Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау



Pdf көрінісі
бет9/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау
сұрақтары.
1.
Бірінші сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауын 
қалай тәрбиелеу керек.
2. Зейін, қабылдау, ойлау қасиеттерін тәрбиелеуді қалай іске 
асыруға болатынын көрсететін (психологиядан алған білімдеріңді 
пайдалана отырып) бір сабақтың жоспарын жасаңдар.
3. Генетикалық, сызықтық, ырғақтық, карстер әдістеріне 
талдау жаса.
4. «Дамыта отырып оқыту» ұстанымын қалай түсінесіңдер, 
дәлелдеңдер.
Пайдаланылатын әдебиеттер::
1. Зимняя И.А. Педагогикалық психология.- Алматы, 2005. 
– 368 б.
2. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. – Алматы: 
2007. – 236
3.Лук А.Н.Мышление и творчество. – М.: Политиздат, 
1976. – 144 с.
4. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 2006
5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А.,1991
6. Бозжанов К. Жазу үлгісі.1987. 


32
5. Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар
Дәрістің мақсаты:
Сауатты жазуға үйрену үшін жүргізілетін жұмыс түрлерін 
талдау, машықтану.
Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер
Жоспары:
1. Жазу жұмыстарының әртүрлі факторларға негізделуі
2. Жазба жұмыстарының жүргізілу ерекшеліктері
3. Жазу жұмыстарына қойылатын шарттар. Алфавит. 
Графика.
1. 
Орфографиялық ережені түсіндіруден бұрын балалардың 
алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, 
«отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдарының арасында 
қандай айырмашылық бар? «Пен» қайсысында бөлек, қайсысында 
бірге жазылуға тиіс?» сияқты). Мұндай жұмыс балалардың 
зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын еске түсіруге 
көмектеседі.
Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әртүрлі факторларға 
негізделеді:
1. Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.
2. Есту арқылы қабылдануына сүйенетін мәтінді жазу 
(мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған мәтінді жазу. Бұған 
диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады).
3. Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырып 
кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б.
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен 
тығыз байланысты, яғни таза біреуін қолдануы мүмкін емес. 
Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру 
қимылынсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты 
топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің 
қайсысы екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана
жүргізіледі. 
2. 
Жазба жұмыстарының жүргізілу ерекшеліктері: 
грамматикалық-орфографиялық талдау
(«грамматикалық 
талдауды» қараңыз). Бұл – оқушыларды грамматикалық және 
орфографиялық құбылыстардың ара қатынасын түсінуге, 
орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге басқалардың 


33
арасынан оқыған құбылыстарын таба білуге, дағдыландырады. 
Бұл талдау өз алдына жаттығу ретіне бөлек немесе басқа 
жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, көшіріп 
жазуда, диктантта т.б.).
Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка 
жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды. 
Мысалы, зат есімнің септік жалғауларын талдау барысында 
мұғалім бір септік жалғауының қалай жазылатынын сұрағанда 
оқушы тиісті карточканы көтереді. Сонан кейін жазады. Бұл 
мұғалімге оқушылардың білімі жөнінде біраз мәлімет береді.
Көшіру
.
Алғашқы, І сыныпта, ІІ сыныпта сөзбе-сөз, 
механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: 
деформаланған мәтінді (картинадағы рет боынша) көшіру, 
қалдырылған сөздерді қойып көшіру, толық көшіру т.с.с. 
ұйымдастырылады. Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, 
сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, сөз табын анықтау, 
қосымшасын, жағын, шағын анықтау, жақшаға көрсету т.с.с. 
белгіленеді.
Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, 
буындап оқы, ойлан, мағынасын түсінесің бе, қалай жазылатынын 
байқа, есіңе сақта, жазып болған соң тексер т.б.). Жазғандарын 
түпнұсқамен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Көшіруге 
алынатын материал қызықты, түсінікті болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет