Мәнерлеп оқуда басты 3 міндет орындалады: 1. Оқушылар шығарманың мазмұнын түсінеді.
2. Шығармадағы кейіпкерлер қайта жасалады.
3. Шығармадағы көңіл-күй көтеріледі.
Мәнерлі оқуда дауыстың маңызы зор. Дауыс сөйлеу мүшелері мен ауаның бір-біріне соқтығысуымен жасалады. Соның ішінде дауыстың ажыратылуы дауыс шымылдырығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдырығында пайда болған үн қуыс мүшелері арқылы өткенде әр түрлі реңге ие болады.
Әр адамның өз дауысы болады, өйткені әр адамның өзінше анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері бар.
Дауыстың өзіндік сапасы болады, олар: дауыс күші, қарқыны, тембр. Сөйлеу, не оқу кезінде дауыс күші бірде жоғары, бірде төмен болады. Мысалы: «Құмырсқа мен қара қоңыз бір сыныпта оқып жүр. Кұмырсқа күн сайын бес алып, қоңыздың күнделігі екіге тола берді.» - деген сөйлемдерде көтеріңкі дауыспен оқылатын сөздер - бір сыныпта, күн сайын, екіге, ал жай, төмендеп оқылатын сөздер – оқып жүрді, алып, тола берді, артынша бір қалыпта оқылатын сөздер – құмырсқа мен қара қоңыз, құмырсқа бес, қоңыздың күнделігі. Осы сөздерді оқудағы дауыс қарқыны /темпі/ орташа болып келеді. Бұл сөйлемдерді тез оқуға болмайды.Ал дауыстың тембрі /құбылуы/ тыңдаушыға әсер ететіндей болуы керек. Шығарманың мазмұнын дұрыс түсінгенде ғана құбылта оқу іске асады.
Мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы – интонацияның орны бөлек.Интонация дегеніміз – сөйлеу сазы.Ол сөйлеудің ритмі мен үнін,дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді.Интонация мына элементтерден тұрады.Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні – фразалық екпін,ал ой екпіні – логикалық екпін. Сонымен, көркем сөз оқушы адамның шығармадағы кейіпкерлердің көңіл-күйі, ішкі сезімін, жан-дүниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс сазы арқылы жеткізуін интонация дейміз. Интнация дұрыс болу үшін оның элементтерін дұрыс, бір-бірімен ұштастыра пайдалануымыз керек.
Олар: дауыс күші, тембрі, екпін, пауза түрлері, сөйлеу /мелодия/ нормативтік дауыс ырғағы.
Интонацияны сақтауда кідірістерді дұрыс пайдаланудың маңызы зор.
/пауза/ логикалық,