Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Стандартты мемлекеттік бекіту және тіркеу



бет18/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

4.3 Стандартты мемлекеттік бекіту және тіркеу
Мемлекеттік стандарттау жоспары Мемстандарт уәкіл еткен стандарттау жөніндегі кәсіпорынымен (уәкіл органмен) жоспарланған кезеңге стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі басымдық бағыттарға сүйенген, ТК, МТК, мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Жоспарлау кезде ТМД елдері мен Қазақстанда міндетті сертификаттауға жататын ағымдағы және ұзақ мерзімді мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық жұмыстың жоспарлары, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық жоспарлары, әлеуметтік-экономикалық жоспарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметімен қабылданған заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілер, мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар бағдарламалары ескеріледі.
Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, өзгерістерді енгізу, қайта қарау және жою жөніндегі ұсыныстарды мүдделі және жеке тұлғалар ұсынады.
Стандарт жобасының соңғы редакциясын әзірлеу, бекітуге жіберу.
Әзірлеу - мекеме ТК келтірілген пікірлерді ескере отырып стандарт жобасының соңғы редакциясын дайындайды.
Қажетті жағдайда стандарт жобасының соңғы редакциясы пікір алу, ұйғарылу үшін қайта таратылады.
Стандарт жобасына келіспеушілік болған жағдайда әзірлеуші – мекеме оларды талқылау және шешу жұмысын ұйымдастырады.
Стандарт жобасына өнім қауіпсіздігін бақылайтын мемлекеттік ұйымдардың келісімі бойынша немесе келіспеушілік мәселесін шешу, мұмкін емес болса, стандарттың жобасы ұйғарылмайды.
Келісімге қол жеткізу мүмкін емес жағдайда стандарт жобасы соңғы шешім шығару үшін Мемстандартқа жіберіледі.
ТК немесе әзірлеуші – мекеме стандарт жобасының түбегейлі редакциясын қарап, бекіту үшін оның екі данасын ( мемлекеттік және орыс тілінде) Мемстандартқа жіберіледі. Олардың әзірлеуші – мекеменің бастығы қол қойған хатпен жіберілген алғашқы нұсқасы болу керек.
Стандарт жобасына қосымша ретінде өнімнің үлгісі көлемі үлкен заттың чертежі (қажеттілік жағдайда) немесе суреті және төмендегі құжаттар бір данадан жіберіледі.

    1. стандарттың электрондық нұсқасы;

    2. стандарт жобасына түсініктеме қағаз;

    3. Мемстандарттан белгіленген форма бойынша пікірлер жиынтығы;

    4. Стандарт жобасының ұйғарылымын растайтын негізгі құжаттар ( жиналыс хаттамалары );

    5. Стандарт жобасының түбегейлі редакциясының қараған жұмыс тобының жиналысының ( ол жүргізген болса ) хаттамасы;

    6. Қабылдау комиссиясының ( дегустация комиссиясының көркемдік – техникалық кеңестің ) жиналыс хаттамасы немесе өнімді сынау ( қажетті жағдайда ) актісі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет