Сабақтың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз №1 сабақ Құндылық: Ақиқат



бет3/8
Дата30.10.2019
өлшемі226,52 Kb.
#50818
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-34-c. 3ынып-1



Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .11.18ж11 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Бастаулардың бастауы Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиеттер: бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, ақкөңілділік, бауырмалдық. Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,в,б,д»

Сабақтың мақсаты: Сүйіспеншілікпен жасалған жақсылық адамды нұрландырады.

Міндеттері:

Білімділік: - айналадағының бәрін жақсы көре білуді үйрету;

Дамытушылық: - отбасындағы сүйіспеншілікті орнатуға баулу;

Тәрбиелік: - ақкөңілділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, түрлі-түсті қалам.

1.Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Талап , Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру. Жағымды көңіл-күйге ену «Нұрға бөлену»
2. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйің Қастек Баянбай

Көкең бала болған, Күніне бір елі

Жілік майын сорған. Өсіретін сені –

Ұшқан біздің әулет Анаңның ақ сүті

Осы алтын ордаң. Туған үйдің төрі.

Әлди, әлди, әлди. Әлди, әлди, әлди.

Келдің демей қайдан, Жастайыңнан сүйген,

Дастарханын жайған. Қамсыз ойнап – күлген.

Құттыханаң осы, Басталады Отан

Оты шалқып жанған Осындай әр үйден

Әлди, әлди, әлди. Әлди, әлди, әлди.


  • Туған үй несімен қымбат?

  • Адамға туған үйі не үйретеді?

  • Туған үйге оралғанда адам қандай әсерге бөленеді?

  • Туған үйіңді қалай қадірлейсің?

Хрустальный грусть

Сазды әуен


3.Дәйексөз

Отбасы – жылылық ұясы

  • Отбасындағы жылылықты қалай сезінеміз?

  • Сен жылуыңды қалай таратасың?




4.Әңгімелесу

Үйді сағындым Қасым Қайсенов


  • Адам туған үйін үнемі сағынып тұруының себебі неде?

  • Туған үйдің жылылығын қалай сезінесің?

  • Туған үйге сүйіспеншілігіңді қалайша білдіресің?

  • Өзің туған үйіңді не үшін жақсы көресің?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Туған үйге қатысты жылы сөздерді топтастырып жазыңдар.

  • Алтын ұям, құт мекенім, жаннатым, берекелі отбасым, асқар тау аға ... т.б.

2- тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.

  • Өз ... - өлең төсегің.

  • Туған үйдің ... де жылы.

  • ... үй – базар.

  • Өз үйім – кең ... боз үйім.




6. Үйге тапсырма.

Келесі сабақ: «Менің үйім» өз үйлеріңнің суретін салып келу.






Топпен ән айту

Әжетайым

Айналайын әжемнен, Айналайын әжетайым

Бақыт – байлық әкелген Аялаған еркетайын

Өмір жүгі өзіңнің Жүрегіме жыр арнадың

Көрінеді көзіңнен Мен болайын қолқанатың

Абзал ана, әжешім Әжім басқан ажарыңды

Ән салады көкешің Көркем әсем жанарыңды

Балалардың бағына Аман – есен жүр әжетайым

Әрқашанда керексің Балалардың базарында

Әже, әжетайым

Еркелей қараймын

Сен жүрсең ортада

Бақыт деп санаймын





Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде .






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .12.18ж12 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Бастаулардың бастауы Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Ата-ананы, үлкендерді сыйлау, айтқанды орындау, батылдық . Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,в,б,д»

Сабақтың мақсаты: Cыйластық дұрыс әрекет құндылығының басты құралы.

Міндеттері:

Білімділік: - Ата-ананы, үлкендерді сыйлауды , құрметтеуді үйрету;

Дамытушылық: - Айтқанды орындау ұқыптылыққа шақыру;

Тәрбиелік: - Батылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, түрлі-түсті қалам.

1.Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Талап , Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру. Жағымды көңіл-күйге ену «Орманға саяхат»

2. Үй тапсырмасын сұрау.



«Менің үйім» өз үйлерінің суретін салып әңгімелеп береді.

Хрустальный грусть

Сазды әуен


3.Дәйексөз

«Өз үйім, кең сарайдай боз үйім» (Жиренше шешен үйінде жатқанда тізесінен төмен қарай сыртқа шығып жататын болған ...)

  • Жиренше шешен ханның сарайынан өз үйіне келгеннен соң неліктен бұлай деп айтты?

  • Қонақтан келген соң өз үйіңде өзіңді қалай сезінесің? Неліктен?




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: 58-беттегі суретке қарап тақырып қой және әңгіме құрастыр.

Біздің үй

Біздің үй үлкен отбасы. Үйдің үлкені атам және әжем. .....


2- тапсырма: Өз отбасыңдағы жақындарыңның бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар.
Жер бетінде туған үйге жететін орын жоқ. Адамның өзін емін-еркін, ашық-жарқын, бақытты сезінетін ортасы – туған үйі.

Өз үйің күң сияқты, жылылықты табасың. Өз үйің – мейірімділік, қамқорлық мекені. Ол – адамның әрқашан қайта оралатын қазығы. Туған үйге сағыныш ешқашан ортаймайды. Туған үйің – қашанда құшақ жая қарсы алатын алтын ұяң.






6. Үйге тапсырма.

Келесі сабақ: «Біздер сәлем береміз» Ермек Өтетілеуұлының өлең жолдарын жаттап келу.






Топпен ән айту

Қошақаным қайда екен?! Сабырхан Асанов

Жазда апамның аулына, Қ-сы: Ақ маңдайы ай ма екен?!

Барып едім қыдырып. Шекер ме екен, бал ма екен?!

Бір қошақан алдымнан, Кеттім оны сағынып,

Ойнап шықты жүгіріп. Қошақаным қайда екен?!

Демалысыста өзіңді, Қозыларым жүр ме екен?

Тағы іздеп барамын. Ерке сұлу сол ма екен?!

Бір қошақан бәрі бір, Мені қашан келер деп,

Сені тауып аламын. Сағынып ол жүр ме екен?!






Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: № 75 мектеп-гимназия Мерзімі: .12. 2018 жыл. 13 сабақ

Сабақ тақырыбы: Өзіңді және басқаларды түсіне білу

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Ізеттілік, сыйластық, әдептілік, үлкендерді сыйлау.

Мұғалім: Сейденова Адиса. Сынып: 3 «а,ә,б,в,д»



Сабақтың мазмұны:

Ресурс

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу,

Міндеттері:

Білімділік: - Оқушының бойында ізеттілік қасиетін қалыптастыру.

Дамытушылық: - Сыйластық, әдептілікті сақтау қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: - Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопро

ектр


1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Біздер сәлем береміз» Ермек Өтетілеуұлы

Қайтар жолда мектептен Кездессе, егер ағалар,

Көп танысты көреміз, Немесе әпке-апалар:

Бәріне де ізетпен Сәлеметсіз бе, ағай! – деп,

Біздер сәлем береміз. Сәлеметсіз бе, апай! – деп,

Ұл- қыз сәлем береміз.

Құрбы досқа күлімдеп. Өнегелі өренбіз.

Жақындаса кетеміз,

Атын атап: Жолықтырсақ, ал енді

Сәлем! – деп, Ақ жаулықты әжейді:

Бас изесіп өтеміз. Амансыз ба, әжей! – деп,

Есенсіз бе, шешей! – деп,

Қолдарын біз аламыз,

Инабатты баламыз.



  • «Сәлем – сөздің анасы» - деп неліктен айтады?

  • Адамдар бір-бірімен не үшін сәлемдеседі?

  • «Сәлемі түзу» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өзің кімдермен, қалайша сәлемдесесің?




3. Дәйексөз.

«Сыйласаң , сыйлы боларсың»

  • Сыйластық деген не?

  • Сыйлау дегенді қалай жүзеге асырып жүрсің?

  • Өзіңді өз ортаңда сыйлымын деп ойлайсың ба?







4. Әңгімелесу

Гүл Шәкен Күмісбайұлы

  • Асқар салтанатты мәжілістен не ұқты деп ойлайсыңдар?

  • Адамдарды қалайша қуантуға болады?

  • Сезімтал, мұқият болудың қандай пайдасы бар?

  • Өзің басқаларды қуанту үшін не істей аласың?




5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Адамдармен қалай амандасу керек?

  • Қандай жағдайда орныңнан тұрып сәлемдесу керек?

  • Кімнің бірінші болып амандасуы керек?

  • Сәлемдескенде кімге қандай сөздер айту керек?



2-тапсырма: Өлең жолдарын оқып, жақсы, жылы сөздерді тізбелеп жазыңдар.

«Сіз», «біз» деген жылы сөз - Баршаға керек жақсылық!

Жылытады жүректі. Жақсылық сүйер жанымыз,

Жақсылық билеп жанды тез, Баршаға жетер жақсылық,

Оятады игі тілекті. Қызғанбай бөліп алыңыз!

Біреуге біреу жақсылық, «Сіз», «біз» деген жылы сөз –

Тілесе әркез жаны ашып, Жақсылықтың мейірі.

Осы бір шырын тәттілік, Бір-біріне болып кез,

Тұрмай ма жанға жарасып?! Кең болсын адам пейілі!


  • Сіз, біз, шырын тәтті сөз, жақсылық, кең пейіл ...


3-тапсырма: «Сәлемдесе білемін» сахналық көрініс.

  • Ата-әкелерге сәлем беру;

  • Әже-апалармен сәлемдесу;

  • Қыз баламен сәлемдесу;

  • Таныс емес адаммен сәлемдесу.

«Сәлем – сөздің анасы» деп бекер айтылмаған. Адамның әрбір күні, әңгімесінің басы сәлемдесуден басталады. Сәлемдесу – ол басқа адамдарға өзіңнің достық пейіліңді, құрметіңді, тілектесті- ігіңді білдіру. Сәлемдескенде сөзді анық, сабырмен айту керек. Жылы шыраймен, ақжарқын амандасу адамның жақсы мінезді екенін көрсетеді.

Сәлемдесіп жүру, сәлемге жауап қайыру адамның жоғары мәдениеттілігін білдіреді.





6. Топпен өлең айту. Күн күледі Сөзі: Қ. Толыбаев

Әні: И. Нүсіпбаев

Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн,

Аймалайды шыңда тұрып.

Қ-сы Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ – құшақ гүл алып

Жалбыр шашы – гүл жібегі,

Жайнаң қағып Күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге,

Күлім қағып бір жүреді.






7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Әрқашан дайынбыз» Серікбай Оспанұлының өлеңін жаттап келу.






8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.


  • Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

  • Сау болыңыздар!!!









Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: № 75 мектеп-гимназия Мерзімі: .12. 2018 жыл. 14 сабақ

Сабақ тақырыбы: Өзіңді және басқаларды түсіне білу

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: Уәде орындау, ұрыспау, үлкендерді сыйлау.

Мұғалім: Сейденова Адиса. Сынып: 3 «а,ә,б,в,д»



Сабақтың мазмұны:

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу,

Міндеттері:

Білімділік: - Оқушының бойында уәде орындау қасиетін қалыптастыру.

Дамытушылық: - Ұрыспау қасиеттерінің мәнін түсіндіру.

Тәрбиелік: - Үлкендерді сыйлау қасиеттеріне тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер стикер, видеопроектр

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі



Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Әрқашан дайынбыз» Серікбай Оспанұлының

Сенеміз еңбектің күшіне Гүл егіп, дән сеуіп қойнауға,

Қайда да алда боп дәйім біз. Тек жақсы оқимыз дәйім біз.

Үлкенге, құрбыға, кішіге, Туған жер өзіңді қолдауға,

Көмекке әрқашан дайынбыз! Қорғауға әрқашан дайынбыз!

Құрыштай ініміз, ағамыз,

Нұрлы Отан, күніңбіз, айыңбыз,

Аяулы, ардақты анамыз,

Ісіңе әрқашан дайынбыз!





3. Дәйексөз.

«Алыстағы дұшпаннан,

Аңдып жүрген дос жаман»

  • Дұшпан деген кім?

  • «Аңдып жүрген дос» қандай мағыысықты ұстап алды. Екіншісі оның мнада? (күндес, қызғану)




4. Әңгімелесу

Адамдармен өзара қарым-қатынаста түсіністік болуы үшін сөзді ұға білу қажет. Мәтіндерді оқып сөз сырын ұғып алайық.



Жібі түзу

Балалар мысықты таспен ұрып қуалап жүрді. Біреуі мойнына жіп байлап, сүйремекші болады. Бәрін көріп тұрған Әлима әже балаларға ұрсып, мысықты босаттырды. Сосын бәріне:



  • Ітеріңде жібі түзу бала болсайшы, - деп кейіді.

«Жібі түзу» деп, дұрыс жүретін, тәртіпті, адамгершілігі бар адамды айтады
«Бас десе, құлақ дейді»

Марат сабақтан келсе, анасы үстелдің тартпасын ақтарып жатыр екен. Мұны көріп:



  • Ә, келдің бе? Анальгинді көрдің бе – деп сұрады.

  • Анальгин деген кім? Ондай адамды танымаймын, -деді.

Анасы: Балам-ау , бас десе құлақ дейтінің не. Анальгин адамның аты емес, ол – дәрі, - деп күліп жіберді.

... Жөнді сөзді ұқпайтын, түкке түсінбейтін, басқа жаққа лағып отыратын адамға айтылатын сөз.

Жүрек жұтқан

Бір топ бала мектептен қайтып келе жатқан, кенет биік үйдің артынан бір дәу ит арсылдап шыға келді. Балалар қаша жөнелді. Асан қалып қойды. Себебі, үйдің алдында тұрған кішкентай қыз иттен қорқып, шырылдап жылап қоя берген еді. Асан қабағын түйіп итке қарсы жүрді. «Кет!» - деп айқайлады. Гүр-гүр еткен ит кенет кілт тоқтады. Сосын бір-екі рет үрді де, бұрылып кетті.

Қызының даусын естіп далаға жүгіріп шыққан анасы мән-жайды бірден түсініп. Асанның басынан сипап:


  • Өзің жүрек жұтқан бала екенсің! – деп алғыс айтты.

.... Еш нәрседен қорқпайтын, батыл, ержүрек адамдарды «жүрек жұтқан» деп айтады.





5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: « Түсінісу» мәтінін оқып, әпкесі мен інісі қалай түсінісу керек екенін айтып беріңдер.
2-тапсырма: «Жас шыбық» мәтініндегі кейіпкерлер ісіне баға беріп, олардың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?





6. Топпен өлең

«Әрқашан дайынбыз» Серікбай Оспанұлының

Сенеміз еңбектің күшіне Гүл егіп, дән сеуіп қойнауға,

Қайда да алда боп дәйім біз. Тек жақсы оқимыз дәйім біз.

Үлкенге, құрбыға, кішіге, Туған жер өзіңді қолдауға,

Көмекке әрқашан дайынбыз! Қорғауға әрқашан дайынбыз!

Құрыштай ініміз, ағамыз,

Нұрлы Отан, күніңбіз, айыңбыз,

Аяулы, ардақты анамыз,

Ісіңе әрқашан дайынбыз!





7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Анашым» Әбдірахман Асылбектің сөзіне жазылған өлең жолдарын жаттап келу.






8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.


  • Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

  • Сау болыңыздар!!!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет