Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер



бет11/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер
1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі талаптардың ұсынысы бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі талаптардың өкілдері кіреді.

2.Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне:



    1. бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

    2. мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілген өзгерістерді әзірлеуге және оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу;

    3. мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар дайындау жатады.

3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу, таратылу тәртібін уәклетті орган белгілейді.


Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры
1.Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде құрады.
2.Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзірленген және қабылданатын нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ көрсетілген құжаттар пайдаланушыларға қолжетімді болуға тиіс.
3.Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін басып шығаруға және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен жүзеге асырылады.
4. Құжатты әзірлеген тұлға әрбір стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бір данасын уәклетті органға бірыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшін жібереді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет