Қазақ әдебиеттану ғылымын Алаш ардақтылары – Т.Жүргеновтің, М.Тынышпаевты ң; І.Омаровтың «Арыс» қоры дайындаған – «Таңдамалы» еңбектері толықтыра түсті. «Таң дамалы» тағылымдары есім-еңбегі қалың көпке таныс тұлғалардың өмірі мен қызметін, шығ армашылық ғұмырбаяндарын құжаттық-деректік материалдармен байытып, жүйелі баяндауымен бағалы. Тарихи-ғылыми мәні мол.
Ұлттық мақтанышымыз, руханият әлемінің биік белесі – «Қорқыт ата» кітабының – 1300, «Алпамыс батыр» жырының – 1000 жылдықтары халықтық мерей-мейрам, әрі күллі тү ркіге ортақ асыл мұра, тарихи жәдігер ретінде кеңінен аталып өтті. Сондай-ақ, ұлттық-рухани көкжиегіміздің жарық жұлдыздары: М.Дулатидің – 500, Абай мен Жамбылдың – 150, М.Ә уезовтің, Қ.Сәтпаевтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің, Ә.Марғұланның, Ә.Қ астеевтің – 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО деңгейінде еліміздің көптеген аймақ тарында, жоғары оқу орындарында ғылыми жиын, кеш-кездесу сипатында үлкен жауапкершілікпен өтті. Аталған тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы қайта қаралып, соны дерек көздерімен толықтырылып, жаңа көзқарастар тұрғысынан бағаланды. Мерейтой тұ старында халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық конференциялар өтіп, қазақ, орыс тілдерінде жеке кітаптар жарық көрді.
Сондай-ақ З.Ахметовтың «Абайдық ақындық әлемі» (1995), Р.Бердібаевтің «Әуезов шың ы» (1997), Д.Досжановтың «Алаптың азабы», Қ.Мұхаммедхановтың «Абайдың ақын шә кірттері», З.Қабдоловтың «Көзқарас» (1996), «Менің Әуезовім» (1997), Б.Құндақбаевтің «»М. Әуезов және театр» (1997), Қ.Мырзахметовтың «Абайтану тарихы», Р.Нұрғалидың «М.Әуезов және алаш» (1997), Т.Жұртбайдың «Дулыға» (1994), «Талқы» (1997), «Күйесің жүрек...сүйесің » (2001, Ж.Ысмағұловтың «Абай: ақындық тағылымы» (1994 мен «Абай энциклопедиясы» (1995), «Абай елі» (кітап-альбом), «М.Әуезов және әлем әдебиеті» (конференция материалдары 1997-2001), «С.Мұқанов – классик » (2000), «С.Мұқанов және қазақ әдебиеті» (2000) – конференция материалдары, «Жамбыл әлемі» (альбом), «Қазақ арыстары» (плакат-портрет), «Түркістан» (Халықаралық энциклопедия - 2000), «Түркістан» (кітап-альбом), «Қазақтың 100 романы» (2004), «Алаш» қозғалысы» (2008), «Әлем қазақ тарының рухани сұхбаты» (2008), «Қазақ әдебиеттануының қалыптасу тарихы» (2008), «Өлең өлкесі» (2009), т.т. аталым, басылымдар жарық көріп, қалың көпшілікке, әдеби-ғылыми қауым ға рухани нәр берді. Анық аңғарылар жайт: аталған кітаптар даталық күндер тұсында ғана қол ға алынып, ойға түспеген –ді.Керісінше, ұлттық мұрат пен тарихи құндылықтарға, адам мен оның еңбегіне – құрмет, әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне қамқорлық, танымал тұлғалардың ізденіс –жемісіне, тақырыпқа-адалдық сипаттары кеңінен көрінер еді. Аталған еңбектердің ізденістен туғандығы, әдеби-ғылыми, тарихи-танымдық сипаттарының басым екендігін де осы реттен еске алар едік.Мәдени-рухани нәрі де аса мәнді.
«Ақтандақтарды жою» ісі тәуелсіздік жылдарында, әдебиеттануда ерекше көрініс берді. Бұл ретте, алдымен өткен тарих тағылымдары терең таразыланды. Кезең-құбылыстарға, уақыт сырларына зор маңыз берілді. Алаш тарихы мен тағдыры, оның біртуар тұлғалары, өмірі мен кезеңі қайта қаралып, жаңа уақыт талаптары тұрғысынан терең зерделенді. Халықтың өткен тарихы мен белесті кезеңдердің артық-кем тұстары қайта қаралды. Көне кезеңдердің бүгінгі к үнге дейінгі тарих пен өмірдің бұралаң жолдары, Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің ө мірі мен қызметі, шығармашылық мұралары бүгінгі күн талаптары тұрғысынан жаңаша бағ аланып, кең көлемді зерттеулер жүргізілді. Маңыздысы: Алаш тарихы, оның танымал тұлғ алары мен туындылары толыққанды қалпында халқына қайта оралды. Оларды бүгінгі күн талаптары тұрғысынан қайта қарап, бағалауға да мол мүмкіндіктер туды. Біздіңше, бұл бағ ыттағы ізденістер мен зерттеу жүйесі жаңа сипат, соны үлгіде кең өріс алғаны нұр.
Өмір мұраты – Адамға қызмет ету, еңбегін құрметтеу емес пе?
Осы орайда, алдымен айтарымыз, Алаш арыстары (Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б.) ақталып (1988-89 ж.ж.), олардың бір томдық, көп томдық шығармалары қалың көптің қолына тиді. Осы кезең әдебиетінің «ақтандық беттері» ашылып, зерттеу жүйесіне – ғылыми айналымға түсті (мысалы, С.Қирабаев «Жүсіпбек Аймауытов» (1993), Ш.Елеукнов «Мағжан» (1995), Ш.Сәтпаева «Шәкәрім Құдайбердиев» (1994), М.Әбсеметов «Міржақып» (1996), Р.Тұрысбек «Жүсіпбек» (1997), «Ж.Аймауытұлы жә не 20 жылдардағы қазақ прозасы» (1998), «Ар айнасы» (2000), Д.Қамзабекұлы «С.Сәдуақасов» (1996. т.т.). Олардың еңбек-мұраларын жан-жақты зерттеп, терең тануға байланысты ғ ылыми-теориялық конференциялар болды. «Өлі разы болмай, тірі - байымас» деген өмір тә жірибесінен алынған қағидалы ойлар негізінде олардың туған, қызмет еткен жерлерінде мәң гілік есте қалдыруға қатысты іс-жұмыстар, әдеби-мәдени шаралар жүзеге асырылды.
Қазіргі кезеңде Алаш ардақтарының еңбек-мұралары, ұлт руханиятына үлкен үлес қосқ ан қазақ зиялыларының шығармашылық ғұмырбаяндары әдеби-ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастырылып, зерттеу мен зерделеудің алтын арқауына айналып келеді (қараңыз: Ж.Әбілев « Қазақ комедиясының генезисі мен жанрлық негіздері» (2001), Қ.Ергөбек «С.Мұқановтың творчестволық лабораториясы» (1995), А.Егеубаев «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің кө зкемдік жүйесі» (1999), Т.Есембеков «Художественно-эстетическое значение драматизма в казахской прозе» (1998), А.Исмакова «Поэтика казахской художественной прозы начало 20 века» (1998), С.Жәмбеков «Б.Күлеевтің ақындық мұрасы» (1997), Қ.Жүсіпов «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» (1997). Қ.Мәдібай «Зар заман ағымы және Шортанбай мұрасы» (1995), Б.Әбдіғазиев «Абай дәстүрі және Ш.Құдайбердиев» (1990), Ө.Әбдіманов «А.Байтұрсыновтың әдеби-публицистикалық қызметі» (1992), М.Әбсеметов «М.Дулатов творчествосы және 20 жылдардағы әдеби-тарихи процесс» (1998), З.Сейтжанов «Тарихи эпос», «Қытай қазақтарының әдебиетінің туып, даму жолдары» (2000), Т.Сыдықов «Қазақ тарихи романы» (1997), Р.Әбдіқұлова «Б.Әлменұлының әдеби мұрасы» (2001), Б.Ердембеков « Ә.Тәңірбергеновтің өмірі мен шығармашылығы» (1999), А.Тілеуханова «Шәкәрім шығ армашгылығындағы шеберлік пен таным бірлігі» (1995), Э.Пертаева «Д.Бабатайұлының ақ ындығы» (2001) т.б.).
Тәуелсіздік талаптары руханият дүниесіне де із-бедерін айқын түсіре бастады. Қ арастырылып отырған кезең аралығында – М.Базарбаевтың «Көрікті ойдан – көркем сөз» (1994), «Казахская поэзия:художественное искания» (1995), «Замана тудырған әдебиет»
(1997), Р.Бердібаевтің «Эпос мұраты» (1997), «Жұлдыздар жарығы» (2000), Т.Бейісқұловтың
«Бейімбетті атқан кім?» (2000), Б.Қожабекұлының «М.Х.Дулати» (2000), Ш.Елеукеновтың «Мағжан» (1995), «Кітаптану негіздері», (1997), «Әдебиет және ұлт рухы» (1997), М.Мамажановтың « Асыл мұра» (1993), А.Машановтың «Әл-Фараби және Абай» (1994), М.Мағауиннің «Ғасырлар бедері» (1991), «Қазақ тарихының әліппесі» (1994), Т.Қожакеевтің «Көк сеңгірлер» (1992), «Қым-қуыт іздер» (1999), А.Қасымжановтың «Ұлы даланың зиялылары»/1996/,А.Қыраубаеваның «Ежелгі әдебиет» (1996,1999), «Шығыстық қ исса-дастандар» (1997), Ө.Күмісбаевтың «Абай және Шығыс», «Пролемы арабо-персидских и казахских литературных связ» (1996), А.Мархабаевтың «Қазақ фонтастикалық әдебиеті» «1998!, Ж.Дәдебаевтың «Өмір шындығы және көркемдік шешім» (1991), «Әулие ата» (1998), Т.Жұртбайдың «Бейуақ» (1990), Қ.Алпысбаевтың «Мұқағали өрнегі» (2001), З.Бисенғалидың
«ХХ ғ.б. қазақ романы» (1997), Б.Майтановтың «Қазақ романы және психологиялық талдау» (1996), Б.Кәрібаевваның «Қара өлең және лирика» (2001), Қ.Құдаймендінің «Ел мен жер тағ дыры» (2000), Қ.Мәшһүр Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» (1999), «Кө ркемсөздің құдіреті» (2000), Б.Жетпісбаеваның «Символ в движения литературы» (1999), К.Садықовтың «Теория литературы» (1999). А.Исмакованың «Казахская проза: поэтика, стиль, жанр» (1998), Д.Ысқақұлының «Сын жырлары» (1999), «Сын өнері» (2001), Б.Әбдіғазиұлыны ң «Шәкәрім шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері» (2001), С.Ә шімханованың «Мир Габита Мусрепова» (1999), Ә.Дербісалиевтің «Қазақ даласының жұ лдыздары» (1997), Ғ.Есімнің «Хакім Абай» (1994), «Сана болмысы» (1-7 кітап. 1994-2002), «Ел қазынасы – ескі сөз» (1994), С,Мақпыровтың «Әдебиеттануға кіріспе» (1991), М.Мырзахметовтың «Әуезов және Абай» (1996), Т.Рахымжанұлының «Қазіргі қазақ романының поэтикасы» (1992), «Романның көркемдік әлемі» (1997), Т.Тебегеновтың «Халық ақындары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүр» (2001), Е.Тұрсыновтың «Единство эстетического опыта и кочевых и некочевых народов» (1993), А.Сейдімбековтың «Күй-шежіре» (1997), Б.Сағындықұлының «Ғаламның ғажайып сырлары» (1997), Н.Омашұ лының «Белестер» (1999), «Жол үстінде - журналист» (1999), Қ.Мәдібайдың «Зар заман ағ ымы» (1997), Р.Тұрысбектің «Сөз сарасы» (1996), «Ар айнасы» (2000), «Ұлт мұраты және руханият»/2008/, «Тари.Таным.Тағылым»/2008/, «Ақиқат айнасы»/2008/, М.Тәжімұратұлыны ң «Шейгерей» (1998), Ж.Тілептің «Тарих және әдебиет» (2001), Б.Сапарлының «Құнанбай қ ажы» (1995), З.Сейітжановтың «Шыңжаң қазақ әдебиеті» (1999), М.Үмбетаевтың «Пірім мені ң - Сүйінбай» (1992) Б.Омарұлының «Зар заман поэзиясы» (2000), С.Дәрібайұлының «Сөз асылын саралап», Э.Пертаеваның «Дулаттың ақындығы» (2000), А.Шәріп пен Н.Алтекованың «Қайраткердің қаламгерлігі» (1995), А.Шәріптің «Қазақ поэзиясы және ұлттық идея» (2000) т.с.с. зерттеу еңбектері жарық көріп, жаңа уақыт, соны көзқарастар тұрғысынан таразыланады. Басты байқалар жайт: ұлт мұраты, жекелеген тұлғалардың руханият жүзіндегі орын-үлестері, қазақ сөз өнерінің арғы-бергі тарихы, жанрлық-көркемдік жүйесі, поэтика мәселелері кең кө лемді зерттеу негізін құрайды. Кітап авторлары, негізінен көне кезең тарихына, руханият жү зіндегі ақтандақтар сырына, жеке тұлғалардың беймәлім қырларына, өмір, өнер заңдылық тарының түпкі мәніне жан-жақты назар аударатынын айқын аңғарар едік. Бұдан басқа, БАҚ ж үйесі, мұрағат материалдары, жаңа көзқарас пен уақыт талаптары, танып-талдау мұраттары ай қын.
Демократия, тәуелсіздік тағылымдары – Ауыл мен Астана арасынан, билік пен бизнестен, еңбек пен оқу орындарынан т.т. кеңінен көрінеді. Руханият ісінде, әдеби-ғылыми ізденіс-еңбектерден де көрініс тапты.
ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының әзірленуімен жарық кө рген - «Қазақ фольклористикасының тарихы» (Революцияға дейінгі кезең).- А, «Ғылым», 1988.-432 бет), «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (1 кітап). -А, «Ғылым», 1997. -512 бет), «20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті» (А, Ғылым, 1997.- 512 бет), «40-50 және 60 жылдарда ғы қазақ әдебиеті» (2-кітап).- А, «;Ғылым», 1998.-400 бет), «ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. қазақ әдебиетінің тарихы» (2000), «Әдебиет және өнер мәселері» (2001), «Фольклор поэтикасы» (2001) атты іргелі де, кәделі еңбектер- Институттың кейінгі кезеңдердегі маңызды ізденіс, жұмыстарын кө рсетумен бірге әдеби үрдістің даму бағыттарын, ондағы кезеңдік мәселелерді, әр алуан дерек к өздерін, тенденцияларды аналитикалық талдау-шолулармен әрі тарихи-ғылыми тұрғыдан айқ ындап берді. Атап айтқанда, «Қазақ фольклористикасының тарихы» атты ұжымдық зерттеуде халық әдебиетінің арғы-бергі тарихы – ХҮІІІ,ХІХ, ХХ ғасырлар арқылы арнайы жүйе құрап, б ұл саланың жекелеген мәселері, бұрыңғы-соңғы аталған ой-пікірлер бір арнаға түседі. Еңбекті ң маңызды қырлары, яки Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ә.Диваев, М.Ж.Көпеев т.б. өмірі, кезеңі, қызметі мен ел әдебиетін жинау, зертеу ісіндегі орын-үлестері нақтылы ізденіс, іргелі талдаулар арқылы көрсетіледі. Авторлар ұжымы (Р.Бердібаев, Ә.Дербісалин, С. Қасқабасов, З.Сейітжанов, Ш.Ыбыраев т.б.) қазақ фольклорының тарихы мен даму арналарын зерттеу негізінде іргелі ізденіс, терең талдау, келелі толғам-толғаныстарға еркін барған. Жү йелі ізденіске құрылған, әдеби-ғылыми сипаты жоғары бұл еңбек қазақ фольклорының шежіре-жылнамасы міндетін де, жылдар жемісін де айқын аңғартады. Осы іргелі еңбек үшін авторлар ұжымының бір тобына (Р.Бердібай, Ш.Ыбырай, З.Сейітжанов) ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Ал, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындаған «20-30 жылдардағ ы қазақ әдебиеті», «40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбектер кеңес кезіндегі ұлттық сөз өнерінің даму бел-белестерін, жанрлық жүйесін, әдеби үрдістің бағ ыттарын жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастырады. Атап айтқанда, Алаштың арыстары – Ш. Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы мен белгілі ақ ын-жазушылар - -Қ.Аманжолов, А.Жұмағалиев, З.Шашкин, Ж.Саин, Ғ.Сланов т.б. өмірі мен шығармашылығы қоғам, өмір, уақыт шындықтарына, яки Азат елдің әдебиетіне тән табиғи сипаттарға сай сөз етіледі. Әдеби-ғылыми мәні айқындалады.
Бұл еңбектердің маңызын арттырып, салмақтардыра түсер жайт: әр кезең шындығы мен түйінді мәселелердің сыр-сипатын ашарлық шолу мақалалар беріледі, жекелеген жанрлар жү йесі бойынша да арнайы сөз етіледі. Әдебиеттер мен есімдер көрсеткіші, әдеби өмір шежіресі тұрақты орын алады. Демек, кеңес кезеңіндегі әдебиеттің даму жолы, ізденіс, іркілістердің белгілі бір жылдар төңірегінде топтастырылып, жүйелі сөз етілуі – Болашақ қазақ әдебиеті тарихын жазудың алғышарттарын қалап, тәжірибе-тағылымдарын, өріс-өресін айқындауда дерек те, көмек те бере алады. Негізінен, бұл кезең (1920-60) қоғамдық-әлеуметтік жағ дайымен, мәдени-рухани үрдістерімен назар аудартып, жүйелі зерттеп-зерделеуді қажет етеді. Парасат пен саясат арақатынасын ашатын тұстар да жетерлік. Соны ізденіс пен жаңа көзқ арастар тұрғысынан қайта қарап, бағалайтын жайттар да бар. Бұл бағыт, арнаның келешекте кең өріс алғанын қалар едік.
Достарыңызбен бөлісу: |