Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .09.18ж № 7 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Оқу – менің еңбегім Құндылық : Ақиқат Қасиеттер: басқалардан жақсылықты іздеу, қарапайымдылық, оптимизм, кішіпейілдік. Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а.ә,в,б,д»
Сабақтың мақсаты: : «Білім», «махаббат» адамгершіліктің құралы екендігін ақиқат құндылығы арқылы түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: - басқалардан тек жақсыны көре білуге үйрету;
Дамытушылық: - оптимистікке баулу;
Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар: оқулық, дәптер, түрлі-түсті қалам.
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Талап , Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру. Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхат » шығамыз.
|
|
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Басты нәрсе Әдібай Табылды Басты нәрсе өмірде Айтты диқан егінді: Не? – дейтіғұн көңілде - Асырадым елімді... Көптен жүрген сауалдың Астық – күнде мол асың, Іздеді жұрт жауабын. Аштық мүлде болмасын. Шахт(ер сөз қып шахтаны, Малшы сөзін естідік: Мақтардай-ақ мақтады: - Бағып жүрмін төрт түлік, - Басты нәрсе кен,- деді, Сол – байлық, - деп мақтады. Бас маманмын ме,н – деді. Ғалым кеуде қақпады. Металлург те құймасын - Бәрі де жөн, дұрыс қой, Мақтады өзі құйғасын: Бәрі - байлық, ырыс қой. Алтын, болат, қола да Басты нәрсе шынында, Менсіз дайын бола ма? Оқу менен ғылымда! - Өскенде кім болғың келеді? Неліктен? - Ол үшін не істеу керек?
|
|
Дәйексөз
«Оқу – инемен құдық қазғандай»
Дәйексөздің мағынасын түсіндіру.
Білімді азамат болу үшін ең бастысы адамға не қажет?
Білімді адамның бойында қандай қасиетттер болады?
|
|
Әңгімелеу
Кел, балалар, оқылық! Ыбырай Алтынсарин
Кел балалар оқылық. Сиса көйлек үстінде
Оқығанды көңілге Тоқуменен табылған.
Ықыласпен тоқылық! Сауысқанның тамағы
Оқысаңыз балалар Шоқуменен табылған.
Шамнан шырақ жағылар Өнер, білім – бәрі де
Тілегенің алдыңнан Оқуменен табылған
Іздемей – ақ табылар.
Оқу адамға не үшін қажет?
Оқуға құштар адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Білімді адамның болашағы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Сенің оқудағы, білім алудағы мақсатың не?
Мәтінмен жұмыс Ыбырай Алтынсарин
Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Мәтіндегі маған ұнаған
іс-әрекеттер
|
Бұл іс-әрекеттер
не үшін ұнады
|
|
|
|
|
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп рас айтылған. Білімді адам қандай болады?:
Адал да арлы,
Зейін-зердесі мен ой-өрісі кең,
Өнерге, ғылымға құштар,
Өте тәрбиелі,
Сыпайы, мәдениетті, көргенді,
Еңбексүйгіш, өз-өзіне сенімді.....
2-тапсырма: «Бала Шоқанды» оқып, сұрақтарға жауап бер.
Шоқанға әжесі қандай насихат айтты?
Шоқанның оқуға ықыласы қалай байқалды?
«Оқыған адам» деп кімді айтуға болады?
Өзің оқуға неліктен қызығасың?
|
|
Топпен ән айту
Біз көңілді ұланбыз
Біз көңілді ұланбыз, Бөбектерді қуантып,
Ән шырқаймыз, сайраңдап. Құрметтейміз қарттарды.
Бақытты елде туғанбыз, Өнерге біз құмартып,
Жаз гүліндей жайраңдап. Өсіреміз бақтарды.
Шынығамыз, ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.
|
|
Үйге тапсырма.
Келесі сабақ: «Кім болам» тақырыбына әңгіме жазып келу.
|
|
Сабақтың қорытынды сәті.
Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге
Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде. Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде .
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .10.18ж № 8 сабақ Сабақтың тақырыбы: Оқу менің еңбегім Құндылық : Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мұғалімді сыйлау, бәрін жақсы көру, татулық.
Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,в,б,д»
Сабақтың мақсаты: : Білім алуда талмай еңбек етуде дұрыс әрекет құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - Үлкендерді және мұғалімді сыйлауды үйрету;
Дамытушылық: - Бәрін жақсы көру арқылы өмірді сүюге баулу;
Тәрбиелік: - Сыйластыққа, татулыққа тәрбиелеу.
|
Ресурс:оқулықдәптер, түрлі-түсті қалам.
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Талап , Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру. Жағымды көңіл-күйге ену «Орманға саяхат » шығамыз.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Кім болам» тақырыбына жазып келген әңгімелерін оқиды.
|
|
Дәйексөз
«Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра»
Нақыл сөздің мағынасын түсініп алыңдар.
|
|
Әңгімелеу Мәтіндерді оқып, жалғастыруын 3-топқа бөліп беріледі.
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті. Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады.....
Түлкі, қараторғай және қарға
Қараторғай бір кішкене қайыңға ұя салып, балапан шығарады. Күн өткен сайын балапандары үлкейе бастайды. Бірде қайыңның қасынан өтіп бара жатқан түлкі биіктегі ұяны көреді. Бірақ бойы жетпейтін болған соң, қараторғайды алдап соғуды ойлайды.
-Жұрттың бәрі егін егіп бітірді, - дейді түлкі. – Менің соқам сынып қалып еді, соны жөндеуім керек, мына қайыңды кесемін.
-Кеспе, - деп жалбарынады қараторғай, - балапандарым әлі ұша алмайды, оларды қайда жіберемін?
- Олай болса, балапандарыңның біреуін бер!
Қараторғай ойға шомады. Не істеу керек? ...
Қыт-қыттың сыры
Бұрынырақта тауық пен тышқан керемет дос болған екен. Күндердің күнінде тауық бір уыс бидай тауып алыпты. Досынан бидайды үгітіп беруді сұрайды.
Мен үгіте алмаймын – дейді тышқан.
Амалсыздан бидайды тауық өзі үгетеді. Диірменнен шыққандай мап-майда ұн жасап, одан қамыр илейді. Содан кейін ол тышқанға:
- Енді қамырды күлше етіп пісір, - дейді.
- Өзің-ақ пісіре салшы, ерініп тұрмын, - дейді досы.
Тауық бір табақты толтырып күлше пісіреді де:
- Күлшені кім жейді? – деп әдейі дауыстайды.
- Мен, мен, - деп тышқан жүгіріп келеді.
Сонда тауық: - .....
|
|
Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: «Кім болам» мәтінін оқып, сахналаңдар.36-39 бет.
Адам өмір бойы білім алумен айналысады. Білім – ол мол байлық, сарқылмас қазына, таусылмайтын кен. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.
Білім алу – талмай оқумен, үнемі ізденіспен, қажырлы еңбекпен келеді. Оқып білген сайын адамға дүние сыры ашыла түседі. Білімді болсаң, өзіңді, айналаңды, әлемді тани аласың. Ең бастысы – біліміңді жақсылыққа жұмсау керек.
|
|
6.Топпен ән айту
Біз көңілді ұланбыз
Біз көңілді ұланбыз, Бөбектерді қуантып,
Ән шырқаймыз, сайраңдап. Құрметтейміз қарттарды.
Бақытты елде туғанбыз, Өнерге біз құмартып,
Жаз гүліндей жайраңдап. Өсіреміз бақтарды.
Шынығамыз, ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.
|
|
Үйге тапсырма.
«Мен және мектебім» тақырыбына эссе жазып келу (суретпен бейнелеуге де болады).
Сабақтың қорытынды сәті.
Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге
Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде .
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .11.18ж № 9 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті Құндылық : Сүйіспеншілік Қасиеттер: бәрін жақсы көру, отбасындағы сүйіспеншілік, ақкөңілділік, бауырмалдық. Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,б,в,д»
Сабақтың мақсаты: Сүйіспеншілікпен жасалған жақсылық адамды нұрландырады.
Міндеттері:
Білімділік: - айналадағының бәрін жақсы көре білуді үйрету;
Дамытушылық: - отбасындағы сүйіспеншілікті орнатуға баулу;
Тәрбиелік: - ақкөңілділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
Хрусталь
ный грусть
әуені ойналады.
|
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Талап , Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру. Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхат » шығамыз.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
«Мен және мектебім» тақырыбына жазып келген эсселерін оқиды, (суретпен бейнелеуге де болады).
|
|
3. Дәйексөз
Ата – ана бас ұстаз Нақыл сөз
Дәйексөздің мағынасын түсіндіру.
|
Жатқа айту
|
4. Әңгімелесу Сырбай Мәуленов
Ата Әже
Айтады ертек жан атам Мейірімі жел жібек
Ақ сақалын салалап Күндей ыстық құшағы
Құмарымды таратам, Ет жүрегі елжіреп
Жер мен көкті аралап «Құлыным» деп құшады.
Ертегілер еліне Жан жуытпай маңына
Бір шегетін сапарды Ас сақтайды кәрі әжем.
Асқар таудай атамды. Биіктейді дәрежем.
Әке Апа
Атам айтса «Ұлым!» деп, Апам ыдыс жуады
Өжем айтар «Күнім!» деп, Мінезі оңды, биязы.
Екеуінен қаймығып, Ол барында тұрады,
Айтады әкем «Інім!» деп. Жайнап үйдің жиһазы.
Ықыласы бір менде, Желдеткішті ашадаы,
Бір қабағын шытпайды. Мөлдір ауа кіргізіп.
Үйде, түзде жүргенде Шұғыласын шашады
Соған ұқсап бағамын. Үйімізде күн жүзіп.
Қарындасым
Қарындасым Қарлығаш Шілде күні шыжыған
Тал шыбықтай талдырмаш Су тасиды гүлдерге
Қанатымен су сепкен Сырттан қарап қызығам
Секілді ол қарлығаш. Қуыршақтай жүргенде.
Ата, әженің мейірімі қандай әсерге бөлейді?
Әке мен ананың жылылығы деп нені айтады?
Отбасында қалайша татулық орнатуға болады?
Бауырмалдылық дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзің туғандарыңа сүйіспеншілігіңді қалай білдіріп жүрсің?
|
Сұраққа түсінік жауап.
|
5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: а) Жұмбақтарды ң шешуін тауып, бірінші әріптерін пайдаланып сөз құрастырыңдар.
Жаңа туған айды алып Дастарханға шуылдап
Саптадық та қайрадық. Күніне үш жиылар.
Енді егінді орамыз Жарты сағат қимылдап
Пісіп тұрған сарғайып (ОРАҚ) Жарты сағат жуылар. (ЫДЫС)
ә) Тиісті сөзді қой:
Бөлмеймін ұшсам, Болмайды бізді
Аспанды жырға Ешқашан ату.
Мен болам, асқан, Түсім аппақ,
Сида құс ... (Тырна) Атым ... (Аққу)
Зытады менен, Қояды екен әр шаруа,
Аңдар да үркіп. Қазығына құт байлап.
Жез тұяқ ерен Қанша құйып алсаң да,
Қыранмын ... (Бүркіт) Сарқылмайды сүт, қаймақ. (Сиыр)
2-тапсырма: Диалогты жалғастыру, 47-бет:
3-тапсырма: Ата-анаңның алдындағы парызыңды жалғастырып жазу:
Ата-анаңды құрметтеу.
Ата-анаңды сыйлау.
Ата-анаға қамқор болу.
Ата-анаңа жақсы көретініңді күнделікті жеткіз.
Үмітін ақта... т.б.
Отбасы – тәлім-тәрбие мектебі. Адам өнеге -үлгіні отбасынан алады. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын отбасынан үйренеді. Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, адалдық, әдептілік, еңбексүйгіштік отбасының өнеге-үлгісі болып табылады. Отан сүю, ана тілін құрметтеу, табиғатты аялау да отбасынан басталады. Отбасы - сүйіспеншіліктің, шаттықтың ордасы.
|
|
6. Топпен ән айту
Ата-Әже Нұржан Төлендиев. Қалмасын деп қатардан
Ойлайтынын сезем мен Атаааа..., Әжееее...
Айналайын атамнан , Мен сіздерді сүйіп өсемін
Айналайын әжемнен Анааааа..., Әкеееее...
Мақтанбаймын бекер мен Сыйлаймын ғой бәріңді,
Өшпейсіңдер санамнан Мен сіздерге қарап өсемін.
Айналайын әкемнен
Айналайын анамнан.
Күн сияқты ашылар
Қамқоршымда осылар.
Қанша көрдім дегенмен
Көрмегенім көп менің.
Қанша білдім дегенмен
Білмегенім көп менің.
Мен дегенде ештеңе
Аямайтын осылар
Таң ертең де, кешке де
Аялайтын осылар.
|
|
7. Үйге тапсырма.
Келесі сабақ: «Жан ана» Алтынбек Қоразбаев өлең жолдарын жаттап келу.
|
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .11.18ж № 10 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Ата-ананы, үлкендерді сыйлау, айтқанды орындау, батылдық. Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,в,б,д»
Сабақтың мақсаты: Cыйластық дұрыс әрекет құндылығының басты құралы.
Міндеттері:
Білімділік: - Ата-ананы, үлкендерді сыйлауды , құрметтеуді үйрету;
Дамытушылық: - Айтқанды орындау ұқыптылыққа шақыру;
Тәрбиелік: - Батылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
|
Ресурстар: оқулық, дәптер, түрлі-түсті қалам.
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау) Талап , Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру.
|
Хрустальный грусть
Сазды әуен
|
Үй тапсырмасын сұрау.
«Жан ана» Алтынбек Қоразбаев өлеңін жатқа айту.
Өз балаңнан артық бала бар ма, ана,
Мәз боласың, жарай қалсам шаруаңа.
Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме,
Жан ботасын сағынғанда Аруана.
Аруанасың, мен ботаңмын, жан ана,
Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма?
Сенсіз менің айым туып алдымнан,
Атым шауып бас бәйгені ала ма?
Асыл ана сенен қуат аламын,
Алдым сенен атар таңның арайын.
Сенің ғана жанарыңда тұратын,
Мейірімді қайдан ғана табайын.
|
|
3.Дәйексөз
«Үлкен алдында жас парызы, ата алдында бала парызы
– әдеп пен сый» Мұхтар Әуезов
Парыз деген не?
Әдепті бала бойында қандай қасиеттер бар?
Сыйыңды қалай арттырасың?
Өзіңді әдептімін, ортамда сыйлымын деп ойлайсың ба?
|
|
4.Әңгімелесу
Мейірім Нұрғали Қадырбаев
Кішкентай Айнұрдың бойында қандай қасиеттер бар?
Айнұрдың атасы мен әжесінің қасында қалғысы келуінің сыры неде?
Жақын адамдардың арасында қандай сезім болады?
Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзің отбасындағы жауапкершілікті қалай атқарып жүрсің?
|
|
5.Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: «Отбасы» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) жазу.
1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде)
3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде).
4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады.
5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.
Анашым,
Сүйкімді де, сымбатты.
Ұйқтамастан, талай-талай түн қатты.
Қалайша мен, өтесем екен жалғанда
Парызымды ....
2-тапсырма: «Сыйласым» Әдібай Табылдының мәтінін оқып, сахналау.
|
|
7. Топпен ән айту
Әжетайым
Айналайын әжемнен, Айналайын әжетайым
Бақыт – байлық әкелген Аялаған еркетайын
Өмір жүгі өзіңнің Жүрегіме жыр арнадың
Көрінеді көзіңнен Мен болайын қолқанатың
Абзал ана, әжешім Әжім басқан ажарыңды
Ән салады көкешің Көркем әсем жанарыңды
Балалардың бағына Аман – есен жүр әжетайым
Әрқашанда керексің Балалардың базарында
Әже, әжетайым
Еркелей қараймын
Сен жүрсең ортада
Бақыт деп санаймын
|
|
Үйге тапсырма.
Келесі сабақ: «Үйің» Қастек Баянбай өлең жолдарын жаттап келу.
|
|
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге
Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде .
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |