Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


Т.Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы»



бет55/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Т.Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» атты оқу құралы (А, «Санат», 1994.-448 бет) сөз өнерінің әуелгі тарихы мен теориясы секілді құрамдас бөліктерінің бірі – ә дебиет сынының қалыптасуы мен тарихи даму жолдарын қарастырады. Оқулық авторының б ұған дейін «Октябрь өркені» (1962), «Сын сапары» (1971), «Оңаша отау» (1982) секілді ә дебиет сынының есеюі-өсу, шығармашылық әрі ғылыми мәселелерін жүйелі де тиянақты қ арастырып келгенін ескерсек, «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» атты оқу құралының жазылып-жарық көруін қалың көптің, әдеби-ғылыми жұртшылықтың күткені анық-ты.
Автор оқу құралының алғашқы тұстарында-ақ, қазақ әдебиеті сынының өзіндік тарихы, әдеби-ғылыми мәселелері барын, жоғары оқу орындарында арнайы бағдарлама негізінде жалпы курста оқытылатынын жүйелі баяндайды.
Оқу құралын екі бөлім, бес тарау арқылы жасайды, баспасөзбен байланысын,жазба ә дебиеттегі орнын, жеке жанр ретіндегі ерекшеліктерін т.т. қоғамдық-кезеңдік жағдайлармен, әдеби-руханияттық үрдістермен табиғи сабақтастықта қарастырылады. Нәтижесінде: қазақ ә дебиеті сыны мен ғылымынң тарихи дамуын үш кезең төңірегіне топтастырады: «Бірінші кезе ң – қазақ әдебиет сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиетінің сынының туу процесі Қазан төң керісіне дейін созылған. Екінші кезең – қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтиды. Ү шінші кезең – қазақ әдебиет сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі- 1938-1985 жылдар аралығы» (3 бет).
Негізінен, бұл жүйелеу, көзқарастар қазіргі кезеңде қайта қарауды, толықтыра түсуді қ ажетсінері хақ. Өйткені, әдеби сын мен оның өзекті мәселелері, сыншы сипаты төңірегінде алуан ой-пікірлер, көзқарастар бар. Зерттеп, зерделейтін тұстар да жетерлік.
Сөз жоқ, оқу құралында қоғамдық жағдай, кезеңдік көрініс-құбылыстар, әдеби мұраны игеру мәселелрі, белгілі-белгісіз тұлғалардың есім-еңбектері, бұрыңғы-соңғы қаулы-құжаттар, қысқасы қазақ әдебиеті сынының туу, қалыптасу, даму кезеңдері бірде шолу, енді бірде талдау, тіпті қайсыбір тұстардан көзқарас эволюциясы кеңінен көрініс береді. Көңілдегі қ уаныш: қазақ әдебиеті сынының арғы-бергі тарихы, бағыт-арналары қазіргі кезде жүйелі ізге түсіп, кең өріс алып келеді.
Алайда, қазақ әдебиет сынының ғылыми-теориялық категорияларын, әдіс-тәсілдерін, сонымен бірге «Сыншы дарыны – сирек дарын» екенін кең көлемде көрсету қажеттілігі қазіргі кезеңде сезіліп-ақ келеді. Қазақ әдебиеті сынының кәделі істерінің бірі осы.
Т.Кәкішұлының «Сәкен Сейфуллин» (1997), «Мағжан-Сәкен» (1999), «Сәбең әлемі» (2000) сынды еңбектері де ізденістен туған, әрі дерек пен дәйекке, жаңа көзқарастарға негізделуімен мәнді. Жаңа материал, көзқарас эволюциясы соны сипат, серпінді сөз етілуімен бедерлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет