Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар


Тыныс алу туралы ілімнің даму тарихы



бет14/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#80346
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
лекц ФР

Тыныс алу туралы ілімнің даму тарихы
Тыныс алу туралы ұғымдар өсімдіктер физиологиясы ғылымның жеке саласы ретінде қалыптаса бастаған кезден-ақ пайда болады. Бірақ, ол туралы ілімнің дамуы ХҮШ ғасырдың соңғы ширегінен басталды. Бұл кезде Дж. Пристли, А.Л.Лавуазье және басқа ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде ауа кұрамы анықталып, оттегі (1774 ж.) ашылған болатын. Хайуанаттардағы тыныс алу процесін және жануды катар зерттеп А.Л.Лавуазьс 1773-1783 ж.ж. тыныс алуда жәнс жануда оттегі сіңіп, көмірқышқыл газы бөлінеді деген тұжырым жасады. Ол өзінің тәжірибелеріне сүйеніп жану процесіне оттегі кажет, ал тыныс алу — тірі организмде коректік заттардың баяу жануы деп ұйғарды.
Я. Ингенхауз 1778-1780 ж.ж жасыл өсімдік жарық жағдайына байланысты С02 сіңіріп, 02 бөлумен қатар, О, сіңіріп, СО, бөліп шығаратындығын дәлелдеді. Шамамен, 20-25 жылдан соң НГГ.Соссюр өз тәжірибелерінің нәтижесінде жасыл өсімдіктерде газ алмасудың өзара қарама-қайшы екі түрі бар екендігін дәлелдеді. Ол өсімдіктің жасыл бөліктерінен СО2 бөлінуі және оттегінің сіңуі тек қараңғылықта ғана, ал түссіз бөліктерінде — түнде де, күндіз де байқалатындығын көрсетті. Өте дәл әдістермен жүргізілген осы зерттеулер нотижесінде қалыптасқан қорытындылар көп уақытқа дейін ғалымдар арасында қабылданбады. Көптеген беделді зерттеушілер, өсімдік организміндс тыныс алуға бейімді дербес органның жоқтығына сүйеніп, осы процестің болатындығына күмәнденді. Сондай-ақ бір организмде қатарынан қарама-қарсы екі процесс - фотосинтез және тыныс алу болуы мүмкін емес деп ұйғарылды.
Осыған байланысты 1842 ж. атақты неміс ғалымы Ю.Либих өсімдіктерде тыныс алуды жоққа шығарып, түнде С02-нің фотосинтезге пайдаланылмаған қалдығы бөлінеді деген тұжырым жасады.
Бірақ XIX ғасырдың соңғы, XX ғасырдың алғашқы кезеңдеріндегі зерттеулердің нәтижесінде хайуанаттар мен өсімдіктердегі тыныс алу біртектес екендігі туралы жаңа мәліметтер алыңды. Тыныс алу процесіне пайдаланылатын заттардың ең негізгісі көмірсулар болатындығы дәлелденді.Осы ілімнің жан-жақты тереңдеп дамуына үлес қосқан ғалымдар И.П.Бородин, Х.Ф.Шейнбайн. А.Н.Бах, В.И.Палладин, С.П.Костычев, О.Варбург, Х.Виланд зерттеулері биологиялық жағдайда тірі клетканың сырттан энергия пайдаланбай органикалық заттарды тотықтыру қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторлардың тегін табуға бағытталды.
XX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап жүргізілген Д.Кейлин, Г.Эмден, О.Мейергоф, Х.Кребс, А.Сент-Дьерди, В.Христиан, Д.Грин, С.Очоа, Х.Теорель, Д.М.Михлин және т.б. ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде тыныс алу процесінің химиялық негіздері мен ферменттік механизмдері анықталды.
Алдымен хайуанаттар тыныс алуындағы ашылған заңдылықтар өсімдіктерге де тән екендігі, сонымен қатар соңғыларда осы процеске байланысты катализлік жүйелер, хайуанаттардағыға қарағанда, күрделірек болатындығы анықталды.
Казіргі кездегі көзқарастарға сәйкес оттекті (аэробтық) тыныс алу жерге жақын атмосферада бос оттегі пайда болған соң ғана қалыптасты. Жасыл өсімдіктер жоқ кезде біздің планетадағы организмдерде энергияның алмасуы анаэробтық жолмен, яғни оттегінің қатысуынсыз
жүзеге асқан.
Анаэробтық процестің аэробтық түрге ауысуы тыныс алуға жұмсалатын заттар молекуласындағы энергияның толығырақ және тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызды. Осы өзгерістің өзі, эволюция процесінде клеткадағы энергиясы мол күрделі косындыларды біртіндеп энергиясы аз күйге дейін ыдырататын, жаңа ферменттік жүйелердің калыптасуына байланысты болды.
Аэробтық процестің калыптасуына байланысты анаэробтық процесс түгелінен жойылып кеткен жоқ. Керісінше, ол тыныс алудың белгілі бір сатысы болып қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет