Оқу сауаттылығы Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша берілген төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз


Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы



бет12/32
Дата18.04.2023
өлшемі136,15 Kb.
#174840
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
О у сауаттылы ы М тіндерді м ият о ы ыз. М тін мазм ны бойынша

53. Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы
А) Ескі наным-сенімдердің сақталуы
В) Тіл-көзден сақтау ырымдары
С) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері
Д) Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы
Е) Немерелі болған әже қуанышы
54. Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген?
А) «Ноқта жетектер» деген сөз арқылы
В) «Тізгін ұстар» деген сөз арқылы
С) «Қырық жеті» деген сөз арқылы
Д) «Ат ұстар» деген сөз арқылы
Е) «Күл шашар» деген сөз арқылы
55. Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады?
А) Екінші
В) Бірінші
С) Бесінші
Д) Үшінші
Е) Төртінші
56. Құтты болсын айтып келгендердің «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің мәнісі
А) Нәрестеге көңілі толмағандықтан
В) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі
С) Баланың дені сау болып өссін деген ниет
Д) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан
Е) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады
13-мәтін
Дәріс
Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет жол шетінде жатқан, тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына:
- шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып, қалай абдырап, сасқанын қызықтайық, - дейді.
Сонда ақылды ұстазы:
- Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай, керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сонан кейін ғана не қызық болатынын тамашалайық, - дейді. Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған шәкірт айтқанын орындайды. Көп ұзамай екеуі жақын тұрған ағаштың артына барып жасырынады. Сәлден соң жүзі күн көзіне әбден тотыққан, жұпыны киімді бір шаруа келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны сол еді, ішіндегі затты сезіп, аяғын дереу қайта суырып алады. Қолын салып еді, ақша екен. Екінші сыңарынан да сондай ақша шықты. Ақшаға бір, жан-жағына бір қарап, тап-тамаша болып тұра қалды. Көз жетер жерде ешкім байқалмады. Ақшаны қалтасына салды да, жерге тізерлеп отыра кетті. Жасаураған жүзімен жан-жағына қарап сөйлей бастады: «Ей, адам! Кім болсаң да сен менің халімді өзімнен артық білгендейсің. Әйелімнің ауру екенінен, балаларымның аш-жалаңаш екенінен хабардар болдың. Бәрімізді басқа түскен қиындықтан құтқардың. Шүкір, шүкір ...».
Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі өзіне белгісіз адамға алғыс айтып, шүкірлігін білдіріп отырды.
Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты әсерге бөленді. Шәкіртінің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы:
- Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы ойыңды іск еасырғанда қандай күйде болар едің?! – дейді. Шәкірті:
- Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! –дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет