Сабақтың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз №1 сабақ Құндылық: Ақиқат



бет1/8
Дата30.10.2019
өлшемі226,52 Kb.
#50818
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-34-c. 3ынып-1

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: 7.09. 2018 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз №1 сабақ

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, оптимизм, кішіпейілдік

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 3 «А,Ә,Б,В,» Оқушылар саны: 27

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар:

Сабақтың мақсаты: Ақиқат құндылығы рухани-адагершіліктің бастауы екендігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - тек шындықты айтуды үйрету;

Дымытушылық; - басқалардан жақсыны көре білуге баулу;

Тәрбиелік: - оптимистікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор дискілер, бояуышар, плакат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.

Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

Мұғалім: Арқамызды тік ұстап отырамыз. Аяқ-қолымызды айқастыр маймыз, қолымызды партаның үстіне қоямыз. Көзіңізді жұмып терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз «Су асты патшалығына саяхат»-қа барамыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғай дан қара нүкте көріп тұрсыз; жақындай түскенде оның дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхатқа шақырады. Ол өте әдепті жануар, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы қаншама орасан зор балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық,толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірне ше минут үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз, өз орныңызға келіңіз. Осы тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз, көзіңізді жаймен ашыңыз, күлімсіреңіз. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

- Жазғы демалысты қалай өткіздің? Әңгімелеп бер.






4. Әңгімелеу.

«Таза бұлақ» Ыбырай Алтынсарин

  • Үш жолаушы қандай бұлаққа кезікті ?

  • Бұлақ басындағы таста қандай жазу бар?

  • Бірінші жолаушы сөздің мағынасын қалай түсінді?

  • Ал екінші жолаушы қалай түсінді?

  • Өзің мәтіндегі «көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта» дегенді қалай түсінесің?




5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 – тапсырма: «Ақиқат» сөзінің әрбір әрпінен басталатын адамгершілік қасиеттерді тауып жазыңдар.

А... (адалдық)

Қ... (қамқор)

И... (инабатты)

Қ... ( қайсар )

А... (ақылды )

Т... ( талапты )

2 – тапсырма: «Әдеп» Ыбырай Алтынсарин мәтінін оқып, Адамның әдепті істерін тізбелеп дәптерге жазу

  • Мұжықтың әкіммен иіліп сәлемдесуі;

  • Әкімнің кішпейілділігі, әдептілігі оданда қатты иіліп сәлемдесуі.


Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау - барлық адам баласын біріктіретін, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге көмектесетін жалпыадамзаттық құндылық -тар. Жалпыадамзаттық құндылықтар уақытқа тәуелсіз. Жақсы қасиеттерді тек жақсы іс-әрекеттер жасау арқылы ғана дамыта аласың. Адам үнемі өзін жақсылыққа, ізгілікке жетелуі керек.




6. Топпен өлең айту. Айгөйлек

Сөзі: Нығмет Баймұхамедов Әні: Бақытжан Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір, Асыл сөздің ұстазы–

Тасып жатқан шағында, Ақын болар ұрпақпыз.

Кемерінен шалықтап Өнер, білім, еңбекке

Асып жатқан шағында. Жақын болар ұрпақпыз.

Ойын ойнап, ән салмай, Он саусағы майысқан

Өсер бала болар ма? Шебер болар ұрпақпыз.

Күміс күлкі көрмей ол, Тұла бойы толған бір

Кемеліне толар ма?! Өнер болар ұрпақпыз!



Қайырмасы: Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айгөлек деп ән шырқа,

Ел бөбегі, кел бөбек!






7. Үй тапсырмасы.

1.Келесі сабақ: Мұзафар Әлімбаев «Әдептілік әліппесі» жаттап келу.






8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.

  • Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.




Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №75 мектеп-гимназия Мерзімі: 14 .09. 2018 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз №2 сабақ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, батылдық.

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы.

Сынып: 3 «А,Ә,Б,В,Д» Оқушылар саны: 27

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар:

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектор дискілер, бояуышар, плакат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.2. Үй тапсырмасын тексеру.

Әдептілік әліппесі Мұзафар Әлімбаев

Атам маған әманда, Өзгелерден өзімді,

Әдепті жан бол деген. Санамаймын жоғары.

Ата сөзі санамда - Артық айтып сөзімді,

Жасы үлкенге жол берем. Желпінгенім жоқ әлі.

Алдын орап кісінің, Атам маған әманда,

Кесіп өтпей көлденең. Әділетті бол деген.

Ізетімен кішінің Ақыл сөзі санамда –

Сәлемдесіп қол берем. Жүрем тура жолменен.

Атам маған әманда, Қалдыратын ұятқа,

Кішіпейіл бол деген. Жалған сөзге төзбеймін.

Ақыл сөзі санамда - Жеткізетін мұратқа –

Мақтанбауды жөн көрем. Тек шындықты көздеймін.





3. Дәйексөз.

«... Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»

Абай Құнанбаев

  • Жақсы адамның бойындағы қасиеттерді ата, ол қандай?

  • Жаман адамның бойындағы қасиеттерді ата?

  • Сүйіспеншілік дегеніміз не?

  • Достарыңа қандай қарым-қатынастасың?




4. Әңгімелеу.

Күн кімдікі Құрманбай Толыбаев

  • Әлен мен Мәнен неге таласты?

  • Анасы балаларына қалай түсіндірді?

  • Күн Жер бетіне қандай жақсылықтыр жасайды екен?

  • Қалай ойлайсың Күн болмаса Жер бетінде тіршілік болар ма еді?




5. Шығармашылық жұмыс,

3 - тапсырма: «Әдептілік әліппесі» -дегі жақсы қасиеттерді теріп жазыңдар?

4 - тапсырма:

«Ақ» - деп басталатын адам мінезіне тән сөздерді тауып жазу.

Ақ... (ақкөңіл)

Ақ... (ақжарқын)

Ақ... (ақылды)

Ақ...

Ақ...

5 – тапсырма: Төмендегі адамгершілік қасиеттерге өз анықтамаларын жазу.

Шыншылдық, Әділдік,

Адалдық, Қамқорлық,

Кішіпейілділік, Мейірімділік.

Адамзат өзіне, өзгелерге, қоршаған ортаға, айналасына жақсылық жасау арқылы асыл қасиеттерге ие бола алады. Жақсы адам болу – оқу-білімге ұмтылу, жақсылық жасау, еңбекке талпыну, өнерге үйрену.





6. Топпен өлең айту. Айгөйлек

Сөзі: Нығмет Баймұхамедов Әні: Бақытжан Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір, Асыл сөздің ұстазы–

Тасып жатқан шағында, Ақын болар ұрпақпыз.

Кемерінен шалықтап Өнер, білім, еңбекке

Асып жатқан шағында. Жақын болар ұрпақпыз.

Ойын ойнап, ән салмай, Он саусағы майысқан

Өсер бала болар ма? Шебер болар ұрпақпыз.

Күміс күлкі көрмей ол, Тұла бойы толған бір

Кемеліне толар ма?! Өнер болар ұрпақпыз!



Қайырмасы: Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айгөлек деп ән шырқа,

Ел бөбегі, кел бөбек!






7. Үй тапсырмасы.

1.Келесі сабақ: 18 бет. Әдібай Табылдының



«Атамның өсиеті» жаттап келу.




8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

  • Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.




Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .09.18ж

Сабақтың тақырыбы: Халықтың мәдени мұрасы № 3 – сабақ Құндылық : дұрыс әрекет Қасиеттер:. шындықты айту, уәдені орындау, ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, батылдық.

Мұғалім: Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,б,в,д»

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы тура жолды көрсетуге септігін тигізеді.

Міндеттері:

Білімділік: - шындықты айтуды, уәдеде тұруды үйрету;

Дамытушылық: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға баулу;

Тәрбиелік: - сыйластыққа, батылдыққа тәрбиелейді.

Ресурстар: оқулық, дәптер, түрлі-түсті қалам.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» ережесін сақтау) Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулық, Талапты сақтауға шақыру. Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхат » шығамыз.




  1. Үй тапсырмасын сұрау. Әдібай Табылды

«Атамның өсиеті» жатқа айту.

Тарамдап күміс сақалын Әділ бол дос пен қасыңа

Тақпақтап үлгі –мақалын. Жақсылық көрсең тасыма.

Өнеге қылып айтқаны - Жамандық көрсең жасыма.

Өсиет сөзі атамның: Алымды тап та асылдан,

Ерлікпен туған азат күн, Арыңды сақта жасыңнан!...

Еңбегі, салты ғажап тым, Халқымның салтын сақтаймын

Дәстүрін сақта қазақтың. Атаның сөзін жаттаймын.

Мерейің Күнмен тең болсын! Өнеге, тәлім, үлгісін

Пейілің шалқар, кең болсын! Өмірде іспен ақтаймын!






  1. Дәйексөз

«Мәдени мұра – халық игілігі»

нақыл сөз



  • Мұра дегеніміз не?

  • Қандай мәдени мұраны білеміз?







  1. Әңгімелесу

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы туралы

  • Қожа Ахмет Ясауи туралы не білесіңдер?

  • Атақты Темір қандай іс жасады?

  • Оның іс-әрекетінен нені түсінуге болады?

  • Адамдар бір-біріне неліктен құрмет көрсетеді деп ойлайсыңдар?

  • Өзіміз тұратын мекенде қандай ескерткіштерді білесіңдер?




  1. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Оқулықтағы 15-16 беттегі суреттерге қарап, ондағы тұлғалар жайлы айту.

2-тапсырма: Алтын адам суретін дәптерімізге саламыз

..... Халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды – ескерткіш деп атаймыз.




  1. Топпен ән айту Шона Смаханұлы

Анамның тілі – аяулы үні
Өмірге келдім, Мектепке келдім, Көңілге көрік,

Анамды көрдім. Ұстазды көрдім. Өмірге серік.

Деді ол: «Жаным», Тыңдадым сөзін, Әсем ән-жыр,

Арайлы таңым. Табынып, сүйіп. Қайрат, қуатым.

Самал боп желпіп, Анамның тілі – Сөйлесем мыңға

Жырымен ертіп, Аяулы үні. Өрлесем шыңға,

Үйретті тынбай, Жүрекке нұрын Анамның тілі -

Бал тілі, әнін. Жіберді құйып. Асыл мұратым.



Қ-СЫ: Анамның тілі – Айбыным менің,

Анамның тілі – Ай, Күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі өмірді думан.



  1. Үйге тапсырма.

Келесі сабақ: Өзіміз тұратын аймақтағы тарихи және мәдени ескерткіштер жайлы ізденіп жазып келу.




  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде .







Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: № 75 мектеп-гимназия Мерзімі: .09.2018жыл. № 4 сабақ

Тақырып: Халықтың мәдени мұрасы

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: ешқашан зиян келтірмеу, жан-жануарларға қамқорлық жасау, бірлік.

Мұғалім: Сейденова Адиса Сынып: 3 «а,ә,б,в,д»

Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - көмектесуге, ешқашан зиян келтірмеуге үйрету.

Дамытушылық: - жан-жануарларға қамқорлық жасауға ынталандыру;

Тәрбиелік: - бірлік, ынтымаққа тәрбиелеу.

Оқулық, видео

проектор , бояғыштар



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: (5 «Т» ережесін сақтау) Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулық, Талапты сақтауға шақыру. Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхат » шығамыз..



Тыныштық сәті: Әуен ойналады.

Жағымды күйге ену «Орманға саяхат»







2. Үй тапсырмасын тексеру.

Өзіміз тұратын мекендегі ескерткіштер жайлы жазып келген мағлұматтарын қорғайды.






3. Дәйексөз.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»

  • Дәйексөздің мағынасын түсіндір?




4. Әңгімелеу.

Бәсіре Серік Нұғыман

  • Бәсіре дегеніміз не?

  • Еніші деген не?

  • Ерулік деген не?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:

Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? Атап шық.


2-тапсырма: Қандай ырым – тыйымдарды білесіңдер, дәптерге жазамыз.




  1. Топпен ән айту АйгерімҚалаубаева

Ертегілер әлемі

Ғажайып түс көрдім, Гүл тердім бұлттардан,


Таң ата мен бүгін, Әр гүлде бір арман,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, Таусылмайтын тәтті,
Нұрына шомылдым бүгін. Сыя келіп жатты
Жұлдыз, айы көркем, Жан біткеннің бәрі маған.
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Қ/сы: Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер

Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?


Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?




  1. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Отбасындағы атадан балаға келе жатқан дәстүрлер туралы жазып келу.





8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде,



Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бүкіл әлемде.

  • Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

  • Сау болыңыздар!!!





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет