87474320427 182
оқшау биігіне кѳтерілді. Бар салмағын таяғына салып, тізесі дірілдеп зорта жылжып келеді. Кеудесі
сырылдап, ѳкпесі аузына тытылып, әлсін-әлсін тоқтап дем алады. Бірақ алдында көлденең сұлап
жатып алған қырсық асудың төбесіне бір шықсам-ау
деген арманы қолтығынан демеп, өрге қарай
өшіге, өршелене қайта ұмтылады.
7.
Күн тас төбеге көтеріліп, ес кетіп, жан шыққанда асудың ұшар басына да жетті-ау. Қыр жалдың
үстіне шыға келгенде, гуілдеп соққан қара боран жолаушыны ұшырып әкете жаздады. Таяғына
сүйеніп, төрт тағандап әзер қалды. Күні бойы
жеткізбей, діңкесін құртқан шыңга ерегісті ме, болмаса
«мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме, әйтеуір осы арада біраз аялдағысы келді. Аппақ
шоқша сақалы желге желпілдеп, сытырайған кәрі көзімен айналаны шолып, қарт жалдың басында
бірталай тұрып калды.
8.
Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шыкты. Терлеп, жіпсіп келе жатыр еді,
тұла бойын суық қармап сірестіре бастады. Ол шырқау биіктен жан-жағына соңғы
рет көз тастады да,
ілгері жүріп кетті.
9.
Бір тәуірі, ендігі беталысы төмен, еніс екен. Ылдиға қарай кұлдырап, тез төмендеді. Көк жалап,
жылтырланып алған сірі шоқайы киіздей ұйысып
жатып қалған бетегеден тайғанап, тоқтамаған соң, жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады.
10.
Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн
жылынайын деді. Титығы кұрып, әбден қалжыраған қарттың бұдан әрі жүруге халі келмей,
тәлтіректеп барды да, шоқ қайыңның түбіне қисая кетті. Арқасындағы
қоржынын басына жастап, бір
сәт сұлық жатты. «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, - деді талмаусырап жатып, -
жолдың көбі кетіп,
азы қалды».
13.
Кейіпкердің жас мөлшерін анықтаңыз
A)
Бозбала
B)
Орта жастағы адам
C)
Қарт адам
D)
Жігіт ағасы
E)
Жігіт
14.
Мәтінде суреттелетін жыл мезгілі
A)
Күз
B)
Көктем
C)
Жаз
D)
Қыс
E)
Жазғытұры
15.
Жолаушының Етікші шыңының жотасымен жүруді таңдау себебі
A)
Жеңіл жол
B)
Қатерлі жол
C)
Үзақ жол
D)
Ауыр жол
E)
Төте жол
16.
Мәтіннен кейіпкердің арманы сөз болатын азатжолды көрсетініз
A)
Оныншы
B)
Екінші
C)
Үшінші
D)
Алтыншы
E)
Сегізінші
17.
Табиғат көрінісі
суреттелген азатжол
A)
Бірінші
B)
Сегізінші
C)
Алтыншы
D)
Екінші
E)
Үшінші
18.
Мәтіннің стилін анықтаңыз
A)
Ic қағаздар
B)
Fылыми
C)
Публицистикалык
D)
Ауызекі сөйлеу
E)
Көркем эдебиет
19.
Кейіпкердің мақсат еткен асуын бағындырған кезі суреттелетін азатжол
A)
Бесінші
B)
Тоғызыншы
C)
Жетінші
D)
Оныншы
E)
Алтыншы
20.
«Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, жолдың көбі кетіп, азы қалды» деген ойы арқылы автор
кейіпкердің қандай сезімін көрсетеді?
A)
Шарасыздығын
B)
Асығыстығын
C)
Қамсыздығын
D)
Қиналысын
E)
Үмітін
Достарыңызбен бөлісу: