РесурстарКітапханасынан алынған әр түрлі кескіндер біздің флипчартымызға ерекше көрік беріп тұрады.
Сонымен бірге суретте көріп отырғандай, «Мысал» және «Есеп» мәтіндерін жазып, оларға сілтеме тағайындаймыз. Ол үшін қажет мәтіндерді бөлек-бөлек жазып, алдымен біреуіне ACTIVpen арқылы екі рет шертіп, пайда болған Объектілерді редакторлау саймандар панеліненҚасиеттер батырмасын басамыз. Пайда болған диалогтық терезеден «Действия»нұсқасын таңдап, сәйкесінше өзгерген оң жақ панельден сілтеме жасалатын қажет бетті көрсетеміз.
2-бет. Мысал
«Мысал» мәтініне шерткен кезде ашылған бетте негізгі формуланы Қалам құралы арқылы жазып қоямыз. Содан соң, осы формуланы қалай қолдану керектігі туралы мысалдар көрсетеміз.