3 - Тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі ( ҚР МСЖ )
3.1 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі бекіткен заңмен стандарттаудың мақсатына жету үшін мына негізгі мәселелері шешілуі тиіс:
тұтынушылар мен мемлекетке қажетті қажеттілікті ескере отырып және олрдың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып өнім, үрдіс, қызмет көрсету сапасына қойылатын тиімді талаптарды бекіту;
өнімнің сыйымдылық (конструкторлық, электрлік, электромагниттік, үйлестіру бойынша техникалық үрдістерге, метрологиялық нормалар мен ережелерге талаптарды бекіту;
өндірісті, үрдістерді, қызмет көрсетулерді, бақылау (сынау, талдау, өлшеу ) өнім сапасын сертификаттау және бағалауды нормативтік қамтамасыз ету;
технико- экономикалық ақпараттар, өнімді каталогтау және штрих кодтауды жіктеу және кодтау жүйесіне енгізу және дамыту;
қолданыстағы заңды жетілдіру және ҚР реттеу жүйесін қалыптастыру жолында басқа экономикасы дамыған елдердің заңнамаларымен үйлестіру;
халықаралық стандарттардың ҚР тікелей қолданылуын қамтамасыз ету, қолданыстағы нормативтік құжаттар мен стандарттау жүйесін халықаралық нормалар мен жүйелермен үйлестіру;
стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және ҚР мемлекеттік қорын қалыптастыру;
сертификатталған өнім, үрдіс, қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының орындалуын.
3.2 ҚР-да стандарттау жөніндегі жұмыстарының мемлекеттік басқаруы
Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік басқаруды мемлекеттік басқару ұйымдарының стандарттау жөніндегі іс қызметі мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары, қоғамдық ұйымдар, стандарттау жөніндегі, мемлекетаралық және халықаралық техникалық комитеттер, басқа да заңды және жеке тұлғалардың өзара іс қимылын үйлестіру жұмыстарын қамти отырып стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган жүзеге асырады.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті орган өз қызметін тура және өзіне бағынышты ұйымдар арқылы жүргізеді.
Мемлекеттік басқару ұйымдары, заңды және жеке тұлғалар стандарттау жөніндегі жұмыстарды өз құзыреттілігі шегінде ұйымдастырып, жүргізеді және де осы мақсатта стандарттау қызметтері мен бөлімшелерін құра алады.
Белгілі өнім түрлері, үрдіс (жұмыс) және қызметті мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырып, жүзеге асыру үшін, сондай-ақ осы нысандар бойынша халықаралық (аймақтық) және мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер ( ТК ) құрылады.
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен мекемелер, сертификаттау жөніндегі ұйымдар, сондай-ақ сол сала бойынша неғұрлым жоғары ғылыми-техникалық потенциалы бар өнім, технология, қызметтің белгілі түрлері бойынша маманданған қауымдастықтар мен оқу орындары соның ішінде стандарттау, метрология, сертификаттау жөнінен өкілеттігі бар мекеме кәсіпорындар базасында құрылады.
Республикада стандарттау жөнінен техникалық комитет болмаған жағдайда стандартта басқа мүдделі заңды тұлғалар белгіленген тәртіп бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органмен келісім арқылы әзірлейді.
Кәсіпорын мекемелердегі стандарттау қызметі стандарттау саласындағы ұйымдастыру- әдістемелік және ғылыми-техникалық жетекшіліеті өз құзыреті шегінде атқарып, стандарттау жөніндегі ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық және басқа жұмыстарды ( өнім, қызмет, өндірістік процесстерді стандарттау сәйкесте өндіру, сапа жүйесі мен экологиялық басқаруды енгізу арқылы өндірісті басқару үрдістерін ) орындайды.
Стандарттау жұмыстарына сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар қатысады. Олар стандарттау саласы бойынша өз құзыреті шегінде осы жұмыстар үшін стандарттау жөніндегі тиісті бөлімше, қызмет орындарын құра алады, сондай-ақ стандарттау, метрология, сертификаттау комитетінен белгіленген тәртіп бойынша аттестатталған стандарттау жөніндегі сарапшы- аудиторларды тағайындайды.
ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі қалаушы стандарттары:
1. ҚР СТ 1.0-2000 « ҚР МСЖ. Негізгі ережелер».
2. ҚР СТ 1.1-94 «ҚР МСЖ. Терминдер мен анықтамалар».
3. ҚРСТ 1.2-2002 « ҚР МСЖ.. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі».
ҚР СТ 1.3-2003 « ҚР МСЖ. Техникалық шарттарды әзірлеу, бекіту және мемлекеттік тіркеу тәртібі».
ҚР СТ 1.4-99 «ҚР МСЖ. Фирмалық стандарттар. Негізгі ережелер».
ҚР СТ 1.5-2000 « ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмүнына жалпы талаптар».
ҚР СТ 1.6-96 «ҚР МСЖ» Нақты стандарттарды қалпына келтіру тәртібі
ҚР СТ 1.7-98 « ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау тәртібі»
10.ҚР СТ 1.9-98 « ҚР МСЖ. Халықаралық, аймақтық және үлттық стандарттарды және стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі»
11.ҚР СТ 1.12-2000 « ҚР МСЖ. Нормативтік мәтіндік құжаттары»
12.ҚР СТ 1.14-2000 « ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттау жүйесі ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдық бірлестіктер стандарттары».
Достарыңызбен бөлісу: |