115
- Мектепте біркелкі орфографиялық тәртіптің сақталуын
қамтамасыз ету;
- Мұғалім әрбір оқушының оқуға деген белсенділігін
қамтамасыз етуі тиіс.
Сабақты жоспарлау кезеңдері, мұғалімнің оған
дайындығы:
-
бөлім және тақырып бойынша сабақ жүйесін жете дайындау;
- бағдарлама негізінде сабақта әдістемелік құралдың,
мектеп оқулығының және қосымша әдебиеттердің білімдік –
дамытушылық, тәрбиелік мақсатын анықтау.
- Сабақ мазмұнын іріктеу, мағынасына қарай аяқталған
блоктарға, бөлімдерге бөлу, бастапқы білімдерін анықтау,
дидактикалық өңдеу;
- Сабақта оқушы түсініп және
есінде сақтайтын негізгі
мазмұнды таңдау;
- Сабақ құрылымын, оның түрін және әдіс-тәсілдерін
анықтау;
- Берілген материалдың басқа пәндермен байланысын табу;
жаңа материалдарды оқытуда осы байланыстарды пайдалану
және оқушылардың жаңа білім мен дағдыларын қалыптастыру;
- Жаңа білім мен біліктілікті меңгерту,
сондай-ақ оны
қалыптан тыс жағдайларда қолдану мақсатымен сабақ
барысындағы мұғалім мен оқушының барлық іс-әрекеттерін
жоспарлау;
- Сабақтың дидактикалық құралдарын жинақтау (кино-
диафильмдер, суреттер,
плакаттар, үлестірмелер, сызбалар,
арнайы әдебиеттер т.б);
- Оқытудың техникалық құралдарының жабдықталуын
тексеру;
- Мұғалімнің тақтада қолданылатын жазбалары мен
суреттерін
жоспарлау, оқушының осы тапсырманы тақтада
және дәптерінде орындауы;
- Оқушының дамуына бағытталған сабақта өзіндік жұмыс
түрлері мен олардың мөлшерін қарастыру;
- Оқушының сабақта және үйде меңгерген білімдері мен
дағдыларының бекіту түрлері
мен тәсілдерін анықтау;
- Оқушылардың біліктілігін тексеру жолдарын жоспарлау;
- Үй тапсырмасының мазмұнын, мөлшерін және түрін
анықтау, үйге берілетін тапсырманың әдістемесін ойластыру;
116
- Берілген тақырып бойынша сыныптан тыс жұмысын
жоспарлау;
- Сабақ барысын және жоспарын талапқа сай жазу.
Достарыңызбен бөлісу: