаттың табиғилық қажеттілігін, ең негізгісі жазушы мен оқушыға қатар ой салатын, көркемдік пен шындық алдында екеуін де талант пен танымға табындыратын өнер ретінде қарайды. Автор сөзін ойға алсақ: «... сын тәрбиенің ең жо ғары түрін көрсететін эстетикалық тәрбие құралы» /241 бет/.Сын мен сыншы сипаттары айқ ындалады.
Осы мақалада әр жылдары қабылданған құжаттар, қазақ сынының қалыптасуы мен дамуына елеуді еңбек еткен Ғ.Тоғжанов, І.Қабылов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Т.Нұртазин, І.Омаров т.б. сынды қаламгерлер, кейінгі он жылда осы бағытта өнімді ізденіс пен мақалалар жазған М.Қаратаев, Ш.Елеукенов, Г.Бельгер, З.Кедрина т.б. сыни ойлары орынды еске алынып, оңды бағалар берілді.
Бұл бөлімде назар аударуды қажет ететін мақалалардың қатарына- «Түсіндірме сөздік туралы түсініктеме сөз», «Сын – жауапкершілік һәм бәріне жауап берушілік немесе әдебиет сыншыларының адамзат болашағы үшін жауапкершілігі» жайлы сұхбат, «Сыншыл ой туралы сыр», «Проблема ен міндеттер немесе соңғы жылдардағы сынға көзқарас» т.т. жатқызамыз.
Таңдамалыға енген «Абай тағылымы» - азаматтық тағылым», «Ғ.Мүсірепов туралы триптих» т.т. мақалалар дерек пен дәйегі мол, рухани мәйегінің көптігімен назар аудартады.
Біздіңше, таңдамалы тағылымы төмендегідей;
Қайсыбір мақала, сыни ой-пікірлер /қай кезде жазылып, айтылғанына қарамастан/ бү гінгі әдеби қозғалысқа, оны танып-талдауға көмегі де, берері де мол;
Сыншы білімі, мол материал-деректің қазақ әдебиетін, қайсыбір қаламгерлер мұраты мен ерекшеліктерін т.т. тануда, талдау жұмыстарында көмегі көп;
Ең негізгісі, сыншы мұраты, ой-көзқарастары, таным-талғамы – ақиқатты айтуымен, талдау тереңдігімен деп қойғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |