Сабақтың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз №1 сабақ Құндылық: Ақиқат


Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні



бет7/8
Дата30.10.2019
өлшемі226,52 Kb.
#50818
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-34-c. 3ынып-1


Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .03.19 ж № 26 – сабақ Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы Құндылық : Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, жақсыдан жаманды ажырата білу, отаншылдық . Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,в,б,д »

Сабақтың мақсаты : Туған өлкеге деген қарым-қатынасты шынайылықпен жасау керектігі маңызды екендігін түсіндіру. Сабақтың міндеттері Білімділік: - Туған жерге деген махаббатың ойдың, сөздің және істің бірлігі болғанда жүзеге асатынын білдіру; Дамытушылық : - жақсыдан жаманды ажырата білуге ықпал жасау; Тәрбиелік: - отаншылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, қалам.



Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау)

Жағымды көңіл-күйге ену. «Жайлауға – Ата-Әжеміздің жайлауына барамыз».



Үй тапсырмасын сұрау

«Жақсылық» сөзіне жасап келген ребустарын қорғайды.

Сазды әуен Хрустальный грусть

Дәйексөз

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»



Әңгімелеу

Қайырлы іс (өсиет әңгіме)

  • Қарт адам қандай іс атқарды?

  • Жолаушы оған неліктен таңғалды?

  • Қарт адамның бойында қандай қасиеттер бар?

  • Қарттың жасаған ісін қалай бағалауға болады?

  • Жасаған жақсылығыңның шарапатын көру міндет пе?

  • Өзің қандай қайырлы іс жасап көрдің?




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Мәтінді оқып, «Ұрпақ парызын» ұғып алыңдар және толықтырыңдар.

Ата-ананы құрметтеп сыйлау. Мейірімді, қанағатшыл болу.

Ата-анаға қолқанат болу. Оқу, өнер-білім игеру.

Айтқанын екі етпей орындау. Ана тілін білу, қадірлеу.

Ата-анаға қуаныш, шаттық тілеу. Салт-дәстүрді сақтау.

Қарапайым, еңбексүйгіш болу. Адал, елжанды болу.


2-тапсырма: «Диқан баба» аңызын оқып, іс-әрекеттерге баға беріп кестені толтыру.

Маған ұнаған

іс-әрекеттер

Маған ұнамаған

іс-әрекеттер

Менің ұсынысым










3-тапсырма: «Әдеп» мәтінін оқып, сахналап көрсетіңдер.
Қандай адам болмасын оның өмірі бөтендердің өмірімен байланысты. Дүние солай жаратылған. Күн, Ай, Су, Жер – бәрі бірімен бірі үзілместей болып шиеленіскен. Бұл табиғат үйлесім ділігі. Адамды адам етіп жаратқанда сол – сүйіспеншілік үйлес- імділігі. Кісі бірін-бірі жек көруден емес, жақсы көруден көркейе -ді, өрісі кеңейеді. Бұл – адамзат бақытының негізі.




Топпен ән айту

Құттықтаймын мама, туған күніңмен!

Нұрын төккен маған Аялаған мені,

Шуағымсың – сен! Ән қанатымен

Айналайын мама, Құтықтаймын сені,

Қуанышыңмен! Салтанатыңмен!
Шаттандырған мені Бақытты ғой заман,

Жұбанышым – сен! Қандай көңілді!

Құтықтаймын сені Мен тілеймін саған,

Туған күніңмен! Ұзақ өмірді!






Үйге тапсырма Келесі сабақ: «Табиғаттың панасымыз» Музафар Әлімбаевтің өлең жолдарын жаттап келу.




Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде. Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде .






Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .04.19 ж № 27 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен үйлесім

Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: қоршаған ортаға қамқорлық, тілалғыш болу, батылдық.

Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,в,б,д »

Сабақтың мақсаты : Туған өлкенің табиғатын сақтау әр адамның міндеті екендігін түсіндіру. Сабақтың міндеттері Білімділік: - табиғатты қорғауда үлкендердің орны ерекше екендігін үйрету; Дамытушылық : -тілалғыштыққа баулу; Тәрбиелік: - батылдыққа тәрбиелеу.

Ресурсоқулықдәптер, түрлі-түсті қалам.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау)

Жағымды көңіл-күйге ену. «Жайлауға – Ата-Әжеміздің жайлауына барамыз».


Үй тапсырмасын сұрау.

«Табиғаттың панасымыз» Музафар Әлімбаевтің

Елік қырда ауырса, Аю байғұс аяғын

Жоқ қой ауруханасы. Алса жырып, қанатып

Қос өкпесі қабынса, Жарасын кім таңады,

Қайдан табар дауасын?! Кім бар бағып-қағатын?

Ағаш өзін қиғанды Қыста бар ма шымшықтың

Ат сияқты тебе алмас, Жемге толы қоймасы?!

Гүл де жұлқып-жұлғанды Дала кезген тұмсықты

«Неге өйтті?» - деп сөге алмас. Достар жайын ойлашы...

Түйіп айтар сөзіміз:

Табиғаттың панасы –

Біздің мына өзіміз –

Адамзаттың баласы!


Сазды әуен Хрусталь- ный грусть


Дәйексөз

Табиғат тал бесігің – аялай біл.

Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.





Әңгімелесу Спандияр Ақаев

Жақсы ата – орман,

Жақсы бала – қорған

  • Торғайдың бастапқыда жағдайы қалай еді?

  • Зейнеткер кісі тоғайға қандай қамқорлық жасады?

  • Атайдың немерелері қандай істермен шұғылданды?

  • Ел ішінде қандай нақыл сөз қалыпты?

  • Табиғатқа неліктен қамқор болу керек деп ойлайсыңдар?

  • Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасап жүрсің?




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Құс жолы» аңызын оқып, түсінгеніңді суреттеп бейнелеу.

2- тапсырма: «Табиғат тәрбиесі» мәтінін оқып, мазмұны бойынша кестені толтыр.

«V»

Мен білемін



«+»

Мен үшін жаңа



«-»

Мен басқаша

ойлаймын


«!»

Мені таңғалдырды



Илеу- құмырсқаның үйі екенін,

Омарта – араның үйі екенін


















Топпен ән айту Ертегілер әлемі АйгерімҚалаубаева Ғажайып түс көрдім, Қ/сы: Ертегілер, ертегілер,
Таң ата мен бүгін, Неге мені ертпедіңдер,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, Әлемдеріңнің ғажап күйін
Нұрына шомылдым бүгін. Шертпедіңдер сендер?
Жұлдыз, айы көркем, Ертегілер, ертегілер,
Әдемі еді неткен, Неге мені ертпедіңдер,
Құстары сөйлейді, Әлемдеріңнің ғажап күйін
Бұлттары тербейді, Шертпедіңдер сендер?
Мен оянып кеттім, әттең!
Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя келіп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.




Үйге тапсырма. Келесі сабақ: «Қос қарлығаш» Бақытжан Ауданбаев өлең жолдарын жаттап келу.




Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде .




Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .04.19 ж № 28 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен үйлесім

Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: қоршаған ортаны қорғау, толеранттылық (кеңпейілділік) , еңбекқорлық . Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а,ә,в,б,д»

Сабақтың мақсаты : Туған өлкенің табиғатының әсемдігіне қиянат жасамау, сақтау әр адамның міндеті екендігін түсіндіру. Сабақтың міндеттері Білімділік: - қоршаған ортаны қорғай білуге үйрету; Дамытушылық: - бірлесе жұмыс жасауға ықпал ету; Тәрбиелік: - толеранттылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, түрлі-түсті қалам.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау)

Жағымды көңіл-күйге ену. «Жайлауға – Ата-Әжеміздің жайлауына барамыз».


Үй тапсырмасын сұрау.

Қос қарлығаш Бақытжан Ауданбаев

Бір күн келіп алмастырып бір түнді,

Көктем келіп айналамыз құлпырды.

Қос қарлығыш тыным таппай тағатсыз,

Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.

Қос қарлығыш көктемде,

Сағындырып жеткенде,

Қандай сезім жетеледі туған мекенге?

Тағып алып ақ тұмар,

Жұлдыздай боп ақтыңдар.

Ерте өшкен үмітімді,

Қайта жақтыңдар.

Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым,

Қанатымен тілгілеген аспанын.

Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегім,

Ұя салса ауласына басқаның.

Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген,

Тірліктерін туған жерге өңделген

Әрбір адам туған жерін сүюді,

Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден.



Сазды әуен Хрусталь- ный грусть


Дәйексөз

«Табиғатсыз күнің жоқ,

оны айтуға табиғаттың үні жоқ»



Әңгімелесу

Обал Айса Хамзаұлы

  • Үйректің үркіп қашу себебі неде?

  • Балалар балапандарға қандай қатер тудырды?

  • «Обал болады» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Құстарды неліктен қорғау керек деп ойлайсыңдар?

  • Өзің құстарға қандай қамқорлық жасайсың?




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Табиғат денелерінен қандай жақсы қасиеттерді үйренуге болатынын жазу

  • Таудан – сыр сақтай білуді;

  • Күннен – жылу бере білуді;

  • Бүркіттен - батылдықты

  • Қарлығаштан – досқа адал болуды;

  • Гүлден – әдемілік сыйлауды

  • Ағаштан – көлеңке түсіру, көмек беруді;

  • Арадан – тәтті сөз айтуды;

  • Құмырсқадан – еңбекқорлықты үйренеміз.

2- тапсырма: «Табиғат» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазу. Өлеңді жазу ережесі:

1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде)

2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім)

3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде)

4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады.

5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады


3-тапсырма: Қажетті сөздерді пайдаланып, табиғатты аялаудың ережесін құрыңдар: Жан-жануар, өсімдіктер, топырақ, су, бұлақ, аң-құстар, ұя, жұмыртқа, балапан, ағаш, өзен-көл, гүл, көк шөп.



Топпен ән айту Әдемі Ақылбек Шаяхметов

Күн сәулесі төгілгені әдемі, Кемпірқосақ керілгені әдемі. Көк шалғында асыр салып жүргенде, Көк көбелек көрінеді әдемі. Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі. Қариялар жол үстінде кездесіп, Амандықты сұрасқаны әдемі. Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі, Қозы-лақтың ойнағаны әдемі. Ақ боз атын ерттеп мініп атамның, Қойды өріске айдағаны әдемі.






Үйге тапсырма

Келесі сабақ: 136-137 бет. «Табиғат емші, Күн, Ауа, Су, Дәм, Асқазан» өлең жолдарын жаттап келу.






Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде. Қиянат жасамау, қиянат жасамау, қиянат жасмау бүкіл әлемде .




Мектеп №75 мектеп гимназиясы Күні .04.19 ж № 29 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары

Құндылық : Ақиқат Қасиеттер: басқалардан жақсылықты іздеу, қамқорлық, оптимизм, кішіпейілдік.

Мұғалім : Сейденова Адиса Төребекқызы Сынып: 3 «а, ә,в,б,д »

Сабақтың мақсаты : Адамзат баласының саулығы құндылықтардың дұрыс жасалуында екендігін түсіндіру. Сабақтың міндеттері Білімділік: - жақсылықты көре білуге үйрету; Дамытушылық : - Оптимист болуға баулы; Тәрбиелік: - қамқорлыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу..

Ресурстар: оқулық, дәптер, түрлі-түсті қалам.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау)

Жағымды көңіл-күйге ену. «Жайлауға – Ата-Әжеміздің жайлауына барамыз».


Үй тапсырмасын сұрау.

Табиғат – емші Күн

Балақай сезімді Сәулелі, шуақты,

Тыңдаған сөзімді: Сәулетті, қуатты.

Болуға төзімді Күн - емші анамыз,

Шыңдағын өзіңді. Күннен күш аламыз.

Денсаулық байлығың, Нұрлана қыздырынып

Онда жоқ қайғы-мұң. Нұрына жүздіріп,

Амандық үшін де Абайсыз суып тән,

Адамдық ісіңе Ауырсаң суықтан,

Қолданып, ел сынар Күн - ана шуағы

Табиғат емші бар. Дертіңді қуады.

Ауа Су

Жер шары – «дәу» әлем, Су – өмірдің жүрегі,

Қоршалған ауамен. Денсаулық тірегі.

Шығып кең алаңға, Шөлдесең, азасың,

Шынық сен әманда Жуынсаң, тазасың,

Керемет ауа – бұл, Өзен су ... бәрісі –

Кең тыныс ала біл. Өмірдің дәрісі.

Демге күш, дауа да, Сусыз жоқ дәрілер,

Емдегіш ауада. Су – нағыз дәрігер.

Дәм Асқазан

Нан, сүт, ет – тағамдар, Ас ішсең сіміріп,

Нағыз күш, тағам - нәр. Асқазан сіңіріп.

Жеміс пен көкөніс Жақсыртып қаныңды,

Жегенге берер күш. Жаңартар жаныңды.

Асқазан жұмысын

Ас – адам арқауы, Аяла!

Аспен күш артады. Бұл үшін

Тағам іш жағымды, Ас ішсең, аптықпа,

Тазартар жаныңды. Ал кейде «аш тұт та»

Дертіңді қуатты Талға да бір сәтті,

Денеңнен қуады. Тазала «құрсақты».



Сазды әуен Хрусталь-ый грусть


Дәйексөз

«Денсаулық – зор байлық»



Әңгімелесу

Аппақ бала Әдібай Табылды

  • Үсті – басыңды таза ұстаудың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

  • Денені шынықтыру не үшін қажет?

  • Сымбатты болу үшін не істеу керек?

  • «Жаны саудың – тәні сау» деген нақыл сөзді қалай түсінесің?

  • Сен өз денсаулығыңды сақтау үшін қандай іс-әрекеттер жасап жүрсің?




Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Адам денсаулығына жақсы әсер ететін іс-әрекеттер, жалғастырып жаз:

  • Күн тәртібін сақтау,

  • Көп қозғалу

  • Жақсы көңіл-күйде болу,

  • Күніне 2.5 литр су тұтыну,

  • ............

2-тапсырма: Денсаулықты сақтау туралы сөйлемдерді аяқтап жазу;

Егер денің сау болсын десең, ......

Егер мұрның сау болсын десең, .......

Егер көзің сау болсын десең, .............

Егер құлағың сау болсын десең, .........

Егер тынысың сау болсын десең, ........





Топпен ән айту

Қайырымды жандар айнала, Сүйеміз барлық ананы, Шеңберге келсін жайлана. Жүрегім оттай жанады. Жалықпастан қайта біз, Бақыттымыз осы біз, Махаббат сөзін айтамыз. Қасымызда досымыз.






Үйге тапсырма. Келесі сабақ: «Көңілді күн» әнін жаттап келу.




Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде. Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет