Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Стандарттарды тексеру, жаңарту ( өзгерістер енгізу, қайта қарау ) және күшін жою



бет20/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

4.4 Стандарттарды тексеру, жаңарту ( өзгерістер енгізу, қайта қарау ) және күшін жою
Стандартқа өзгерістер енгізу, соның ішінде стандарттың мерзімін ұзарту, шектеу немесе шектеулі уақытын алып тастау, сондай-ақ стандарттың күшін қалпына келтіру немесе жою іс әрекеттері өзгертулер түрінде ресімделеді.
Егер қолданыстағы (күші бар) стандарт талаптарына тексеру жүргізіліп, оның деңгейі ҚР-ның экономикалық қажеттілігі мен тапсырыс берушілер талабына сәйкес екені анықталса, онда өзгертулер ресімделмейді, ал мемлекеттік стандарттың мерзімін ұзарту мемстандарттың қаулысымен жүзеге асады және бұл туралы мемстандарттың Мемлекеттік реестріне арнаулы жазба енгізіледі.
Стандартқа енетін өзгертулер стандарттың жеке талаптарын ауыстыру, толықтыру немесе алып тастау, мемлекеттік стандарттың күшін қалпына келтіру немесе шектеу мақсатымен жасалады.
Егер енгізілген өзгерістер мәтінінің көлемі мемлекеттік стандарт көлемінің 50% -нен асып кетсе онда бұл стандарт қайта қаралады немесе өзгертулер бекітілгеннен кейін дереу қайта басылуы тиіс.
Стандартқа өзгерістер жаңа да жоғары талаптарды енгізу және халықаралық нормалар мен талаптарға үйлестіру ниетінде әзірленеді. Алайда бұл талаптар өзара алмасу, жаңа өнім бұрыңғы өз күшіндегі стандарт бойынша жасалған өніммен сәйкестікте болу, сондай-ақ халықаралық жүйелердің талаптарын бұзбауы тиіс.
Редакциялық немесе ( және ) сілтемелік сипаттағы өзгерістер өнім (қызмет) сапасының талабын ауыстыру (толықтыру, алып тастау) жағдайында өзгерістер, әзірлеген кезде, сондай-ақ Республикада күші бар техникалық регламенттер, халықаралық (аймақтық) стандарттар, нормалар мен ережелер, нұсқаулар және шетелдердің ұлттық стандарттарын қолдануға байланысты өзгертулер енгізу кезінде ескеріледі.
Өз күшіндегі мемлекеттік стандартқа енгізу үшін дайындаған өзгерістер жобасы немесе аннотациясы пікір алу үшін ҚР-ның Мемстандартының мамандандырылған баспасына басылады.
Өз күшіндегі стандартқа енгізілетін өзгерістерді әзірлеген кезде өзара байланысты стандарттар мен құжаттарға кіретін өзгерістер қатар дайындалады.
Егер өзгерістер жобасы мемлекеттік стандартты ұйғарушы мекемелердің қызметтік талаптарына қатыссыз болса , онда олардан келісім алмай – ақ қоюға болады.
Стандартқа енгізілетін өзгерістер жобасын бекітіп, тіркеу үшін Мемстандартқа екі дана ( мемлекеттік және орыс тілінде ) жіберіледі, олардың бірі алғашқы данасы болу керек.
Стандартқа енгізілетін өзгерістер жобасымен бірге бұл жобаның ұйғарылуын растайтын нақтылы құжат жіберілуі тиіс.
Өзгерістер Мемстандарттың қаулысымен бекітіп, күшіне енеді. Бекітілген өзгерістер мемлекеттік стандарттың Мемлекеттік реестріне енгізіледі. Енгізілген әрбір өзгеріске Мемстандарт реттік номер береді және өзгерістің күшіне енетін күнін көрсетеді, бірақ ол күн өзгеріс бекітілген күннен кейінгі 6 айдан бұрын болмауы керек.
Стандарттың қолдану мерзімін ұзарту, шектеу немесе шектеуді алу жөніндегі ұсыныс мемстандартқа стандарттың қолдану мерзімі аяқталардан 6 ай бұрын жіберіледі.
Мемлекеттік стандартқа енгізілетін өзгерістердің бекітілгені туралы мәлімет, өзгерістің мәтіні, сондай-ақ стандарттың мерзімін ұзарту, шектеу немесе стандарттың күшіндегі мерзімін қалпына келтіру туралы мәлімет Мемстандарттан ай сайын шығаратын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары» деген ақпараты нұсқауға басылып отырады.
Ақпараттық нұсқауда жарияланған стандарттың өзгеруі (жойылуы) туралы мәлімет байланысты басқа стандарттар мен нормативті құжаттар жасалған тиісті сілтемелерді өзгертудің негізгі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет