Күтілетін нәтижелер:
Білуі тиіс:
- алфавиттегі барлық әріптерді дұрыс оқи алуы;
- буындап үзбей оқуы, тұтас сөз құрап оқуы;
- 1-жарты жылдықтың соңында минутына 15-20 сөз бен
таңбаны, 2-жарты жылдықтың соңында минутына 25-30 сөз
бен таңбаны буындап, үзбей және сөзді тұтас оқуы;
- бас әріппен жазу ережелерін меңгеруі;
- жуан және жіңішке дыбыстарды айыруы;
- сөйлем аяқталғанда нүкте қоюы
- айтылуы мен жазылуы бөлек сөздерді дұрыс жазуы;
- сурет бойынша өздіктерінен сөйлем құрауы және оны
жазуы;
- сөйлем үлгілерін пайдалана отырып әртүрлі үлгідегі
тапсырмалар бойынша түсініктерін айта білуі;
- оқыған әңгіме, ертегі т.с.с бойынша қойылған сұраққа
жүйелі жауап беруі;
- теңеу, салыстыру эпитеттері арқылы заттарды сипаттай
алуы;
- мәтін, оқиғаны мазмұн жүйесін сақтап айтып беруі;
- шағын әңгіме, ертегі құрастыруы;
- сюжетті суреттер желісі бойынша әңгімелер құрастыруы;
- мәтін ішіндегі диалогтерді мәнерлеп оқуы.
Түсінуі тиіс:
-
оқыған материалдың мағынасын түсіну, пунктуациялық
кідірісті, интонацияны сақтауды; сөзді, сөйлем түрлерін, мәтінді
дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуы;
- баспа әріптері мен жазба әріптерінің жазылуындағы
айырмашылықты ажыратуды.
Меңгеруі тиіс:
- дыбыстарды топтастыру; дауысты, дауыссыз, қатаң, ұяң,
үнді дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуы;
- кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді дұрыс
айыруы;
- дыбыс пен әріпті айыру;
- сөз бен сөйлемді ажыратуы;
- дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен
айыруы;
- жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілі туралы түсінігінің болуы;
7
1. Сауат ашу және жазуға үйрету әдістемесінің ғылыми
негіздері
Достарыңызбен бөлісу: |