2.3 Талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау 1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде берілген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау (бұдан әрі мемлекеттік бақылау мен қадағалау) уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Уәклетті орган мен аумақтық бөлімшелері, олардың лауазымды адамдары өткізу сатысындағы өнімге қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәклетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:
1) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді өткізудің жолын кесу және оған жол бермеу жөніндегі ықпал ету шараларын қолданады.
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік актінің күші қолданылатын.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері.Өнім, процестер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар және зертханалар техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері болып табылады.
Тақырып дойынша бақылау сұрақтары:
1. ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңның негізгі мақсаты;
2. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері;
3. Стандарттау бойынша техникалық комитеттер;
4. Стандарттаудың құқықтық негізіне не кіреді;
5. Стандарттау терминіне анықтама беріңіз;
6. ҚР стандарттау аумағында қолданылатын нормативтік құжаттар;
7. Стандарттаң түрлері;
8. Мемлекеттік қадағалаудың міндеттері мен мақсаттары.