Оқу сауаттылығЫ



бет151/203
Дата26.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#105701
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   203
Байланысты:
Оқу сауаттылығы 100 вариант

Жанерке. Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен, фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар.

Гүлмайра. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да: «Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ» – деп ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын шығармын!

P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтсе де рецензия жазуға деген шабытым қазір ғана ашылды. Шындығында бұған бүгін желіге шыққан Арман Дүйсеновтің «Сен жайлы» туындысы әсер етті.

7. Берілген мәтіндер не туралы?

A)Отандық киноиндустриясының бүгінгі жағдайы туралы

B)«Абайлаңыз, сиыр» фильміне берілген баға

C)«Қазақфильм» киностудиясының жетістігі туралы

D)«Абайлаңыз, сиыр» тұсаукесерінің сәтті өтуі туралы

E)Баян Есентаеваның жетістігі туралы

8. Үшінші пікірден Гүлмайраны қалай сипаттауға болады?

A)Гүлмайра «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін мүлде көрген жоқ.

B)Гүлмайраның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне көңілі толды.

C)Гүлмайра – отандық киноның жанашыры.

D)Гүлмайра – қазақстандық фильмдер туралы бейхабар.

E)Гүлмайра – кино майталманы.

9. Қазақ киноиндустриясының қандай жағдайы туралы сөз қозғалды?

A)Салаға бөлінетін қаржының дұрыс игерілмейтіні

B)Кино саласының қажетті деңгейде дамып келе жатқанын

C)Киноның сапасынан гөрі желілердегі жарнамаға көп көңіл бөлу

D)Отандық кинолардың шетелдік туындылардан кем еместігі

E)Қазіргі қазақ фильмдерінің өзекті мәселелерді көтергені

10. Қандай жауап Жанеркенің берген бағасымен сәйкес келеді?

1.                Баян Есентаеваның бұл картинасының сәтті шыққаны – сөзсіз.

2.                Фильмге түскен актерлер өз кейіпкерлерінің образын аша алды.

3.                «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі тіл мәселесін көтерді.

A)Бірінші мен үшінші

B)Тек үшінші

C)Тек бірінші

D)Барлығы теріс

E)Барлығы дұрыс

11. Нұрланның пікірінен «Абайлаңыз, сиыр!» фильмі туралы  нені білуге болады?

A)Фильмге жиналған қауымның риза болғанын

B)Фильмінің өте сәтті көрсетілім болғанын

C)Фильмінің көрерменнің көңілінен шыққанын

 D)Фильм жарнамасынан да мықты болғанын

E)Фильм көп көрермен жинай алғанын

12. Отандық фильмдердің сапасына түсінушілікпен қараған көрермен

 A)Нұрлан мен Гүлмайра

B)Гүлмайра

C)Жанерке

D)Нұрлан мен Жанерке

E)Нұрлан


Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты.  

Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және  құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті.

– Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих.

Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің азаматтары ұсталған болатын.

– Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-Баварди.

Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет.

13. Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді?

A)Құстардың ортаға бейімделуі үшін

B)Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін

C)Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін

D)Құстардың бостандықта таралуы үшін

E)Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін

14. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз

1.Қаржылық көмек

2.Мемлекеттік қолдау

3.Жоба жетекшісінің көзқарасы

4.Еркіндікке босату

5.Экологиялық жоба

A)3.1.5.4.2.

B)5.4.2.3.1.

C)5.3.1.2.4.

D)2.4.1.3.5.

E)1.4.5.2.3.

15. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай азатжолда бейнеленген?

A)5

B)1


C)4

D)3


E)2

16. Соңғы азатжолдың төртінші азатжолға қатысы қандай?

A)Ойды баяндайды

B)Ойды суреттейді

C)Ойды дамытады

D)Ойды сипаттайды

E)Ойды қорытындылайды

17. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

A)Құстардың арнайы емделу орталықтары бар

B)Аңшылықпен тек қазақ халқы айналысады

C)Жоба қаражат тартуды көздеді

D)Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты

E)Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз

18. Мәтін не туралы?

A)Ителгілердің өмірі

B)Сұңқарлар өмірі

C)Құстарды қорғау

D)Аңшылық

E)Саятшылық

19. Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған?

A)Көгершінмен салыстыру үшін

B)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін

C)Оларды жарыстыру үшін

D)Сұңқарға көмектесу үшін

E)Машығын еске түсіру үшін

20. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай мақсатта берілген?

A)Экологиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы мәлімет беру

B)Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау

C)Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу

D)Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу

E)Құстарды еркіндікке жіберу туралы мәлімет беру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет