Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар


Өсімдік клеткасының ультрақұрылысы



бет4/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#80346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
лекц ФР

Өсімдік клеткасының ультрақұрылысы



1–пектоцеллюлоздық мембрана; 2–клеткааралық қуыс; 3–плазмодесмалар; 4–эндоплазмалық тор (ретикулум); 5–вакуоль; 6–тонопласт; 7–провакуоль; 8–ядро; 9–ядролық мембрана; 10–ядролық тесіктер; 11–ядрошық; 12–интерфазалық хромосомалар; 13–Гольджи аппараты; 14–рибосомдар; 18–хлоропласт; 19–лейкопласт; 20–осьмиофильдік гранулалар (липидтердің ұсақ тамшылары); 21–цитосома, эндоплазмалық тормен тікелей байланыста болатын гранула; 22–элайопласт (микрогранула мен микротүтікшелердің шоғырлануы); 23–сферосома (әр түрлі гидролазалары бар тығыз гранулалар); 24–гиалоплазманың спираль тәріздес фибриллалары; 25–Гольджи аппараты экскретінің шоғыры; 26–пиноцитоздық инвагинация (Р.К.Саляев бойынша).
1- сурет
Рибосомалар. Клеткадағы белоктың биологиялық синтезделуін іске асыратын рибонуклеин қышқылды, өте күрделі пішінді, диаметрі 20 нм шамасында, қосарланған екі-үлкен және кіші бөліктерден құралған денелерді рибосомалар деп атайды. Өсімдік клеткасында рибосоманың үш түрі кездеседі: митохондриялық, хлоропластық және цитоплазмалық.
Митохондриялар. Клеткадағы тотығу-тотықсыздану процестерінің, электрон тасымалдаушы тізбектерінің, тотыға фосфорлану, яғни жалпы энергия алмасу процестерінің орталығы митохондриялар болып
есептеледі. Олардың сыртқы қалыңдықтары 5-6 нм шамасында болатын қос мембраналы қабықпен қоршалған. Митохондрияның жалпы құрамында 65-70 % белок, 25-30 % липидтер және аздаған мөлшерде нуклеин қышқылдары бар. Көптеген зерттеу нәтижелері митохондриялардың эволюциялық жағынан прокариотты клеткадан шыққандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет