Судың тамыр түкшесінен орталық шеңберге дейінгі жолы
Судың тамыр түкшелерінен (1) тамыр түтіктеріне (12) қабықтың паренхима клеткалары (2-6), эндодерма (7), перицикл (8) және біліктік цилиндр паренхимасы (9-11) арқылы бағытталған жолы.
4 - сурет
Дәріс № 5
Тақырыбы: Фотосинтез. Фотосинтез мүшесі ретінде жапырақтың құрылысы. Хлоропласттар және олардың ультрақұрылысы. Пигменттік жүйелер. Фикобилиндер. Каратиноидтар. Құрылысы, спектрлік қасиеті және функциясы.
Фотосинтез деп күннің жарық қуатын пигменттер қатысында көміртегінің диоксиді мен судан органикалық қосылыстың түзілуін айтамыз. Фотосинтездің жинақталған формуласын былай көрсетуге болады:
6СО 2 + 12Н2 0 С6 Н12 0 6 + 60 2 + 6Н2
Фотосинтез процесі белок-липоидтардан тұратын екі қабат мембранамен қоршалған хлоропластарда өтеді. Хлоропластың бұл екі қабатты мембранасын строма деп аталатын сұйықтық толтырып тұрады. Строма және граналардың сырты екі қабатты мембраналардан тұрады, оны ламелла деп атайды. Сондықтан ламеллалардың хлоропласта екі түрі кездеседі. Оның бірі строма ламелласы, ал екіншісі грана ламелласы. Ламеллалардың қап сияқтанып тұйықталған жерлері тилакоид деп аталады (2-сурет). Тилакоидтарда фотосинтездің жарық сатысы өтеді, яғни жарықтың сәуле қуатын АТФ және НАДФ·Н2 молекулаларындағы химиялық қуатқа көшіреді, ал фотосинтездің қараңғы – биохимиялық сатысы СО2 тотықсызданып, органикалық қосылысқа көшуі тилакоидтардан тыс стромада өтеді.
Тилакоидтардың мембраналарында пигменттердің хлорофилл а С55Н72О5N4Mg – көкшіл жасыл түсті, хлорофилл б С55Н70О6N4Mg – сарғыш жасыл, каротин С400Н56 қызғылт сары, ксантофилл С400Н56О2 сарғыш сары түрлері болады. Хлорофилл химиялық құрамы жағынан хлорофилиннің дикарбон қышқылдарының құрделі эфирлерімен екі спирт-метанол СН3ОН және фитол С20Н39ОН-дан құралған. Хлорофилл молекуласында СН-метил топтарымен байланысқан төрт пиррол сақинасы хлорофилдің порфиринді ядросын құрайды. Порфирин ядросында магний атомы орналасып, пиррол сақиналарындағы азот атомымен байланысады. Хлорофилл молекуласының ядросында карбонил тобы бар циклопентанды бесінші сақина бар (4-сурет).
Порфирин ядросында азот атомдарының болуына байланысты гидрофильді қасиетке ие болып мембранадағы белок молекулаларымен байланысты болып келеді. Бұнымен қатар хлорофилдің көмірсутекті фитол бөлімі гидрофобты болып тилакоидтың липидті қабатына бағытталады. Сондықтан хлорофилидтердің ерігіштік қасиеті полярсыз еріткіштерде (бензин, петролеин эфирі) артады. Бірақ жапырақ құрамындағы хлорофилдерді толық шығару үшін жоғарыдағы еріткіштерді пайдаланбай, спирт немесе ацетон пайдаланылады. Оның себебі хлорофилл молекулаларын шығару үшін хлорофилл белок комплексі гидролизденуі тиіс. Хлоропластар құрамында а және б хлорофилдерден басқа хлорофилдердің тағы сегіз түрі болады. Хлоропласт құрамында хлорофилдерден басқа сары түсті пигменттер каратиноидтар болады. Хлоропластардағы пигменттер мен ферменттердің қатысуында органикалық қосылыстардағы күннің жарық қуаты химиялық қуатқа көшу нәтижесінде өтіп, ал ол қосылыстар пластидтерде қалып қоймай, басқа ұлпаларға немесе мүшелерге тасымалданады. Синтезделген қосылыстардың бару бағыты өсімдік клеткаларындағы немесе түгелдей мүшелердегі метаболизмге байланысты. Өсімдіктің қай жерінде осы қосылыстар үздіксіз жұмсалса, органикалық қосылыстар да сол мүшелерге барады. Өсімдіктің барлық тіршілік процесі фотосинтез нәтижесінде ассимиляцияланған органикалық қосылыстарға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |