Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар


Электрондар мен протондардың тасымалдану жолдарының түрлері



бет20/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#80346
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
лекц ФР

Электрондар мен протондардың тасымалдану жолдарының түрлері
Тотығу процесінің көпшілігі электрондардың соңғы оксидазалар арқылы оттегіне жетуімен аяқталады. Ондай оксидазалық жүйелер мигохондрияларда, эндоплазмалық торда, плазмалеммада, цитоплазмада орналасады.
Митохондриялардың ішкі мембранасында орналасқан электрон тасымалдаушы тізбектің соңғы оксидазасы - цитохромоксидаза болып есептеледі. Электрон тізбек арқылы ауысқанда бөлінетін энергия АТФ молекуласында байланысқан күйге ауысады.
Цитоплазмадағы тотықсызданған пиридиннуклеотидтерді тотықтыратын жүйелердің соңғыларына мысты оксидазалар - аскорбатоксидаза және полифенолоксидаза жатады. Клеткадағы маңызды тотықсыздандырғыш - глутатион мен НАД(Ф)Н-тың қызметтері аскорбагоксидазаға байланысты.
Полифенолоксидаза о-фенолдарды, n-фенолдарды, моно-фенолдарды және т.б. тотықтырады. Бұл тотығу НАДФ(Н) немесе аскорбатоксидазаның тотығуына байланысты. Полифенолоксидаза өсімдіктегі "жаралану реакциясына" катысады. Өсімдік ұлпалары жарақаттанғанда бөлінетін фенолдар осы ферменттің әсерінен хинондарға айналады.
Флавопротеинді оксидазалар да цитоплазмада болады.
Осы аталған оксидазалардың әрқайсысының оттегінің мөлшеріне, температураға байланысты ерекшеліктері бар.
Өсімдік клеткаларында оксигеназалардың да біраз түрі кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет