Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет22/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#80346
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
лекц ФР

Дәріс № 12


Тақырбы: Өсімдіктердің өсуі мен дамуы. Терминология, Өсімдіктің өсуінің спецификалық ерекшеліктері. Өсімдік клеткасының онтогенезі. Дифференцировка. Морфогенез механизмдері. Өсудің және дамудың реттелуінің принциптері. Фитогормондар. Ауксиндер. Цитокининдер. Гиббереллиндер. Абсциз қышқылы. Этилен. Өсудің синтетикалық регуляторлары


Өсімдіктердің жалпы тіршілік дәуірі өсу және даму деген ұғымдармен сипатталады. Өсу процесі - өсімдік мүшесінің ұзарып, жуандап, көлемінің, салмағының ұлғаюымен және жеке мүшесінің (жапырақ, бұтақ, өркен, тамыр т.б.) жаңадан қалыптасып, сандарының көбеюімен бейнеленеді. Өсімдіктердің және оның жеке мүшелерінің өсуі клеткаларының өсуіне байланысты. Жалпы айтқанда, өсу жеке мүшелерінің және тұтас өсімдік организмінің тіршілік әрекетінің нәтижесі болып есептеледі. Өсімдіктердің тіршілік мерзімі өсу және көбею деген екі кезеңге бөлінеді. 1-ші өсу кезеңде жапырақтары, сабақтары, тамырлары қарқынды қалыптасып көбейіп бұтақталады, түптенеді, гүл мүшелері қалыптасады, 2-ші кезеңде өсімдік гүлденіп, жемістенеді. Бұл кезеңде мүшелерінің өсуі тоқтап, органикалық заттар сақтағыш (қор) мүшелеріне шоғырланады.
Өсімдіктердің дамуы деген ұғым сапалы физиологиялық және морфологиялық, биохимиялық өзгерістерді бейнелейді. Мұндай өзгерістер онтогенездің белгілі сатыларын – жастық шағын, жыныстық жетілуін, көбею, қартаю және тіршіліктің тоқтау кезеңдерін сипаттайды.
Бір организмнің өзінде өсу мен даму құбылыстарының үйлесімділігі түрліше болуы мүмкін. Өсімдіктердің өсуі қарқынды жүріп дамуы баяу немесе керісінше, дамуы қарқынды болып, өсуі бәсеңдеуі мүмкін.
Қорыта айтқанда, өсуі мен даму процестері өзара тығыз байланыстылықта және тәуелділікте жүзеге асады. Өсу мен даму құбылыстарының жалпы сипаты ең алдымен өсімдіктердің тұқым қуалаушылық белгілеріне, яғни генетикалық факторларға тығыз байланысты. Осы замандағы биологияда заталмасудың, клеткалар мен ұлпалардың жіктелуі мен мамандануының, өздігінен реттелудің негіздерін одан әрі тереңірек зерттеуде. Клетканың физиологиясы мен биохимиясын, сондай-ақ генетикасын зерттеу үшін өсімдік клеткалары мен ұлпаларын қолдан жасанды ортада өсіру әдісі көп мүмкіншілік туғызады. Осы әдісті пайдаланып жасанды қоректік орталарда, өте мұқият бақылауға болатын жағдайда өсімдіктің жекелеген протопластарынан бастап ұрыққа дейінгі бөліктерін қолдан өсіріп тұтас жеке өсімдік алуға болады (12-сурет).
Жеке клеткалардың, ұлпалардың және мүшелердің өсуі сигмоидтық немесе S тәріздес қисық сызықпен бейнеленеді (13-сурет). Бұны өсудің үлкен қисық сызығы деп атайды. Өсудің сигмоидтық қисығы төрт негізгі бөліктен құралады: 1. Бастапқы пәрмендену (индукциялық) немесе лаг-кезеңде анық өсуді дайындайтын жасырын процестер жүреді; 2. логарифмдік (қарқынды) өсу кезеңде өсу уақытқа байланысты түзу сызықпен бейнеленеді; 3. Баяу өсу кезеңі; 4. Бір сарынды (стандартты) кезеңде өсудің көзге көрінетін процестері байқалмайды. Бұл құбылыс өсудің үлкен кезеңі деп аталады. Бұл тек жеке клеткаларға тән емес, тұтас өсімдік организміне тән.
Өсімдік гормондары-(фитогормондарды) өсу процестерін реттейтін қосындылар туралы ілім ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында қалыптасты. Олар өсімдік мүшелерінің біреуінде (жапырақ, бүршік, тамыр мен өркен ұлпалары) синтезделіп, қалыптасып және өсіп жатқан басқа организмдерге тасымалданады. Қазіргі кезде олардың ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер т.б. топтары белгілі болды. Гиббереллиндер жеке немесе ауксинмен бірігіп жемістерді тұқымсыздандырады. Көптеген жылдар бойы алманың тұқымсыз жемістерін алу мақсатындағы әрекеттер ешқандай нәтиже бермей келді. Соңғы кезде гиббереллинді қолдану арқылы бұл мақсат орындалды деуге болады. Оның өте аз мөлшерімен өңделген өсімдіктің сабағы ұзарып жапырақтары майдаланып кетеді. Әсіресе, гүл сағағы шамадан тыс ұзарып өседі (14-сурет).
Оқшауланған ұлпаларда және нуклеиндік (Н) пен ауксиндік (А) алмасу арасында тепе-теңдігі жылжыған өсімдік клеткаларында регенерация процестерінің басқарылуы

13-сурет

Өсудің үлкен қисық сызығы



1–бастапқы индукциялық немесе лаг-кезеңі; 2–логарифмдік фаза (қарқынды өсу); 3–баяу өсу фазасы; 4–стационарлық жағдай фазасы.


14 - сурет


Мамонт сортындағы темекі жапырақтарының түзілуі мен оның өсуіне гиббереллиннің әсері





Сол жақтағы екі ыдыстағы өсімдікке гиббереллин ерітіндісі бүркелген (1 мерзімінде – 10 мг/л, 2 мерзімінде – 20 мг/л, соңғы мерзімінде – 100 мг/л); оң жақтағы – бақылау өсімдіктері (М.Х. Чайлахян бойынша).


15 - сурет


Өсімдіктердің аналық, аталық мүшелерінің құрылысы және тозаң жібінің өсуі



1–гүл серік негізі; 2–шірнелік; 3– екі тозаңқап, сол жақтағы тозаңқап (а) көлденең; ал оң жақтағы (б) – ұзына кесілген; 4–түйін қабырғасы; 5–мойыны; 6–аналық аузы; 7–тұқым ұрығы; 8–халаза; 9–нуцеллус; 10–үш антриподасы бар ұрық қапшығы; 11–аналық аузында өсіп келе жатқан тозаң, олардың біреуі (12) аналық мойыны және түйіні арқылы тозаң жолынан (микропиле) тартылып тұр.

16 - сурет


Өсімдіктің өсу мүшелері қалыптасып, жынысты көбею сатысына өтуі көптеген кезеңдерге бөлінетін өте күрделі құбылыс. Жоғарғы сатыдағы гүлді өсімдіктердің көбею кезеңі заталмасу процестерінің физиологиялық және мүшелерінің, тұтас организмінің анатомиялық, морфологиялық құрылысының күрделі өзгерістерге ұшырау нәтижесі болып есептеледі.
Гүлдердің дайындық кезеңінде сабақтың ұштық меристемасында гүлдің қалыптасу бағдарламасына жауапты гендер іске қосылады. Ең алдымен тостаған жапырақшалар қалыптасып, одан соң бірінен соң бірі күлте жапырақшалар, аталықтар, ұрық жапырақшалар белгілене бастайды (15-сурет). Осы мүшелердің әрқайсысының бейнеленуі физиологиялық, морфологиялық жағынан ерекшеленетін бастаушы клетка топтарының қалыптасуынан басталады. Ұрық жапырақшаларда аналық және тұқым бүрі қалыптасады. Клетка топтарының жеке немесе бірнеше клеткаларынан гүлдің жеке мүшелері қалыптасады. Төменгі клеткалар тозаңқап клеткаларына айналады.
Өсімдіктердің өсуіне байланысты қимыл - қозғалыстар
Өсімдіктердің өсуіне байланысты толып жатқан қимыл - қозғалыстар өте көп кездеседі. Солардың ішінде тропизмдер (грек. tropos -бұрылу) деп аталатын түрі көбірек орын алады. Жарықтың бір жақты әсерінен өскіндер, сабақтар, бұтақтар жарық түскен бағытқа қарай иіліп өседі. Бұл құбылыс фототропизм деп аталады. Өсімдік тіршілігінің жердің тарту күшіне байланысты бағытталып өсуі геотропизм деп аталады. Олардың негізгі тамыры тік төмен қарай (оң геотропизм) өседі де, негізгі сабақ (дің) жоғары қарай (теріс геотропизм) өседі. Өсімдік мүшелерінің химиялық қосылыстарының әсерінен өсу бағытының өзгеруі хемотропизм деп аталады. Өсімдік мүшесінің басқа бір денемен жанасуына байланысты өзгеруі тигмотропизм деп аталады. Бұдан басқа термо-, электро-, травмотропизм құбылыстары кездеседі. Өсімдіктерде жан-жақты (диффузиялы) әсер ететін жағдайларға байланысты настиялық деп аталатын қимыл-қозғалыстар да көптеп кездеседі. Жылан қияқ, қызғалдақ сияқты өсімдіктер салқын жерден (+10) жылы жағдайларға (+20-25) ауыстырылса, гүлдері тез ашыла бастайды. Бұл термонастия деп аталады. Термонастиядан басқа фотонастия, сейсмонастия, гидронастия, хемонастия т.б. түрлері кездеседі. Нутация (лат.nutatio – тербелу, шайқалу) – айналма немесе тербелмелі қимыл, шырмалып өсетін өсімдіктерде және тамырда байқалады. Өсіп тұрған өркен өздігінен шайқалып көлденең біліктен ауытқиды. Нутациялық қимыл созылып өсу аймағындағы клетканың қарқынды өсуінің нәтижесінде байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет