Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрлымы келесідей:
1) Қазақстан Республикасының үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
5) Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жжөніндегі ақпарат орталығы;
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8) сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар;
9) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттаудың мемлекеттік қоры құрады.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) өңірлік стандарттау және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;
ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдар;
шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары жатады.
“Техникалық реттеу туралы” заңында стандарттау аумағында қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесінде келесідей негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Стандарт – уәкілетті органмен көзделген тәртіппен бекітілген көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатын техникалық реттеу объектілеріне ережелерді жалпы принциптері мен сипатталарды белгілейтін құжат;
Стандарттау - „Стандарттау” деген термин ұзақ эволюциялық жолдан өткен. Стандарттау туралы біздің түсінігіміз ғылым мен техниканың, өндірістің даму салаларымен байланысты. Ұлттық және халықаралық деңгейлердегі экономикалық байланыстардың кеңеюуімен стандарттау жүйесі де дамыды, соған байланысты терминдер анықталынды. Стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО) 1952 жылы Стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комитетін (СТАКО) құрды. Бұл комитеттің алдында стандарттау терминдерінің анықтамаларын тағайындау мақсаты қойылды.
Сөйтіп, стандарттау, стандарт, үйлестіру (унификация), симплификаттау сияқты маңызды терминдердің анықтамасы берілді. СТАКО ұсынған анықтамалар ИСО кеңесінде қабылданып, Мемлекеттік стандарттау жүйесі белгілеген анықтамалардың негізін құрды.
ИСО құжаттарында стандарттау терминіне мынадай анықтама берілді: „Стандарттау” – нақты бар міндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін белгілі бір салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған әрекет. Жалпы алғанда бұл әрекет стандарттарды жасау, жариялау және оларды қолдану процестерінде орындалады.
Стандарттау жүйесі – стандарттауға қатысушылардың, өнімге, процестерге, қызмет көрсетулерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;
Ұйым стандарты - ұйым бекіткен стандарт;
Халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралыө ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
Халықаралық стандарттау – барлық елдердің тиісті органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау;
Ұлттық стандарт – шет мемлекеттің стандарттар жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
Стандарттау саласы – стандарттаудың өзара байланысты объектілерінің жиынтығы;
Аймақтық стандарт – стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
Мемлекеттік стандарт – уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың көпшілігі қолы жетімді стандарт;
Техникалық шарт – нақты өнімге, процестерге, көрсетілетін қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжат;
Техникалық регламент – стандартқа немесе ережелерге тікелей не оларға сілтеме жасау арқылы, не осы құжаттардың мазмұнын енгізу арқылы міндтті талаптар белгілейтін нормативтік құжат;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, міндетті және ұсынылатын талаптардан тұратын және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі - өз құзіреттері шегінде стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік бақару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;
Өзара алмасымдылық – бір бұйымның, процестің, көрсетілетін қызметтің дәл сондай бір талаптарды орындау мақсатында басқа бұйымның, жұмыстың қызметтің орнына пайдалануға жарамдылығы;
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган – заңдарға сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруға және сертификаттау жөніндегі халықаралық немесе аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкілі болуға уәкілеттік берілген мемлекеттік басқару органы;
Мемлекетаралық стандарттау – мемлекетаралық мүддені білдіретін объектілерді стандарттау;
Мемлекеттік басқару органы - өнімнің сипаттамаларын немесе онымен байланысты сақталуы міндетті болып табылатын өндіріс процестері мен әдістерін өз құзіретінің шегінде белгілейтін орган;
Стандарттау жөніндегі техникалық комитет – бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын кеңесші орган;
Стандарттау жүйесі – стандарттауға қатысушылардың, өнімге, жұмысқа және қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |