Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар


Дәрәс № 13 Тақырыбы: Өсімдіктің өсуіне және дамуына сыртқы факторлардың әсері. Фитохромдық жүйе. Фотопериодизм



бет23/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#80346
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
лекц ФР

Дәрәс № 13


Тақырыбы: Өсімдіктің өсуіне және дамуына сыртқы факторлардың әсері. Фитохромдық жүйе. Фотопериодизм.

Тірі табиғаттың бір қасиеті- мұнда болып жатқан көптеген процестердің циклді түрде шіруі. Жер бетіндегі бар өмір-клеткадан бастап биосфераға дейін, белгілі бір ырғақтарға бағынышты. Кезінде академик А.Богомолец (1928 ж), тіршілік процестерінің ырғақтары табиғи циклдерге сәйкес келетінін байқаған. Ол өз еңбектерінде табиғи ырғаққа сәйкес организмдегі бүкіл процестер: жүректің соғуы, тыныс алу, жүйке жүйелері және т.б. белгілі бір ырғақпен жүретінің атап керсеткен болатын. Кез-келген организм үшін табиғи ырғақтарды: ішкі (организмнің тіршілігіне байланысты) және сыртқы (қоршаған ортадағы өзгерістер) деп екі топқа бөледі.


Ішкі циклдар — ең алдымда организмнің физиологиялық ырғақтары. Организмдегі жүріп жатқан физиологиялық процестердің ешқайсысы үздіксіз жүре бермейді. Клеткадағы белок, ДНҚ жөне РНҚ синтезделуінде, ферменттер жұмысында ырғақтылық байқалады. Сондай-ақ клеткалардың бөлінуі, ішкі секреция бездерінің жұмысы, жүрек соғуы, тыныс алу, жүйке жүйесінің қозуы, яғни, организмнің бүкіл мүшелері, ұлпалары, клеткалары белгілі бір ырғақтылыққа баағытталады. Айта кетерлігі, әр жүйенің өзіндік мезгілдері бар.
Организм өзінің физиолоиялық қызметін ырғақты түрде жүргізе отырып уақытты санайтын сияқты. Ішкі және сыртқы ырғақтар үшін келесі фазаның басталуы уақытқа байланысты. Уақыт маңызды экологиялық фактор ролін атқаратыңдықтан, тірі организмдер табиғаттың сыртқы өзгерістерін сезіне отырьш соған бейімделуі керек.
Биологиялық процестер ми құбылыстардың сипаты мен белсенділігінің мезгілді тербелісн биологиялық ырғақ деп, ол оны зерттейтін ғылымды хронобиология деп атайды.
Жердің Күнге қатысты және Айдың Жерге қатысты айналуына байланысты сыртқы циклдарға геофизикалық табиғат құбылыстары тән. Осы айналымдардың әсерінен заңдылықты түрде біздің планетамыздағы көптеген факторлар — жарық, температура, қысым және ауа ылғалдылығы, атмосферадағы электромагниттік өpic, мұхиттардағы су деңгейінің көтерілуі мен судың қайтымы және т.б. өзгеріп отырады. Мұнан басқа тірі табиғатқа уақытымен өзгеріп тұратын күн белсенділігі сияқты космостық ырғақтар әсер етеді. Ал Күн радиациясының өзгеруі планетадағы климатқа едәуір әсер етеді.
Организмдер тіршілігіндегі көптеген өзгерістер мезгілі бойынша сыртқы геофизикалық циклдарға сәйкес келеді. Бұл адаптациялық биологиялық — тәуліктік, айға байланысты су денгейінің көтерілуі мен судың қайтымы және жылдық ырғақтар. Осы ырғақтардың арқасында организмдегі маңызды биологиялық процестер — қоректену, өсу, көбею тәуліктің немесе жылдың қолайлы кезеңдерінде жүреді.
Адаптациялық биологиялық ырғақтар тіршілік иелерінің үнемі өзгеріп отыратын қоршаған ортаға бейімделуі ретінде пайда болды.
Тәуліктік ырғақтар бір клеткалы организмдерден бастап адамға дейінгі барлық организмдерге тән. Кейбір өсімдіктердің гүлінің ашылуы және жабылуы, жапырақтарының төмендеуі немесе жоғарылауы, тамыр ұшындағы колеоптиленің өсуі тәуліктің белгілі бір уақыттарында белсенді жүреді.
Кейбір түрлердің белсенділігі тәуліктің тек бір мезгілінде жүрсе, басқа біреулерінде түрдің белсенділігі тәулік ішінде қалыптасқан жағдайға байланысты ауытқуы мүмкін. Мысалы, бәйшешек гүлінің ашылуы температураға байланысты болса, бақбақтың гүлі жарыққа байланысты, күн ашық кезде ашылып, бұлтты кезде жабылады.
Эндогенді тәуліктік ырғақтарды сыртқы орта қалдыратын экзогенді ырғақтардан ажыратуды тәжірибе жүзінде байқауға болады. Көптеген түрлерде сыртқы орта жағдайлары (температура, ылғалдылық, жарық т.б.) өзгермеген, тұрақты жағдайда тәуліктік мезгілге жақын циклдар ұзақ уақыт бойы сақталып қалады. Мысалы, дрозофиллдерде мұндай эндогенді ырғақ ондаған ұрпаққа дейін жалғасады. Сөйтіп тәуліктік цикл түрдің туыла бітетін генетикалық қасиетіне ауысады. Мұндай эндогенді ырғақтарды циркадты деп атайды.
Көптеген түрлерде циркадты ырғақ қайта өзгеріп, бұрынғы қалпына келуі мүмкін. Әдетте мұндай өзгерістер бірден жүрмей, организмдегі физиологиялық өзгерістерге алып келеді. Мысалы, адамдар ұшақпен басқа алыс жаққа ұшып келгенде олардың физиологиялық ырғақтарында өзгерістер жүреді. Алғашында организм бұрынғыша жұмыс істейді, сосын біртіндеп жергілікті жердің астрономиялық уақытына бейімделе бастайды. Мұндай кезде адам науқастанып, шаршап, түнде ұйқтай алмай күндіз ұйқысы келіп жүреді. Сөйтіп бейімделу мезгілі бірнеше күннен екі аптаға дейін созылады.
Циркадты және тәуліктік ырғақтар уақытты сезінетін организмнің қабілеттілігінің негізінде жатыр. Организмдердің мұндай қабілетін «биологиялық сағат» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет