Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



бет8/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1.Стандарттаудың маңызы мен мақсаты


2.Стандарт түрлерін ата?
3.Стандарттау объектілері
4.Стандарттауда қолданылатын нормативтік құжат категорияларын ата?
2 - Тарау . Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының стандарттаудың құқықтық негіздері 1993 жылы қабылданған «Стандарттау және сертификаттау туралы» заңда белгіленген болатын. Содан 1999 жылы қайта қаралып ҚР-ның «Стандарттау туралы» жаңа заңы қабылданды. Бұл заңға 2003 жылдың 10 маусымында өзгерістер, толықтырулар енгізілді. 2004 жылы Қазақстан Республикасындағы нарық реформасына байланысты 9 қарашада №603-11 мен «Техникалық реттеу туралы» заңы қабылданды.


Бұл заң стандарттау саласындағы қоғамдық қатынастарды үйлестіріп, МСЖ-нің құқықтық негіздерін анықтады. Сондай-ақ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу, қолдану арқылы өнім, үрдіс және қызмет сапалы мәселелерінде мемлекет пен тұтынушылар мүддесін қорғау шараларын жүзеге асырады.
Заңның негізгі мақсаты өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. Заң 7 тараудан 45 баптан тұрады.


Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы:
1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Техникалық реттеу туралы” заңының қолданылу саласы


1. Осы Заң өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік цикілінің процестеріне қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

2. Өнім, көрсетілетін қызмет, поцестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.


3. Мемлекеттік органдар сондай-ақ Қазақстанның аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет