Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет291/515
Дата15.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#158244
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   515
Байланысты:
Оқу Сауаттылық 100 нұсқа

 
56-НҰСҚА
Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі 
алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас 
шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін, 
айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол 
музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді 
мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын. 
Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе 
соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей 
көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын 
білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи 
сағыныш еді бұл. 
1. Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған. 
A)аспап туралы 
B)би туралы 
C)қыздар туралы 
D)кітап туралы 
E)ән туралы 
2. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз. 
A)Туған жердей жер болмас. 
B)Жамандық қөрмей жақсы болмас. 
C)Мың асауға бір тосу. 
D)Көшерін жел, қонарын сай біледі. 
E)Ерді ел теңгерер. 
Гүл ‒ жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс. Гүлдердің ешкімге зияны 
жоқ, керісінше, айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл күй 
сыйлап, адам жанын жадыратып жіберетін қасиетке ие. 
Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркемсөз өнері дамымаған, хат жазу 
дәстүрі кең тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін 
болған деседі. Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр сақталып келеді. 
Гүлдердің сырына үңіліп көрейік. 
Мысалы, қызғалдақ ‒ дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі. 
Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың 
отаны ‒ Қазақстан! 
Сакура ‒ Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі 
адамның сана-сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді. 
Раушан гүлінің отаны ‒ Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. 
Өз тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   515




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет