Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды



бет22/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

Стандарттың күшін жою. Стандартты жою сол стандарт бойынша өндірілетін өнімнің (қызмет көрсету, процесстерді атқару) шығарылуын тоқтату негізінде, сондай-ақ ол стандарттың орнына басқанормативті құжат әзірленгенде немесе халықаралық стандартты тура қолданған жағдайда жүзеге асады.
Стандартты жою қажет болғанда әзірлеуші стандартты жою туралы ұсынысын мемстандартқа жібереді және де оның орнына қандай құжат жүру керектігін немесе стандартты ауыстырмаса, мүлде жою туралы мәлімдейді. Стандартты жою Мемстандарттың бұйрығымен жүзеге асады.
4.5 Техникалық шартты әзірлеу, бекіту, тіркеу тәртібі
Техникалық шарттарды: жеке және заңды тұлғалар тапсырыс берушіге (тұтынушыға) жекелей өткізуге (сатуға) арналған өнімге ( толықтырушы бұйымдар және жартылай фабрикатты қамти отырып) жасалады. Техникалық шарттар мынадай жағдайда әзірленеді:

  • сол өнімге ҚР-ның мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттары ( арықарай стандарттар) жоқ болса;

  • өнімнің арнайы талаптарын нақтылайтын жалпы техникалық шарттар немесе жалпы техникалық талаптар түріндегі стандарттар бар болса;

  • күшіндегі стандарттар мен техникалық регламенттердің норма, талаптарын арттыру және толықтыру кезінде.



Техникалық шарттар:

  • бір ғана нақтылы бұйым, зат, материал т.б.;

  • әртүрлі параметр мөлшерлі (техникалық шарттар тобы), біртұтас конструкциялы, ортақ белгілері бар бұйым, зат, материалдардың бірнеше нақтылы түріне әзірленуі мүмкін,

ТШ-тың күшіне енгізілетін күнін оны бекіткен мекеме белгіленеді. Бірақта бұл күн ТШ-тың мемлекеттік тіркеукүнінен ілгері болмау керек.
ТШ-тың күшінде болу мерзімін оны мемлекеттік тіркеуге алған өкілетті мекеме белгілейді. Ол мерзім бес жылдан артық болмауы керек.
Өндірістен алынған (өндірілуі тоқтатылған) – өнімнің ТШ қолданыстағы бұйымдардың қосалқы бөлшектерін дайындаужәне жөндеу үшін пайдалануға болады. Бұл жағдайда техникалық шарттың титульдік бетіне « Жөндеу жұмыстары үшін» деп жазып күшінде болу мерзімінің шектелуін ( егер ол шектеулі болса ) алып тастайды.
ТШ-тар өнім сапасына міндетті және ұсынымды норма, талаптар мазмұндары мүмкін.
Техникалық шарттар үшін жауапкершілікті әзірлеушімекеме жүктейді.
ТШ-тың жобасына келесім берген мекеме басшысының нақты қолы « Келсілді» мөрмен немесе жеке құжаттармен ( қабылдау комиссиясының актісі, хаттама т.б. ) расталады. « Келсілді» деген грифтің астына ТШ-қа келесім берген құжаттың аты, күні, нөмірі көрсетіледі. Келсілген жағдайда « Ескертулермен кесілді» деп жазуға болмайды.
Техникалық шартты оның түпнұсқасын ұстап отырған тапсырыс беруші ( егер ол бар болса), немесе әзірлеуші, немесе дайындаушы мекеменің жетекшісі бекітеді.
ТШ-ты бекіткенде түпнұсқаны ұстап отырған мекеменің жетекшісі құжаттың титульдік бетіндегі « Бекімін» деген грифтің астына өз қолын қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет