76. Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа
А) қолға ұстаған мұз В) артта қалған із С) ұшқан құс
Д) қайғы – күл, қуаныш – от Е) бала – жұбаныш, қарт – қазына
77. Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты
А) баласы көп жігіт В) жүрегі мықты жігіт С) ұзақ өмір сүрген жігіт
Д) бақ құсы қонған жігіт Е) көпті сыйлаған жігіт
Адыраспан туралы ақиқат
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген.
Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «Адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жаладан сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін ыстап, бәле-жаладан шаңырақты аластайтын болған.
Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған.
77. Мәтін мазмұнына сай емес сөйлем
А) Адыраспанды жұлып аларда ережелерін қатаң сақтаған.
В) Біздің ата-бабаларымыз өсімдіктердің қасиетін жақсы білген.
С) Адамзат тіршілігінде өсімдіктер әлемінің орны зор.
Д) Медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздайы адыраспаннан алынады.
Е) Атам қазақ адыраспанды киелі деп санаған.
78. Ата-бабаларымыздың адыраспанды үйдің босағасына іліп қоюының мәні
А) Отбасын түрлі бәле-жаладан сақтайды деп сенгендіктен
В) Үйдің ішін ыстау үшін
С) Шипалық қасиеті мол болғандықтан
Д) Ата-бабаларымыздан қалған дәстүр болғандықтан
Е) Өсімдік әлеміндегі орны зор
Хандық дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ әйелі
1821 жылы Уәли хан дүниеден өткенде Айғаным 38 жаста болатын. Үміт күткен ұлы Шыңғыс әкеден бар болғаны 10 жасында қалыпты. Осы тұста Ресей патшалығы Айғанымды «Орта жүздің ханы» деп таныды.
Уәлидің өзге әйелдерінен қаншама ұлдары бар бола тұра, таққа Айғанымның отыруы патша үкіметіне өте қолайлы еді. Осыған орай, Айғанымды «хандық дәрежесіне көтерілген тұңғыш әйелі» деп атаушылар да бар. Бірақ бұл «хандық» ұзаққа созылмай, 1822 жылы М.М.Сперанскийдің «Сібір қазақтарын басқару» атты ережесі шығады да, Орта жүздің хандығы жойылып, қазақтары: Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Баян, Қарқаралы, Аягөз аталған алты дуанға бөлініп кетеді. Ал Айғаным Көкшетау дуанына біраз жыл аға сұлтан болып тұрады. Бұл туралы ғалым Әлкей Марғұлан: «Айғаным – ақылды, көреген, өз заманына сай білімді болған әйел. Ол шығыстың бірнеше тілін білген, орыс мәдениетіне ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментімен және Петербордағы Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған», - дейді. Айғаным жергілікті халықтың арасында өте зор беделге ие болған.
Достарыңызбен бөлісу: |