Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері



бет9/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері:
1. өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
3.өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын-алу;
4. саудадағы техникалық кедергілерді жою;
5. өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.


Техникалық реттеу:
1. мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;
2. біріңғай терминологияны, өнімге көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгілеу ережелерін қолдану,
3. техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетімді болу, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлекетпен мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;
4. отандық және импортталған өнімге көрсетілетін қызметке және оларды белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдеріне қойылатын талаптардың бірдей болуы;
5. техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын басым пайдалануы,
6. техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының мемлекеттік экономикасының дамуы оның материалдық-техникалық базасы деңгейіне және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігі;
7. стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерікті түрде таңдау,
8. сәйкестікті растаудың біріңғай жүйесі мен ережелері;
9. бір органның аккредиттеу және сәйкестігін растау жөніндегі өкілеттіліктерді қоса атқаруын болдырмау;
10. бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі;
11. сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан, сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсіздігі;
12. сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестіктің шектелуін болдырмау принциптеріне негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет