Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі



бет16/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

4.2 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі.

Стандартты әзірлеу алдында дайындық жұмыстарымен қатар мемлекеттік стандарттың өкілетті мекемесіне өтінім келтіреді. Қажетті жағдайда стандартты ынталы түрде әзірлеуге болады. Алайда жұмысты қабаттастырмас үшін стандартты әзірлеу туралы мәлімет мемстандартқа жіберілуі тиіс.
Өтінішті ҚР аумағында орналасқан мемлекеттік басқару ұйымдары, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, басқа да заңды және жеке тұлғалар бере алады.
Өтінішті даярлау және қарау, мемлекеттік стандарттау жұмыстарының жоспарын әзірлеу ҚР СТ 1.7 сәйкес атқарылады. Өтінішке стандарт әзірлеудің қажеттілігі мен себептері жазылады, сонымен қатар өтінішке стандарттың жобасы немесе стандарт әзірлеудің техникалық тапсырмасы қосымшаланады.
Техникалық тапсырмада стандартты әзірлеу кезеңдері мен олардың орындалу мерзімі; стандарттың бөлімдері және стандарттауға белгіленген объектінің негізгі сипаттары мен көрсеткіштері; стандартпен бірге берілетін құжаттардың тізімі; стандарттың жобасын қарау немесе ұйғару үшін жіберетін мемлекеттік басқару ұйымдары мен мекемелердің тізімі; нормаларды үйлестірілуі тиіс халықаралыққа сәйкес стандарттар тізімі, тапсырушының басқа да талаптары жазылады.
Мемлекет қажеттілігі үшін әзірленетін стандарттар ҚР-ның « Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы бойынша конкурстық негізде дайындалады.
ТК (әзірлеуші мекеме) стандарт жобасын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырғанда, жобасын әзірлеуге қатысатын мүдделі жақтардың өкілдерінен құралатын жұмыс тобының құрамын анықтайды. Бұл топқа алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық ұйымдар мен жоғары оқу орындары енгізілуі керек.
Бекітілген бағдарлама, жоспар және келісімдерге сәйкес жұмыстың атқарылу мерзімін стандартты әзірлеу кезеңдерімен жеке-жеке анықталады.


Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру.
Жылдық және келешекке арналған жоспарларды Қазақстан Республикасы аумақтарында ұлттық және мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік реттеу, мемлекет, дайындаушы мен тұтынушы мүддесін қорғау саласындағы саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қоры ( ҚР МСҚ ) құрамын жетілдіру, жұмыстарды орындау мерзімі мен тақырыптаманы анықтау мақсатымен әзірлейді.
Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына әзірлеу, қайта қарау, өзгерістерді енгізу және мемлекеттік пен мемлекетаралық стандарттарды жою жөніндегі тапсырмалар қосылады.
Жұмыстар жоспары жиынтық кестеден және екі бөліктен тұрады:

    1. республикада мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардан;

    2. мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар бағдарламаларының өлігі болып табылатын және Қазақстан Республикасына орындалуы бекітілген мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстардан.

Мемлекеттік және мемлекетаралық стандартты әзірлеуді алдын ала қарастыратын тақырыптарды стандарттау жоспарына бірінші кезектегі ретінде қосады төмендегілерде:
3) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында негізге алынатын нормалар мен талаптарына, халықтың денсаулығы, өмірі мен мүлігі және қоршаған орта үшін өнімдер, процесстер және қызметтердің қауіпсіздік нормалары мен жалпы техникалық нормаларына, сыныптауға, терминологияға, өнімді буып-түю, таңбалау, тасымалдау және сақтау ережелеріне;
4) халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды және шетелдердің нормалары мен ережелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары ретінде тікелей қолдану жұмыстарына.
Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің тапсырушылары ретінде Мемстандарт, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазқұрылыс комитеті және республика аумақтарындағы басқа мүдделі мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық мекемелер, заңды жәе жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспары 1 жылға немесе келешекке 3 тен 5 жылға дейін әзірленеді және қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілген, мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды орындауға белгіленген тізбесімен, осы кезеңде үнемі күші бар құжат болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет