Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет558/674
Дата02.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134045
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   674
Байланысты:
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
455 
құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда 
жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе! 
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?! 
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол 
үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. 
Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай 
қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе. 
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау 
талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай 
үміт шырағы туып тұрғандай! 
7.Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған? 
A)Әңгімелеу 
B)Сипаттау 
C)Суреттеу 
D)Пайымдау 
E)Баяндау 
8.Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі 
төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек 
шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады? 
A)Турашылдыққа 
B)Сенімділікке 
C)Болжампаздыққа 
D)Сабырлыққа 
E)Шынайылыққа 
9.Мәтіннің тақырыбы қандай? 
A)Дала аспаны 
B)Үміт шырағы 
C)Жақсылық нышаны 
D)Жұлдыз сыры 
E)Ырымшыл халық 
10.Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын 
соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» 
деп аяқтауының мақсаты қандай? 
A)Халқына сенім арту 
B)Халқына қамқор болу 
C)Халқының жолын ашу 
D)Халқына жанашыр болу 
E)Халқының қамын ойлау 
11.«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген? 
A)Түн жарық болатындықтан 
B)Түн жылы болатындықтан 
C)Дәстүрді құрметтеген 
D)Бағыт сілтеуші болғандықтан 
E)Жақсылыққа жорығандықтан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   674




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет